Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз.
Жұрнақ – жалғанған сөзінен жаңа сөз тудыратын немесе сөзді түрлендіретін қосымша. Қазақ тіліндегі жұрнақ мағынасы мен қызметіне қарай екіге бөлінеді:
Түбірге тете сөз тудыратын жұрнақтар, одан кейін сөз түрлендіретін жұрнақтар, бұлардан соң жалғаулар орналасады. Жұрнақтар түбірге де, туынды сөзге де жалғанады (“бас-шы”, “басшы-лық”, “ұйы-м”, “ұйым-дас-тыр-у-шы”). Жұрнақ құрамы мен қолданылу ерекшеліктеріне қарай да бірнеше топқа жіктеледі. Мысалы, жалаң, құранды, көп мағыналы, дара мағыналы, омонимдес, синонимдес, көне, жаңа, т.б. жұрнақтар. Шығу тарихы жағынан кейбір жұрнақтар жеке сөздердің көмекші морфемаға айналуынан пайда болған. Мысалы, “баратын”, “келетін” деген сөздердің құрамындағы “-тын/-тін” жұрнағы “тұрған” деген сөздің өзгеріске ұшырап, ықшамдалуынан (“бара тұрған – баратын, “келе тұрған – келетін”) жасалған. Жұрнақтардың бір тобы өзі жалғанған сөздердің мағынасын, түбірдің грамматикалық сипатын өзгертуі жағынан сөзжасам қосымшаларына жақын да, бір тобы жалғауларға жақын. Сондықтан олардың бір түрі модификациялық жұрнақтар, екінші түрі таза грамматикалық жұрнақтар деп қарастырылып жүр. Модификациялық жұрнақ жаңа мағыналы сөз тудырмағанмен, түбірге қосымша грамматикалық мағына үстеумен бірге түбір сөздің лексикалық мағынасына семантикалық реңк қосады. Қазақ тілінде модификациялық жұрнақтарға зат есімнің реңдік мәнді жұрнақтары, сын есімнің шырай жұрнақтары, реттік сан есім жұрнақтары, етістіктің етіс, күшейтпелі етістік, болымсыз етістік жұрнақтары жатады. Ал грамматикалық немесе категориялық жұрнақтар өзі жалғанған түбірге таза грамматикалық мағына үстеп, белгілі бір сөз табындағы түрленуінің көрсеткіші болады. Мысалы, есімше, көсемше, рай, шақ тұлғалары етістіктің түрлену көрсеткіштері болып табылады.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Жұрнақ, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.