Кемпірқосақ

Кемпірқосақ — аспан күмбезінде түрлі түсті доға түрінде көрінетін атмосферадағы оптикалық құбылыс.

Ол аспанның бір жағында торлаған бұлттан жаңбыр жауып, қарсы жағында жарқырап күн шығып тұрған кезде көрінеді. Кемпірқосақ тікелей түскен күн сәулесінің жаңбыр тамшыларынан өткенде сынып, құрамдас бөліктерге (қызыл, сарғылт, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін) бөлінуінің және тамшы бетінен шағылған толқын ұзындығы әр түрлі сәулелердің дифракциялануы мен интерференциялануы нәтижесінде пайда болады. Кемпірқосақтың айқындығы жаңбыр тамшыларының үлкен-кішілігіне байланысты өзгеріп отырады. Тамшы үлкен болса кемпірқосақ айқын, жарық болып көрінеді. Кейде алғашқы кемпірқосақпен бірге екінші кемпірқосақ қабаттаса көрінеді, оны қос кемпірқосақ деп атайды. Қос кемпірқосақ күн сәулесінің су тамшысына белгілі бұрыш жасай, екі рет шағылысуынан түзіледі. Сонымен бірге ай сәулесінен пайда болатын кемпірқосақты ай кемпірқосағы деп атайды.

Кемпірқосақ
Кемпірқосақ
Қызыл алаңның үстіндегі қос кемпірқосақ
Кемпірқосақ
Гродно қаласының үстіндегі кемпірқосақ, Беларусь

«Кемпірқосақ» сөзі «Кем бір қосақ» сөз тіркесінен шыққан. Жеті түсті доғадан құралғандықтан, доғаларды үш қосқа және бір дара (қосақсыз) доғаға бөлуге болады. Соңғы қостың бір қосағы кем болғандықтан «кем бір қосақ» сөзі тұрақты сөз тіресіне айналып кеткен.

Қазақ тіліндегі ілгерінді ықпалдың нәтижесінде «б» ұяң дыбысы «м» үнді дыбысының ықпалынан «п» қатаң дыбысына айналып, «кемпірқосақ» атауы шыққан.

Дереккөздер

Tags:

ЖаңбырКүн

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Каспий теңізіЖүсіп БаласағұниТемекіҚазақстан астанасыҚазақстанның географиялық орны мен шекараларыАлгоритмИнфографикаФонетика1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысҚазақстан мемлекеттiк рәміздеріАсарБүйрекҒаламдық экологиялық проблемаларБұқаралық ақпарат құралдарыЖарапазанҚызылорда облысыЭнергияУльтракүлгін сәулеленуҚамқа тонДемократияҚанайналым жүйесіШығыс АзияАминдерРуналық жазуТәуке ханӘдет-ғұрыптарҚарлығаштарЭкологиялық жүйеКөші-қонЖүйке жасушаларыБақытсыз ЖамалТом Сойердің басынан кешкендеріРахит ауруы (мишел ауруы)КүләпараҚазақстандағы минералды ресурстарШоқан Шыңғысұлы УәлихановЖүрек-қантамырлар жүйесіӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановФенолЖылқыТұсаукесерБесеудің хатыҚазақ Кеңестік Социалистік РеспубликасыБронхитӘлем елдерінің тізіміКорея РеспубликасыАлаш партиясыОксидтерТоқтар Оңғарбайұлы ӘубәкіровӘйелдердің киім-кешегіҮндістанАфрикаНайзағайСуТұран ойпатыЖамбыл ЖабайұлыҚазақ хандығының құрылуыҚорқыт атаКиіз үйИспанияҚазақтың ұлттық ою-өрнегіЭндокриндік жүйеОм заңыАңырақай шайқасыКөлікТабиғатты пайдалану мен қорғау негіздеріДина Кенжеқызы НұрпейісоваҰлықбек Оразбайұлы ЕсдәулетСаңырауқұлақтарМаклерФилософияМөде қағанҚарағанды облысыҮтірПрозаАқтөбе облысыӨнерҚазақ хандығыНұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев🡆 More