Тұран Ойпаты

Тұран ойпатты жазығы, Тұран жазығы — оңтүстігінде Иран таулы қыратымен, солтүстігінде Сарыарқа, батысында Каспий теңізі, шығысында Тянь-Шань таулар жүйесімен шекаралас болып жатқан Орталық Азиядағы кең жазық аумақ.

Тұран ойпаты
Сипаттамасы
Теңiз деңгейiнен биіктігі922 м
Ауданы≈2 млн км²
Орналасуы
43°27′10″ с. е. 62°04′08″ ш. б. / 43.452917° с. е. 62.0690889° ш. б. / 43.452917; 62.0690889 (G) (O) (Я) 62°04′08″ ш. б. / 43.452917° с. е. 62.0690889° ш. б. / 43.452917; 62.0690889 (G) (O) (Я) (T)
ЕлдерТұран Ойпаты Қазақстан
Тұран Ойпаты Өзбекстан
Тұран Ойпаты Түрікменстан
Тұран ойпаты (Азия)
Тұран Ойпаты
Тұран ойпаты
Тұран ойпаты (Өзбекстан)
Тұран Ойпаты
Тұран ойпаты

Геология

Қазақстанға қарасты солтүстік және орталық бөліктері шөл, шөлейт және дала белдемдерін алып жатыр. Батысында Каспий теңізімен, шығысында Сарыарқаның батыс бөлігімен, солтүстігінде Торғай үстірті, оңтүстік-шығысында Тянь-Шань сілемдерімен, оңтүстігінде Қызылқұм шөлімен шектеседі. Бұл аралықта Қазақстанның барлық шөлдері жатыр. Ойпаттың басым бөлігі Тұран тақтасына сәйкес келеді. Аумағының басым бөлігінің абс. биіктіктері 300 м-ден аспайды және жас платформалық жазық саналады. Палеозойлық негізі (тұғыры) 1 – 6 км тереңдікте, көлбеу жатысындағы мезо-кайнозой қабаттарының кейбір тұстары (Маңғыстау, Үстірт, Қызылқұм) жер бетіне шығып жатыр. Тақтаның төм. қабаты құрылысынан көршілес Орал, Тянь-Шань және Сарыарқаға ұқсастық байқалады. Ойпаттың жер бедерінде ойыстар көп кездеседі. Қазақстанның құрлық бөлігіндегі ең терең Қарақия ойысы (–132 м) осында. Жазық өңірлерінің (Каспий маңы ойпаты, Арал Қарақұмы, Мойынқұм, т.б.) жер бетін шөгінді жыныстар жапқан.

Климат

Қазақстандық Тұран ойпаты солтүстік бөлігінің климаты тым континентті. Қысы суық, ызғарлы, қар жамылғысы тұрақты және оның қалыңдығы 15 – 25 см. Қатты желдер жиі болып тұрады. Оның орташа жылд. 5,5 – 6,5 м/с. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 150 – 300 мм. Қаңтар айындағы ауа температурасы –15 – 17°С, шілдеде 22 – 24°С. Ойпат оңтүстігінің климаты континенттік. Мұнда қыс біршама жылы. Қар жамылғысының қалыңдығы 10 – 15 см, қиыр оңтүстігінде тұрақты қар жамылғысы болмайды. Қаңтар айындағы ауа температурасы –5 – 11°С, жаз айлары өте ыстық әрі қуаң. Шілдедегі ауаның жылдық орташа температурасы 26 – 29°С. Жазда құм беті 80°С-қа дейін қызады. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 70 – 180 мм аралығында. Ойпаттың осы оңтүстік, оңтүстік-батыс бөлігіндегі (Сырдария өңірі және Қаратау жотасының батыс өңірі) көктем және күз айларында болатын жауын-шашын эфемерлі және эфемероидті өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдай тудырады. Ал солтүстік, солтүстік-шығыс бөлігінде керісінше, мұнда жауын-шашын көктемде аз, жазда молырақ түседі де жусан, еркекшөп, т.б. астық тұқымдастардың өсуіне қолайлы келеді. Солтүстік белдемшедегі ауа температурасының 10°С-тан жоғары жиынтығы 3200 – 3700°С болса, оңтүстіктің шөлейтті белдемшелерінде ол 4600°С-қа жетеді. Су бетінен булану шамасы солтүстіктен оңтүстікке қарай (800 – 2000 мм-ге дейін) өседі. Тұран Ойпатының басым бөлігі шөлейтті және шөлді белдемде жатқандықтан топырақ жамылғысының басым бөлігін сұр, сортаңды сұр, бозғылт сұр, құмдақты сұр топырақтар құрайды. Қиыр солтүстігінің ғана топырағы қоңыр, бозғылт қоңыр болып келеді. Шөлді өңірлердің ойдым-ойдым тастақты тұстарында тақырлар мен шұратты (оазисті) жерлер кездеседі.

Өсімдіктер әлемі

Өсімдік жамылғысын негізінен жусанды-эфемерлі өсімдіктер құрайды.

Гидрология

Ірі өзен-көл жағалауларында бұта аралас шілікті-талды тоғай қалыптасқан. Соңғы 20 жыл ішінде Арал тенізі деңгейінің тартылуы Тұран ойпаты табиғатының қуаң шөлдік сипатын күшейте түсуде. Ойпаттың ұлан-байтақ аумағыннда бірнеше жер асты суының мол қоры анықталды.

Олар:

Экономика

Ойпат аумағында жайылымдық мал шаруашылығымен суармалы егін шаруашылығы дамыған. Қазақстанның күріш, тары, мақта егетін және бау-бақша отырғызатын басты ауданы осында. Сонымен қатар, Тұран ойпаты еліміздің маңызды мұнайлы-газды ауданы саналады.

Физика-география аудандастыру тұрғысынан ойпат шартты түрде 11 өңірге бөлінген. Олар:

  1. Солтүстік Торғай;
  2. Оңтүстік Торғай;
  3. Маңғыстау;
  4. Үстірт;
  5. Солтүстік Арал маңы;
  6. Төмен Сырдария;
  7. Ортаңғы Сырдария;
  8. Солтүстік Қызылқұм;
  9. Бетпақдала;
  10. Мойынқұм;
  11. Балқаш маңы – Алакөл.

Тұран ойпаты ежелден түркі халықтарының мекені болған.

Дереккөздер

Tags:

Тұран Ойпаты ГеологияТұран Ойпаты КлиматТұран Ойпаты Өсімдіктер әлеміТұран Ойпаты ГидрологияТұран Ойпаты ЭкономикаТұран Ойпаты ДереккөздерТұран Ойпаты

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

КСРО ыдырауыМәшһүр Жүсіп КөпейұлыШолпан (ғаламшар)АйтысСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыАюларҚарағайХимиялық элементтер тізімі38-атқыштар дивизиясыМиграцияІлияс ЖансүгіровУрбанизацияҚазақстандағы көмірДүниежүзінің табиғат ресурстарыЕл тізімі (жалпы қабылданған атаулар)Жалаң сөйлемҚазақстан өзендеріЖеті жарғыМәлік ҒабдуллинТұқым қуалаушылықЗәр шығару жүйесіМұражайМағжан Бекенұлы ЖұмабаевДінДамыған елдерТыныс белгілеріТерминБір жасушалыларЛенинград шайқасыЭкономикаСолтүстік Қазақстан облысыҰлпан (роман)Қазақстанның сыртқы саясатыҚазақстан 2030Алтын ОрдаТөтенше жағдайӘлия Нұрмұхамедқызы МолдағұловаДНҚНаурызым қорығыГормондарБерлин операциясыАзаматтық қоғамЖапырақАс қорыту жүйесіАшық тұқымдыларЖүрек ауруларыҚазақстан жоғарғы оқу орындарының тізіміДомбыраТаразЖусанҚазақстан өсімдіктеріСебеп-салдар салалас құрмалас сөйлемБотай мәдениетіЖоғары деңгейлі программалау тіліШәкәрім Құдайбердіұлы16-17 ғасырлардағы Қазақ хандығыҚыз ЖібекЖіктік жалғауҚарағанды облысыИспанияЛаңкестік әрекетҮркерҚазақтың XX ғасырдағы мәдениетіЖайылма сөйлемПайдалы қазбаларҚазақстанның кен ресурстарыТүймедағыМагнит өрісіТарих философиясыӘпке (драма)Әлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановӘлем елдерінің тізіміҚожа Ахмет Ясауи кесенесіКөксерек (әңгіме)Тұрақты сөз тіркесіМемлекет астаналары тізімі🡆 More