Сөйлем

Морфология

Сөйлем - біршама аяқталған ойды білдіретін сөздер, сөздер тобы.

Тиянақталған ойды ауызша да, жазбаша да білдіруге болады. Ауызекі сөйлеуде сөйлем мен сөйлемнің арасында кідіріс (пауза) болады. Жазуда бір сөйлем екінші сөйлемнен нүкте, сұрау және леп белгілерінің бірімен айырылады.

Сөйлемдер айтылу мақсатына және дауыс ырғағына қарай хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты болып төртке бөлінеді.

Хабарлы сөйлем

ХАБАРЛЫ СӨЙЛЕМ — сөйлемнің бір түрі. Хабарды, ақпаратты баяндау мақсатында айтылады.

Хабарлы сөйлемнің негізгі грамматикалық белгілері:

  1. Баяндауыштары негізінен ашық рай формалы етістіктен (немесе осы формаға сипаттас жұмсалатын есімдерден) жасалады;
  2. Өзіне тән интонациясы болады. Хабарлы сөйлемдер баяу әуенмен айтылады. Жалаң сөйлемдер бірте-бірте қайырылса, жайылма сөйлемдерде дауыс сөйлемнің соңында бәсеңдей түседі. Мысалы, Түн жым-жырт. Жел де жоқ. Бірақ сәл ғана білінген салқын бар. сөйлесінің мазмұны әр түрлі болғандықтан, олардың мазмұны сөйлемге қатысқан сөздердің, мүшелердің, әсіресе, баяндауыштардың мағыналық, тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты болып келеді. Хабарлы сөйлем баяндауыштарының тұлғалық ерекшеліктеріне қарай болымды (Жаңбыр жауды), болымсыз (Жаңбыр жаумайды), қалаулы (Енді қырманға барайықшы), болжамды (Маржан ертең келетін шығар), ал баяндауыштарының қай сөз табынан жасалуына қарай етістікті (Үйдің іші жылынды), есімді (Күн жылы. Аспан ашық) болып бөлінеді. Хабарлы сөйлем екі негізді және бір негізді құрамда болады. Құрамында екі негізгі мүше бастауыш пен баяндауыш болып, сөйлем оларды тірек етіп құрылған болса, екі негізді болып келеді. Мысалы, Енді, міне, үш бала қатар келе жатырмыз. (С.М.) Бір негізді сөйлемдер грамматикалық сипаты жағынан екі түрлі:
  3. Арнаулы құрылысы бар баяндауыш мүшені тірек етіп құрылады. Мысалы, Оны бұзуға болмайды;
  4. Бастауыш, баяндауыш деп тануға келмейтін, тірек мүше деп аталатын компонентті негіз етіп құрылады. Мысалы, Мидай дала. Жарқыраған ай.

Хабарлы сөйлем деп біреу я бірдеме туралы хабарлай айтылған сөйлемді атаймыз.

Хабарлы сөйлемді айтқанда, оның аяғында дауыс бәсеңдейді. Жазуда хабарлы сөйлем соңына нүкте қойылады.

Хабарлы сөйлем айтушының шындық туралы баяндауын, пікір алысуын тікелей білдіру үшін жұмсалады. Мысалы: «Мынау – ағаш» дегенде, айтушы басқа адамға белгілі бір зат жайында өзінің түсінік-мәліметін білдіреді. Ондай ойдың логикалық формасы – пайымдау болады, өйткені негізгі сөйлем мазмұны болымды, болымсыз бір іс-сапа ретінде, айтушының интеллектуальдык көзқарасын (логикалық тұжырымдау) бойынша беріледі.

Хабарлы сөйлем айтушының зат, құбылыс туралы қандай да болмасын баяндауын, болымды, болымсыз іс-әрекетін, сапа жайында түрлі мәліметін, белгілі бір қатынасын тікелей білдіреді. Хабарлы сөйлемдер ереже-анықтама, тақырып, суреттеме, жауап ретінде де айтылады.

Сөйлеуде хабарлы сөйлем мағыналық-құрылымдық дербестігіне қарай дауыс кідірісі (пауза) арқылы ажыратылады. Әр хабарлы сөйлем бірсыдырғы баяу интонациямен айтылады. Бұл, жалпы алғанда, сөйлемнің алдыңғы шенінде жай басталып, бірте-бірте жоғарылай түседі де, соңғы шенінде бәсеңдей барып тынады .

Сұраулы сөйлем

Сұраулы сөйлем деп біреу я бірдеме жайында білу мақсатымен сұрай айтылған сөйлемді атаймыз.

Сұраулы сөйлем соңына сұрау белгісі қойылады.

Сұраулы сөйлемнің жасалуы

Сұраулы сөйлемнің жасалуы:

  1. сұраулы сөйлемдер сұрау есімдігі қатысуы арқылы айтылады;
  2. сұраулық мағына ма (ме), ба (бе), па (пе) және ше деген сұраулық шылаулардың қатысуы арқылы да білдіріледі;
  3. сұраулық мағына кейде ғой, -ау шылаулары мен болар, шығар, қайтеді деген көмекші сөздердің және ә деген одағайдың қатысуы арқылы беріледі;
  4. сұраулық мағына сұрау дауыс ырғағының өзі арқылы да беріледі.

Сұраулы сөйлемдер негізгі сұрақты, жетек сұрақты, анықтауыш сұрақты білдіреді

Сұраулы сөйлемнің түрлері

Сұраулы сөйлемдерде қойылатын сұрақтардың мазмұны әр түрлі болатындыған айтып, олардың негізгілерін атап көрсетеді: 1. Ашық сұрақ. Біреудің ойын немесе біреудің я бірдеңенің жайын, бар-жоқтығын білу мақсатымен айтылған сұраулы сөйлемдерде сұрау ашық қойылады: – Атың кім – деді ересек бала. – Қайырғали... Өзінің атың кім? – Шеген... (Ғ.Мүсірепов). 2. Қарсы сұрақ. Бірқатар сұраулы сөйлемдерге ашық жауап берілей, сұраққа сұрақ түрінде де жауап беріледі де, қарсы сұрақ қойылады. Богданов: Олай болса,сонша малға жерді қайдан таппақсың? Жанар: Жеріміз енді көбейгелі тұрған жоқ па? (Ә.Әбішев). 3. Күмәнді сұрақ. Бірқатар сұраулы сөйлемдер бірдеңенің жайын білуді ғана көздеп айтылмай,айтушының бірдеңеге күмәнданғанын да білдіреді: Ондай әрі сұраулы, әрі күмәнді сөйлемдердің баяндауыштарының құрамында ма, ме.. екен, екен-ау және ә деген сөздер болады. – Сол жаққа мен де барсам ба екен? – Мына мың болғыр бой бермей кетер ме екен? (Ғ.Сланов). 4.Таңырқаулы сұрақ. Баяндауышының құрылысы күмәнді сұрақ формаларында немесе деймісің деген сөзбен келетін сұраулы сөйлемдер кейде бірдеңеге таңдану,таңырқау мағынасында да айтылады. Ондай сөйлемдер әрі сұраулы, әрі лепті болатындықтан, жазуда олардан соң сұрақ белгісі мен леп белгісі қатар қойылады: – Сізде де арман бар ма екен?! (Ә.Әбішев). – Арық адамның көзі өткір болады екен-ау?! (Ғ.Мүсірепов). Жоғары сұраулы сөйлемдердің ішінде кісінің көңіл күйін білдіретін одағай сөздер болса, сұраулы сөйлемдердің мазмұнына басқа эмоциялық реңк қосыла береді. Апырай, біздің таласымыз не болды екен?!(Ә.Әбішев). 5. Риторикалық сұрақ. Кейбір сұраулы сөйлемдер жауап күту мақсатымен айтылмай, бірдеңінің жайын хабарлау мақсатымен де айтылады. Ондай сөйлемдерде риторикалық (риторика гректің rhilos – шешен – деген сөзінен алынған) мән болады. Риторикалық сұраулы сөйлемдер көркем әдебиетте жиі қолданылады. 1. Күнде жақсы бола ма, Бір қылығы жаққанға? Оқалы тон тола ма? Ар-ұятты сатқанға? Ойласаңшы, Мағышым, Кімнің гүлі солмайды? (Абай). 2. Халық ұстазынан айрылса, не таппақ? Ел не ел? Жақсысымен ел. Басшысымен болмаған елде елдік бар ма? (М.Әуезов) .

Лепті сөйлем

Лепті сөйлем деп ерекше көңіл күйіне, сезімге байланысты (қуану, ренжу, таңдану, аяу, бұйыру және т. б.) айтылған ойды білдіретін сөйлемді дейміз.

Лепті сөйлем ішіндегі сөздер түгелімен (әсіресе баяндауышы) көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлем соңынан леп белгісі қойылады.

Лепті сөйлем

Сөйлеу процесінде, қатынас жасау жағдайында адамның ойы, еркі беріліп қана қоймайды, көңіл күйі, сезімі де айқындалып отырады. Адам ойымен, еркімен байланысты, тілдік тәсілдер арқылы сезімін білдіргенде де басқа адамдардың ақыл-ойына, ерік-тілегіне, сезіміне ықпал жасау көзделенеді. Демек, адамның жалпы шындық тануы процесінде маңызды бір фактор оның эмоциясы болып табылады.

Адамның сезімі, көңіл күйі сөйлеуде ой мазмұнына деген эмоциялық қатынасы тұрғысынан беріледі.

- Қасымдікі қате.

- Жоқ, ол қате!

Алдыңғы сөйлем ақиқат бір айтушы баяндауын (мәлімет, бағасын) білдіреді. Екінші сөйлемде айтушының ілгерідегідей мәлімет-бағасы белгілі бір эмоциялық қатынасы тұрғысынан ұласып беріледі. Сондықтан бұл әрі хабар мәнді, әрі экспрессивтік-эмоциялық мәнді (хабар-лепті) сөйлем болады.

Мұндай эмоциялық мағынада хабарлы сөйлем ғана емес, сұраулы, бұйрықты сөйлемдер де айтыла беріледі. Демек, сөйлеу жағдайына қарай мақсат-мәнді сөйлем типтері бірде тіке мазмұнында жұмсалса, бірде сезім, эмоцияны үстемелей білдіріп те жұмсалады. Лепті сөйлемде мақсат мәнді тип емес деу осымен байланысты.

Мақсат-мәнді сөйлемдердің эмоциялық мағынада қолданылуы интонацияның құбылып айтылуына негізделеді, соған орай сөйлемдер лепті делінеді. Бұл лепті сөйлемдердің хабар, сұрау, бұйрық білдіретіні – негізгі қызметі де, эмоциялық экспрессивті мағына білдіретіні - қосымша қызметі болмақ. Лепті сөйлемдер тек интонация арқылы емес, басқа да синтаксистік, лексика-грамматикалық тәсілдер арқылы құрылады. Сонымен, шындық құбылысы туралы, белгілі бір субъект жайында айтушының эмоциялық қатынасын, сезімін, көңіл күйін үстемелей не арнайы білдіретін сөйлемдерді лепті сөйлем дейміз.

Лепті сөйлемдердің жасалуы жағынан түрлері

Лепті сөйлемдер жасалу амал-жүйесі жағынан:

1) Айрықша лептік интонациялы сөйлемдер;

2) Айрықша тұлға-құрамды сөйлемдер болып екі топқа бөлінеді.

1) Лепті сөйлемдер айрықша интонация арқылы құрылғанда, айтушының хабар, сұрау, бұйрық түріндегі баяндауына үстемелей белгілі бір эмоциялық қатынасын, көңіл-күйін білдіреді. Ондай лепті сөйлемдерде эмоциялық айтушы қатынасы түрлі мағыналық реңкте беріліп отырады (қуану, құптау, сүйсіну, кекету, назалану, өкіну, таңдану, мұңаю). Әдетте, ондай сөйлемдердің мағынасын сөйлеу жағдаятына, мәнмәтінге, автор сөздеріне қарай ажыратуға болады.

2) Айрықша тұлға-құрамды лепті сөйлемдердің бір тобы эмоциялық мағынаны қосымша берсе, енді бір тобы таза эмоциялық қатынасты ғана білдіреді.

  1. Шартты рай тұлғасы арқылы. Ботагөз екеуміз ән шырқасақ!
  2. -шы/-ші қосымшасы шартты райға үстемелену арқылы: Осындай жігіт болсайшы!
  3. Демеуліктер мен модаль сөздері арқылы (ғой, ау, да, ай, ма, еді).
  4. Арнаулы есім, етістік сөздер арқылы (керемет, тамаша, ғажап). Қандай, қалай, қанша, қандай сұрау есімдіктері, міне сілтеу есімдігі, не деген тіркесі, баяндауыш құрамында қара, көр, айт, байқа етістіктері ауыспалы мағынада жұмсалады (Қандай ғажап көрініс!)
  5. Атаулы сөйлем ретінде (эмоциялық, Өрт!).
  6. Әдет-ғұрыпқа байланысты айтылатын лепті сөйлемдер (Кеш жарық! Құтты болсын!).
  7. Арнаулы қаратпа, қыстырма сөздердің мақсат мәнді сөйлемдерде жұмсалуы арқылы (Бұл, әрине дұрыс!).
  8. Көңіл-күй одағайлары арқылы (Алақай!) .

Әдебиет

Сөйлем

Морфология

Сөйлем – тілдің грамматикалық заңдылығы негізінде қалыптасқан синтаксистік бірлік, адамдардың қарым-қатынас жасауы үшін жұмсалатын тілдік категория. Сөйлем сөзден, сөз тіркесінен өзіндік коммуникативтік қасиетімен ерекшеленеді. Сөздер мен сөз тіркестері сөйлем құраудың материалы, оның құрамдас бөлшегі болып табылады. Сөйлем предикаттық қатынасты, модальдылықты, біршама аяқталған ойды білдіреді және оның айтылу интонациясы болады. Предикативтілік сөйлемнің барлығына тән, ал модальдылық әр сөйлемде түрліше көрініс табады, айтушының қатынасын білдіреді. Модальдылық лексикалық және грамматикалық тәсілдер арқылы жүзеге асады, объективті және субъективті болып бөлінеді. Ал интонация сөйлем мүшелеріне қатысты көрініс тауып, ішкі элементтерге сай құбылып отырады. Сөйлемнің мағыналық, құрылымдық ерекшелігін білдіреді. Интонацияның құбылуына сөздердің орын тәртібі, демеуліктер, модаль сөздер, одағайлар, қыстырмалар, қаратпалар, т.б. себеп болады. Жақ категориясы да сөйллемнің негізгі арқауы саналады. Сөйлемнің құрамы, құрылысы, мағынасы әр түрлі келеді.

Синтаксистің нысаны ретінде сөйлем мен сөз тіркесі өзіндік белгілерімен ерекшеленсе де, кей жағдайда бастауыш пен баяндауыштың сандық, жақтық жағынан қиыса байланысуы оларға тән ортақ белгілерді танытады.

  • Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті; құрылысына қарай жай және құрмалас;
  • Баяндаудың шындыққа қатысы жағынан болымды және болымсыз;
  • Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің қатысына қарай жалаң және жайылма;
  • Баяндауыштарының қай сөз табына қатысты келуіне орай есімді және етістікті;
  • Бастауыштарының қатысына қарай жақты және жақсыз;
  • Субъект мәнінің ерекшелігі жағынан белгісіз жақты, жалпылама жақты;
  • Сондай-ақ сөйлем мүшелеріне жіктелмейтіндігі тұрғысынан атаулы болып бөлінеді. Бұл сияқты сөйлемдердің түрлері көп тілге ортақ болғанымен, олардың өздеріне тән синтаксистік ерекшеліктері бар.

Дереккөздер


Tags:

Сөйлем Хабарлы сөйлемСөйлем Сұраулы сөйлемСөйлем Лепті сөйлемСөйлем Лепті сөйлемСөйлем ӘдебиетСөйлем СөйлемМорфология (лингвистика)

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қазақтың салт-дәстүрлері (тізім)Етістіктің шақ категориясы — іс-әрекетТабиғатАсық ойыныКөшбасшылықГенетика терминдерінің тізіміЖайылма сөйлемЖұрнақАрыстан баб кесенесіАбай жолы (роман)Күнделік.кзИсламЖүктілік кезіндегі гестоз ауруыКөзСарыарқа (Солтүстік Қазақ жазығы)Кребс цикліАдамаралық қарым-қатынасАустралияАс қорыту жолдарынан қан кетуҚазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніГипертониялық кризАзотОтан сатқындары әйелдерінің Ақмола лагеріҚырғи қабақ соғысыМоральАурухана ішілік инфекцияАсық ойындарыМұстафа ШоқайАлаш автономиясыГидросфераЖоңғар шапқыншылығыЕсімдікМахмұд ҚашқариҚалқаман - Мамыр дастаныЖүрек-қан тамырлар ауруларының алдын алуМерезСабақтас құрмалас сөйлемАтаулы сөйлемДиалектҚант диабетіАсқазан ауруларыҒаламшарТрансформаторӘбу Насыр Әл-ФарабиПітір садақаҚабынуТыныс алу жүйесіДефектологияСпорттық құрылыстарӨтСөйлемТолықтауышБаланы қырқынан шығаруЕуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымыЭлектр тізбегіЖылқы (қазақ дәстүрі)Туыстық атауларыMicrosoft Office WordЖасанды интеллектАҚШ президенттерінің тізіміОрганикалық затӘлімұлыТұқым қуалайтын ауруларЕкінті намазыСебеп-салдар салалас құрмалас сөйлемКөптік жалғауАбортТранспирацияУнитарлы мемлекетҚұлақОрталық жүйке жүйесіРеформацияСыбайлас жемқорлықАдам атаҚартаюЕліктеу сөзЕркіндікҚазақстан қалалары🡆 More