Саңырауқұлақтар (лат: fungi, жекеше түрі fungus) — зең, ашытқы, қозықұйрық сияқты эукариоттық ағзалардың бір тобы.
Жануар қасиеттерін де, өсімдік қасиеттерін де қамтиды, сондықтан бөлек бір патшалық болып табылады. Саңырауқұлақтар - хлорофилсіз дайын органикалық заттармен қоректенетін төменгі сатыдағы өсімдіктер тобы.
Саңырауқұлақтар | ||||||||||||
Ғылыми топтастырылуы | ||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Домен | ||||||||||||
Патшалық | ||||||||||||
Халықаралық ғылыми атауы | ||||||||||||
Fungi Bartl., 1830 | ||||||||||||
| ||||||||||||
|
Саңырауқұлақтарды өсімдік, бактерия және кейбір простистен айыратын қасиет — хитиннен тұратын жасуша қабырғасы. Олар жануарлар сияқты гетеротрофты, яғни олар тамақты органикалық молекула сіңіру арқылы табады және фотосинтез жасамайды.
Мекенін өсу арқылы ауыстырып, ауа және сумен қозғала алатын спора шығара алады. Экожүйеде редуцент рөлін атқарады, демек өлген ағза мен органикалық қоқыс ыдыратып, ағзалар арасындағы зат айналымын әрі қарай қозғайды. Саңырауқұлақты зерттейтін ғылым микология (ежелгі грекше μύκης — саңырауқұлақ) деп аталады. Бұрын ол ботаниканың бір бөлігі болып саналатын, бірақ қазіргі деректер бойынша, саңырауқұлақ филогенетикалық жағынан өсімдіктен гөрі, жануарға жақын.
Саңырауқұлақтардың басым бөлігі гифа ретінде өсіп, тіршілік етеді. Гифа деген диаметрі 2–10 µм, ұзындығы бірнеше сантиметрге жететін, цилиндрлік жіп пішінді құрылым. Гифа ұшынан өседі; жаңа гифалар ескі гифалардың жаңа ұш өсіріп, тармақтануы немесе бір ұштың екіге бөлінуі арқылы пайда болады. Бір-біріне ұшырасқан гифалар бірігіп, мицелий деген матасқан гифалар желісін құрайды. Гифа септалы және коэноцитті бола алады. Септалы гифалар септа деген қабырғалармен көптеген компартментке бөлінеді; әрбір компартментте бір не одан да көп ядро орналасады. Ал коэноцитті гифалар болса, бөлінбейді, және септалары жоқ. Септаның цитоплазма, органелла және кейбір кезде ядро өте алатын кеуектері (тесіктері) бар. Коэноцитті гифалар, шын мәнінде, көп ядролы супержасуша болып табылады.
Бұл — биология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Саңырауқұлақтар, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.