Асқазан-ішектік профузды қан кету деп – гиповолемияға алып келетін кем дегенде бір литр немесе кез келген жедел қан кетуді айтамыз.
Профузды қан кетудің айқын белгілеріне жатады:
1. Қан құсу
2. Қан аралас нәжіс.
Қан құсу (гематомезис) – құсық массаларымен өзгерген (қою көфе тәрізді) немесе өзгермеген қанның шығуы. Асқазаннан, өңештен, ұлтбардан қан кеткенде байқалады. Мелена – нәжіспен өзгерген қанның шығуы. Ұлтабардан және асқазаннан көлемі 500мл және одан көп профузды қан кеткенде байқалады.
Кейбр жағдайларда бұл симптомдар қан құсу мен меленаның алдында болуы мүмкін немесе клиникалық көрінісінің алдыңғы бетінде көрінуі мүмкін.
Алғашқы сағаттарында АҚҚ төмендеуіне, тахикардия айқындылығына, АҚК дефицитіне байланысты бағалауға болады. Гемодилюциямен байланысты гемоглобиннің төмендеуі қан кетудің басталуынан бірнеше сағат өткен соң ғана байқалатынын білген жөн. АҚК-ң дефицитін бағалауда Алговердің ШИ болысады (пулстің қанның систоликалық қысымына қатынасы). Қан жоғалту көлеміне және АҚК-ң дефицитіне байланысты ас қрыту жолдарынан жедел қан кетудің үш ауырлық дәрежесін ажыратады.
Ауырлық дәрежесін бағалау:
I дәрежесі – жалпы жағдайы қанағаттанарлық; шамалы тахикардия; АҚҚ өзгермеген; Нb > 100 г/л; АҚК-ң дефициті нормадағыдан >5% көп.
II дәрежесі - жалпы жағдайы орташа ауырлықты, әлсіздік, бас айналу, талмалық жағдай, тері жабындарының бозғылттығы, айқын тахикардия; АҚҚ 90 мм сын.бағ.төмендеген; Нb - 80 г/л; АҚК-ң дефициті нормадағыдан 15% құрайды.
III дәрежесі - жалпы жағдайы ауыр, тері жабындары бозғылт, суық жабысқақ тер; науқас есінеп, су ішуге сұрайды (шөлдеу); пульсі жиі, жіп тәрізді, АҚҚ 60 мм сын.бағ.төмендеген; Нb - 50 г/л; АҚК-ң дефициті нормадағыдан 30 % құрайды.
IV дәрежесі - жалпы жағдайы өте ауыр, агоналдымен шектесуде, есін ұзақ уақыт жоғалтутері жабындары бозғылт, суық жабысқақ тер; науқас есінеп, су ішуге сұрайды (шөлдеу); пульсі жиі, жіп тәрізді, АҚҚ 60 мм сын.бағ.төмендеген; Нb - 50 г/л; АҚК-ң дефициті нормадағыдан >30 % құрайды.
II-IV дәрежелі қан жоғалтуы бар науқастарға диагностикалық және емдік маниауляциялар алдында инфузиялық терапия жасалуы керек.
Ең алғаш қан кету ас қорыту жолдарының жоғарғы немесе төменгі бөлігінен болып жатқанын анықтау керек. Қан құсу (hemotemesis) жоғарғы бөліктен (трейц байламынан жоғары) қан кеткенін дәлелдейді. Құсу ал-қызыл қанмен, қою қоңырқай “кофе тәрізді” қан ұйындыларымен болуы мүмкін. Қызыл қан асқазаннан немесе өңеш веналарынан кеткен қанды дәлелдейді. Өкпеден қан кетуден ажырату керек. (ал-қызыл, көпіршікті, ұйымайды, жөтелгенде шығады.) Мелена жоғарғы жақтан қан кетуді дәлелдейді. Бірақ жіңішке ішек пен тоқ ішектен келесі шарттарда қан кеткенде де мелена болуы мүмкін: нәжісті қарайту үшін жеткілікті қан көлемі; өте қатты емес қан кету; ішек перистальтикасының ілсіздігі. Гематохезия қанның төменгі бөлімдерден кетіп жатқанын дәлелдейді.
Шунттаушы операциялар (портокавалды, спленореналды, мезокавалды шунтар және т.б. Анастомоздар)
АҚК-ң жетіспеушілігі 10%-дан көп болмағанда қан мен қан алмастырушы сұйықтықтарды құю қажет емес. Әсерлі асқазан-ішектік жедел қан кетуі бар науқастар, әсіресе тұрақсыз жағдайдағылар интенсивті терапия немесе реанимация бөліміне жатқызылуы керек. Орталық веналардың біреуін катетеризациялау қажет. Инфузиялық ем үнемі жүрек қызметін, АҚҚ, бүйрек қызметін (зәр мөлшері) және қосымша оксигенациясын бақылау үстінде жүргізіледі. Орталық гемодинамиканы қалпына келтіру үшін физ., Рингер, базис ер-р қолданады. Коллойдты қан алмастырушы ретінде орташа молекулярлы полиглюкин қолдануға болады. Микроциркуляцияны қалыптастыру үшін ұсақ молекулярлы коллойдты ер-р (реополиглюкин, гемодез, желатиноль) қолданылады. Қанды оксигенация (эр масса) мен ұйығыштықты (плазма, тромбоциттер) жақсарту үшін құяды. Тура қан құю гемостатикалық мақсатта жүргізіледі. Егер циррозға байланысты қан ұйығыштығы бұзылған болса СЗП мен тромбоцитарлы масса құйған дұрыс. Науқас инфузиялық емді жағдайы түзелгенше қабылдау керек. Егер қан кету жалғасып жатса немесе қайта басталса инфузиялық емді толық тоқтағанша және гемодинамика параметрлері тұрақтанғанша жүргізеді.
1. Ивашкин В.Т., Шептулин А.А., Баранская Е.К. и др. Рекомендации по диагностике и лечению язвенной болезни (пособие для врачей). - М.: 2004.
2. Сапин М.Р., Билич Г.Л. Анатомия человека: учебник в 3 т. - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008. - Том 2. - 496 с.: ил. ISBN 978-5-9704-0602-1 (т.2)
3. В.В. Кованова “Оперативная хирургия и топографическая анатомия”.Москва “Медицина”, 1985
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Ас қорыту жолдарынан қан кету, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.