Морфология
Сөз тіркесі деп толық мағыналы екі я бірнеше сөздің бір-біріне тұлғалық әрі мағыналық жағынан бағына байланысуын атаймыз.
Мұнда әрбір сөз өзін керек қылған, қажет етіп тұрған сөзбен ғана байланысқан. Сөздердің мағыналық байланысын сұрау қою арқылы табамыз.
Сөздер өзара тіркескенде, бір-бірімен әр түрлі тәсілдер арқылы байланысады:
Сөз тіркесіндегі сөздердің қосымшалар арқылы байланысуы синтетикалық байланыс, орын тәртібі, интонация, шылаулар арқылы байланысуы аналитикалық байланыс болады.
Қазақ тілінде сөздердің байланысы бес түрге бөлінеді: олар - қиысу, меңгеру, матасу, қабысу және жанасу.
Қиысу деп сөзбен сөздің жіктік жалғаулары арқылы және жіктелу ретімен байланысқан түрін айтамыз.
|
|
Бірінші мысалдағы 3-жақтың арнаулы жіктік жалғауы жоқ, сөздер тек жіктелу ретімен байланысқан, сонымен қатар олардың арасында кідіріс болады, жазуда сызықша қоямыз.
Меңгеру деп сөздің ілік септігінен басқа септік жалғаулары арқылы байланысуын атаймыз.
Матасу - сөздердің ілік септігі мен тәуелдік жалғаулары арқылы байланысуын матаса байланысу тәсілі
Қабысу - сөздердің бір-бірімен ешбір жалғаусыз, шылаусыз, тек іргелес тұру арқылы байланысу түрі.
Жанасу деп алдыңғы сөздің соңғы сөзбен шылаулар арқылы немесе ешбір жалғаусыз, түбір тұлғаларында тұрып, орын жағынан бірде іргелес, бірде алшақ байланысуы аталады.
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Сөз тіркесі, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.