Дина Кенжеқызы Нұрпейісова

Дина Кенжеқызы Нұрпейісова (1861, Бекетай құмы, Жаңақала ауданы, Батыс Қазақстан облысы - 31 қаңтар 1955, Алматы) – қазақтың әйгілі күйші композиторы, Қазақстанның халық әртісі.

Дина Кенжеқызы Нұрпейісова
Сурет
Туған күні

1861 (1861)

Туған жері

Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы

Қайтыс болған күні

31 қаңтар 1955 (1955-01-31)

Қайтыс болған жері

Алматы

Ұлты

Қазақ

Қызметі

Күйші, композитор

Әкесі

Кенже Шораұлы

Жұбайы

Нұрпейіс Мақатұлы

Марапаттары мен сыйлықтары

Халық әртісі

Өмірбаяны

Төлеңгіт руынан шыққан. Халық өнерпаздарының 1937 жылы өткен республикалық байқауына қатысып 75 жасында халық аспаптарын тартатын өнерпаздардың Мәскеуде өткен Бүкілодақтық бірінші байқауында, одан кейін 1944 жылы 83 жасында Орта Азияның бес республикасынан өнерпаздар қатысқан Ташкенттегі он күндікте Дина тағы да жүлделі орындарды жеңіп алады.

Дина ата-ана шаңырағында бұлаңдап өскен жас кезінің өзінде ақ Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей, Түркеш, Ұзақ, Есжан, Байжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің күйін нәшіне келтіре тартып, төңірегі «домбырашы қыз» деп атаған. Қаршадай қыздың даңқын естіп, әйгілі Құрманғазы арнайы іздеп келген. Ол Динаның домбыра тартысына сүйсініп, болашағынан үлкен үміт күтіп, батасын берген. Осыдан кейін Динадан көз жазбай, үнемі айналып соғып, додалы күй айтыстарына ертіп барып, домбыра тартудың терең сырларын үйретеді. Дина тоғыз жасынан бастап он тоғыз жасына дейін, қашан ұзатылғанша Құрманғазының баулуында болады. Құрманғазыдай дәулескер күйшінің ұстаз болуы Динаның ғана бақытты болып қойған жоқ, исі қазақтың күй өнерінің бақыты болды.

Немересі Балжан Нұрпейісованың айтуынша, Дина апамыз 18-19 жастың шамасында Мақат баласы Нұрпейіске тұрмысқа шыққан. Сол жылдары құжат аларда оның фамилиясы Нұрпейісова болып тіркеліп кеткен екен. Нұрпейіс Мақатұлы ерте қайтыс болып, олардан Жамал, Қайрат, Жұрынбай есімді ұрпақ қалған. 1885 жылы жастай жесір қалған Дина апамызды қайын інісі Нұралыға атастырады.

Шығармалары

Динаның әсем сазды аяулы күйлері осынау жар қызығын көріп, бала бақытына мейірленген жылдарда туған. Ұзатыларда әкесінің еншің деп мінгізген қарақасқа атына арнап шығарған «Қарақасқа» ат» күйі, өзі пір тұтатын күйшілері Дәулеткерей мен Түркешке еліктеп шығарған «Бұлбұл», «Жігер», «Байжұма» сияқты күйлері, ақылды да айбарлы, сұлу да сырбаз абысынан арналған «Кербез» күйі, үлкен ұлы Жұрымбай 1916 жылғы «Июнь жарлығы» бойынша әскерге шақырылғанда тартқан «Он алтыншы жыл» («Набор») күйі, қадірлес замандастарына сүйсінуден туған «Қосалқа» күйі, балдай тәтті, бауыр етіндей жақын баласы Қоңырға арнаған «Әсем қоңыр» күйі, міне, бұлар Динаның өзіндік қолтаңбасын айқын танытатын біртуар күйлер. Бұл күйлері арқылы Дина қазақ күйлерінің өрісін ұзартып, өресін биіктетумен бірге, өзі де ұлы күйшілермен терезесін теңестірді.

Дина Кеңес заманында да өзінің арман аңсарын, үміт тілегін халқының жолына бағыштап өтті. Жасының ұлғайғанына қарамастан Қазақстанның 20 жылдығына орай «Тойбастар», Отан соғысы жылдарында «Ана бұйрығы», «Жеңіс» сияқты күйлер шығарды. Рас, қоғамның репрессиялық қаталдығы туыдрған жағымсыз саясат пен желбуаз идеология Динаның бұла дарынын қақпайлап бақты. Оны төлтума арқасынан (шабытынан) айырып, әсіре ұраншылдықтың қолжаулығы етпек болды. Ол шығарған күйлерге «Еңбек ері», «Сауыншы», «Сталин», «Делегат», «Көкөніс» деп ат қойып, алаулатып жалаулатып, ресми салтанаттардың ұран күйіне айналдырды.

Соңғы күндері

Дина Кенжеқызы 1955 жылдың 31 қаңтарында 94 жасында Алматы қаласында қайтыс болды. Балжан Нұрпейісова әжесінің соңғы күндері туралы былай дейді: «Ол кісі өле-өлгенше сөзінен жаңылысқан емес. Киелі қара домбыраны бала кезінен серік етіп, құдіретті өнеге тұтқаны соншалық, көз жұмарының алдында бес-он минут бұрын өзінің төсегінің тұсында ілулі тұрған домбырасын алдырып, мәпелей сипап, аялай қағып, Құрманғазының «Қайран шешем» күйін шертті. Әлсіз саусақтары икемге келмей жатса да, күйді көкірегінде жаңғыртып жатып дүниеден озды».

Дереккөздер

Tags:

Дина Кенжеқызы Нұрпейісова ӨмірбаяныДина Кенжеқызы Нұрпейісова ШығармаларыДина Кенжеқызы Нұрпейісова Соңғы күндеріДина Кенжеқызы Нұрпейісова ДереккөздерДина Кенжеқызы Нұрпейісова1861 жыл1955 жыл31 қаңтарАлматыБатыс Қазақстан облысыЖаңақала ауданыҚазақстан

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысШығыс Қазақстан облысыДәрілік өсімдіктерАзотШеңберСалықАрыстан баб кесенесіЯдролық қаруҚазақ хандарыФерромагнетиктерӨзгергіштікҚазақстандағы референдум (2022)КітапханаҚазақстан соғыстан кейінгі кезеңдеТөтенше жағдайТемір жолҚазақстан Республикасының халықаралық қатынастары мен сыртқы саясатыҚазақстан географиясыҚасым-Жомарт Кемелұлы ТоқаевМысМоғолстанЕтістіктің шақ категориясы — іс-әрекетАрыстанАлғашқы көмекМедеуТәуекел ханИнфрақұрылымКүкіртАнемияУнитарлы мемлекетШымкентҚазақ (қырғыз) Автономиялы Социалистік Кеңес РеспубликасыБірінші дүниежүзілік соғысМайларТәуелдік жалғауТаразМәншүк Жиенғалиқызы МәметоваШоқжұлдызҚазақстанның білім беру жүйесінің тарихыЕліктеу сөзҰжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымыҚыстырма сөзБастауышАқуызНұрдәулет Бәбиханұлы АқышЖануарлар түрінің сан алуандығы. Жануарларды жіктеуАлдаркөсеТрансформаторСан есімӨнерТың игеруГермафродитизмЖеті қазынаКеңестік Социалистік Республикалар ОдағыОрталық АзияҚорқыт атаҚазақ хандығыҚазақстандық Кеңес Одағының Батырлары (тізім)ГипотезаӘлемнің жеті кереметіБритан музейіБұлшықет талшығыЕсімдікБронхитЖасушаКеңес үкіметіЖапонияҒарышҮш жүз он екінші атқыштар дивизиясыГидросфераЮрий Алексеевич ГагаринАлтын ОрдаБір жасушалыларҚазақстанның мұнай өнеркәсібі16-17 ғасырлардағы Қазақ хандығыӘлішер НауаиКемпірқосақТалғаулы салалас құрмалас сөйлемКүләш Жасынқызы Бәйсейітова🡆 More