Ұлықбек Оразбайұлы Есдәулет

Ұлықбек Оразбайұлы Есдәулет (29 сәуір 1954 жыл Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Үлкен Қаратал ауылы) — қазақстандық ақын, журналист.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының және Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының иегері, ҚР жазушылар Одағының төрағасы.

Ұлықбек Оразбайұлы Есдәулет
Туған күні

29 сәуір 1954 (1954-04-29) (69 жас)

Туған жері

Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Үлкен Қаратал ауылы

Азаматтығы

Ұлықбек Оразбайұлы Есдәулет КСРО
Ұлықбек Оразбайұлы Есдәулет Қазақ КСР
Ұлықбек Оразбайұлы Есдәулет Қазақстан

Ұлты

Қазақ

Мансабы

ақын, журналист

Шығармашылық жылдары

1974 - осы уақыт

Жанры

Поэзия

Шығармалардың тілі

қазақ және орыс тілі

Марапаттары
Құрмет ордені
Құрмет ордені
Ұлықбек Оразбайұлы Есдәулет Ұлықбек Оразбайұлы Есдәулет Ұлықбек Оразбайұлы Есдәулет Ұлықбек Оразбайұлы Есдәулет
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Сыйлықтары

Қазақстан мемлекеттік сыйлығы

Әке-шешесі

Әкесі - Есдәулетов Оразбай (1921-1998), ҰОС ардагері, еңбек ардагері, орта мектептің химик-биологы болған. Анасы - Салықбаева Роза Сейітжанқызы (1929 жылы туған), зейнеткер, филолог-тіл маманы.

Білімі

  • С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін (1977) журналист мамандығы бойынша,
  • М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы Жоғары әдеби курстардың поэзия бөлімін (Мәскеу қаласы, 1985) әдебиетші мамандығы бойынша бітірген.

Қызмет жолы

  • 1971 жылдан - Шығыс Қазақстан облыстық газетінің корректоры.
  • 1977 жылдан - республикалық «Қазақстан пионері» газетінің бөлім меңгерушісі.
  • 1979 жылдан - «Жазушы» баспасының редакторы (Алматы қаласы).
  • 1985 жылдан – Қазақ телевизиясы жастар редакциясының редакторы.
  • 1986 жылдан - «Қазақ әдебиеті» газеті редакциясы сын бөлімінің тілшісі.
  • 1988 жылдан - Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы.
  • 1991 жылдан - «Жас Қазақ» газетінің бас редакторы.
  • 1993 жылдан - ҚР Сыртқы істер министрлігінде бөлім меңгерушісі.
  • 1997 жылдан – ҚР Қоғамдық келісім, ақпарат және мәдениет министрлігінің бөлім меңгерушісі.
  • 2000 жылдан - ҚР Премьер-министрінің Кеңсесінде мәдениет секторының меңгерушісі.
  • 2002 жылдан - «Қазақ әдебиеті» газеті редакциясының бас редакторы.
  • 2008 жылдан - «Жұлдыз» әдеби журналының бас редакторы.
  • 2018 жылдың 12 наурызынан бастап Қазақстан жазушылар Одағының төрағасы.

Шығармалары

  • «Қанат қақты» (1974)
  • "Көздеріңе ғашықпын" (1974)
  • «Жұлдыз жарығы» (1977)
  • «Аптайдың алтынтамыры» (1979)
  • «Ұлыстың ұлы күні» (1982)
  • «Ақ керуен» (1985)
  • «Жаратылыс» (1989)
  • «Жүректегі жарылыстар» (1995)
  • «Алтай асулары» (1988)
  • «Заман-ай» (1999)
  • «Киіз кітап» (2001) кітаптарының;
  • «Ахиллестің өкшесі» өлеңдер жинағының (2003);
  • қазақ тіліндегі 5 томдық шығармалар жинағының (2006)
  • «Ынтық зар» (2009)
  • «Әбілхаят» (2009) авторы.
  • «Семей-Невада» қозғалысының әнұраны «Заман-ай» әні сөздерінің авторы.

Басқа тілдерде

Ақынның шығармалары шет телдеріне аударылған.

Өз аудармалары

Үнді, түрік, фин, африка, алжир, украин, әзірбайжан, қырғыз, абхаз, моңғол, саха-якут және басқа халықтардың ақындарының өлеңдерін; сондай-ақ М.Лермонтовтың, А.Александр Александрович Блоктың, Д.Кедриннің, Н.Рубцовтың және т.б. бірқата шығармаларын қазақ тіліне аударған. Қазақ, орыс және түрік тілдерін біледі.

Қоғамдық қызметі

  • Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы.
  • Мемлекеттік сыйлықты тағайындау жөніндегі ҚР Мемлекеттік комиссиясының мүшесі.
  • Ескерткіштер мен монументтер жөніндегі Мемлекеттік комиссиясының мүшесі.
  • Түркі әлемінің әдеби журналдары конгресінің Тұрақты кеңесінің мүшесі.
  • «Ақбар» бильярд клубының мүшесі.

Марапаттары

  • 1976 жылы «Жігер» шығармашыл жастар байқауының жеңілімпазы;
  • 1982 жылы «Қара пима» поэмасы «Жалын» республикалық (жабық) әдеби сайысының жеңімпазы атанған.
  • 1986 жылы «Ақ керуен» кітабы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атанды;
  • 1995 жылы Түркі тілдес елдер поэзиясы байқауының лауреаты;
  • 2000 жылы Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты;
  • 2001 жылы «Құрмет ордені» нің иегері.
  • 2002 жылы «Киіз кітап» жинағы үшін Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды;
  • 2004 жылдан Гуманитарлық ғылымдар академиясының құрметті академигі (ғылыми атағы);
  • 2005 жылы * «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалі;
  • 2007 жылы Ресейдің Алтын Есенин медалінің кавалері.
  • 2007 жылдан М. Әуезов атындағы Семей университетінің құрметті профессоры (ғылыми атағы);
  • Қазақстан журналистика академиясының толық академик-мүшесі.
  • Қазақстан журналистика академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығының иегері.
  • 2013 жылы ҚР тұңғыш президенті – елбасының қолынан «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен марапатталды.

Басқа мәліметтер

  • Әскери атағы - запастағы лейтенант.
  • Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Абылай хан.
  • Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Республиканың өркендеуі».
  • Хоббиі - кітаптар, бильярд, компьютер.
  • Үйленген. Жұбайы - Есдәулетова Бейсенгүл Кенжебекқызы, дәрігер-зертханашы. Қызы - Есдәулет Назым (1980 жылы туған ), халықаралық журналист, «Қазақстан» ұлттық телеарнасының жүргізушісі; ұлы - Есдәулет Роллан (1982 жылы туған ), мұнай бизнесінің халықаралық экономисі, инвестициялық компанияда активтерді басқарушы. Немерелері - Айя, Нұрайя, Әлихан.

Дереккөздер

Tags:

Ұлықбек Оразбайұлы Есдәулет Әке-шешесіҰлықбек Оразбайұлы Есдәулет БіліміҰлықбек Оразбайұлы Есдәулет Қызмет жолыҰлықбек Оразбайұлы Есдәулет ШығармаларыҰлықбек Оразбайұлы Есдәулет Өз аудармаларыҰлықбек Оразбайұлы Есдәулет Қоғамдық қызметіҰлықбек Оразбайұлы Есдәулет МарапаттарыҰлықбек Оразбайұлы Есдәулет Басқа мәліметтерҰлықбек Оразбайұлы Есдәулет ДереккөздерҰлықбек Оразбайұлы Есдәулет1954 жыл29 сәуірАқынЖурналистЗайсан ауданыШығыс Қазақстан облысыҚазақстан Ленин комсомолы сыйлығыҚазақстан жазушылар одағыҚазақстанның еңбек сіңірген қайраткеріҚазақстанның мемлекеттік сыйлығыҮлкен Қаратал

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Айдын Ақанұлы АйымбетовӘлемнің жеті кереметіӘбу Насыр Әл-ФарабиУрбанизацияБиомеханикаӘлішер НауаиҚазақстандағы су тасқыны (2024)Отырар апатыШиеАғзалар арасындағы байланыс түрлеріЕгіншілікТұқым қуалаушылықЖарықҚиял-ғажайып ертегілеріПсихологияЖүрек-қантамырлар жүйесіҚорғалжын қорығыАзияАтомФотоэлектрлік құбылыстарҮш Жүз партиясыКүй аңызы (әңгіме)ҚарлығаштарБағыныңқы сөйлемТатарларСаяси партияАвторлық құқықАқпараттық қауіпсіздікТәуелдік жалғауДүниежүзінің табиғат ресурстарыСалалас құрмалас сөйлемҚазақстандағы жаңа экономикалық саясатҚызғалдақАқбөкенАмерика Құрама ШтаттарыЕжелгі Рим өнеріҮш жүз он екінші атқыштар дивизиясыМахамбет ӨтемісұлыТөтенше жағдайӘбілхан ҚастеевЮпитерЭлектр энергетикасыАлматы қорығыҚазақстан мәдениетіЕл тізімі (адамның өмір сүру ұзақтығы)ЯдроТемпераментСептік жалғауАрхейБензолҚазақ хандығыАтом ядросыАс қорыту жүйесіМагнитАстанаАдамаралық қарым-қатынасТыныс белгілеріСперматозоидАзия-Тынық мұхит аймағы елдерінің әлеуметтік-экономикалық даму одағыСоленоидМәдени өсімдіктерПублицистикалық стиль316-атқыштар дивизиясыБақытсыз ЖамалҚазақстандағы минералды ресурстарАнтропогендік факторТәуелсіз Қазақстан тарихыСүтқоректілерПиелонефритҚазақстандағы ұжымдастыруМитозҚырғызстанЭкологиялық апатҚазақтың салт-дәстүрлері (тізім)Вегетативтік көбеюӨркениетШәкәрім Құдайбердіұлы🡆 More