Жеті Қазына: қазақ қадірлеген, бағалаған жеті нәрсе

Жеті қазына — қазақтың дәстүрлі дүниетанымындағы философиялық түсініктердің бірі.

Қазақ халқы Жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырып, оның ұғымына мыналарды жатқызады:

  1. ер жігіт;
  2. сұлу әйел;
  3. құмай тазы;
  4. берен мылтық;
  5. жүйрік ат;
  6. ақыл-білім;
  7. қыран бүркіт.

Ер жігіттің жүйрік аты — қанаты. Қыран бүркіт — қуаты. Құмай тазысы — абыройын асырар сенімді серігі. Мылтығы — қахарлы оты. Қақпаны — серті, ауы — әдіс-айласы, кездігі — сұсы. Халық Жеті қазынаны өмір қажетіне негіз етіп таратқан. Қазақ халқының Жеті қазынаны — жеті ырыс деп атауының да мәні осында. “Жеті ырысқа” мыналарды жатқызады:

  • 1) адамның ақылы,ой-санасы. Өйткені, адамзат ақылы арқылы хайуанаттар дүниесінен бөлініп ерекшеленеді, әрі дүниенің қожасы болды;
  • 2) денсаулық, яғни дененің саулығы;
  • 3) ақ жаулық, яғни үйдегі әйел адам — ердің жары, балалардың анасы. Халқымыз ежелден “Бас екеу болмай, мал екеу болмайды” деп, әйелді тіршілік иесі, адам өмірін жалғастырушы деп қастерлеген;
  • 4) бала. Бала — адам өмірінің жалғасы, қуанышы;
  • 5) көңіл. Көңіл мен пейіл кең болса, ынтымақ пен береке орнайды;
  • 6) жер. “Жерсіз — ел тұл, ерсіз — жер тұл”;
  • 7) ит. Ол әуел бастан-ақ адамға сенімді серік болған.


Ал ислам аңызы бойынша, Жеті қазынаға мыналар жатқызылады:

  • 1) Қыдыр (қызыр). Ол өзі ұнатқан адамдарына ғана дариды. Қыдыр дарыған адам байлыққа кенеледі деген түсінік бар;
  • 2) бақ. Ерекше жаратылған құдірет иесі. Бақ дарымайды, қонады. Бақ қонған адам ел мен жерге қожалық етеді;
  • 3) ақыл. Ақыл — байлық пен бақыттың тірегі;
  • 4) денсаулық. Деніңізде саулық болмаса, өміріңізде сән де, мән де болмайды делінеді;
  • 5) ақ жаулық. Дін аңыздары бойынша, Алла адамды топырақтан жаратып, жан берген соң, адам ұрпағын тарату үшін оның сол жақ қабырғасының біреуінен Хауа Ананы жаратқан;
  • 6) тұз. Тұз — Алланың адамдар мен жан-жануарларға берген несібесі, таусылмайтын кені;
  • 7) ит. Адам мен Хауа Ананың алғашқы серігі, қорғаушысы. Осы айтылған ислам аңызындағы Жеті қазына Алланың кереметімен ғана болып отырады. Мұндағы мақсат — “Барлық іс Алланың ұйғарымында, құдайсыз қурай сынбайды” дегенді білдіреді.


Жеті қазына ұғымы басқа халықтарда да кездеседі. Мысалы, грек аңыз-әңгімелерінде Жеті қазына басқаша кездеседі:

  • 1) көк аспан. Ол әлем сырын өз шеңберінде сыйғызып, солардың өзіндік қалпын сақтайды;
  • 2) Күн. Ол әлемдегі тіршілікті басқарады. Барлық зат — Күннің шуағынан нәр алады;
  • 3) Ай. Түнгі тіршілік нәрі. Ай табиғатты түн тұңғиығында тербеп, нұрландырады;
  • 4) от. От — Күннің жердегі сүлдесі. Отты пайдалану арқылы адамдар дүниенің төрт бұрышына тарады;
  • 5) су. Сусыз тіршілік жоқ. Су — жерге қуат, өсімдік әлеміне, жан-жануарға нәр, көрік береді;
  • 6) Жер. Жер — тіршілік анасы. Жан-жануарлар мен өсімдік әлеміне көрік, келбет, түр-тұрпат береді;
  • 7) ит. Ит — Адам мен Хауа Ананың пейіштен қуылып, жерге түскендегі алғашқы серігі, досы әрі қорғаушысы. Сол себепті Жеті қазынаның бірі саналады.

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Tags:

Философия

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ҚасқырҚояндарАсан қайғы СәбитұлыҚазақ ұлт зиялыларының қалыптасуыҮтірНұрсұлтан Әбішұлы НазарбаевХақназар ханЭкономикалық қатынасШикізатҚазақстан Республикасының ұлттық кітапханасыАққуларОдағайМаңғыстау облысыОтырар апатыБауыржан МомышұлыДәулеткерей ШығайұлыНанотехнологияТұқым қуалайтын өзгергіштікАтомҚазыбек биДауысты дыбыстарӘбілхан ҚастеевЗат алмасуСперматозоидКүрішЕжелгі Рим мәдениетіӨңдеуші өнеркәсіпНорвегияӨсімдіктер систематикасыҚазан төңкерісіҚыз ЖібекСөйлем мүшелеріИнфрақұрылымҚант диабетіКомпьютерлік вирусКлиматтың өзгеруіАтомның ядролық үлгісі. Резерфорд тәжірибесіБатыс Түрік қағанатыПартеногенезҒарыштануЖапырақЭлектр тогыАйша бибі кесенесіСан есімҚышқылҚұқықМарсҚазақстан мәдениетіҚозы Көрпеш – Баян Сұлу кесенесіЖапонияҚарағайАлматы облысыҚазақстанның сыртқы саясатыЖанрҚазақстан өсімдіктеріБәйтерек (монумент)Ғаламдық мәселелерКомпьютерлік желіҚазақстандағы көмір кеніҚазақстанның пайдалы қазбаларыӘйтеке биҚола дәуіріМитозТүркістан (қала)Қан топтарыЖыныс қатынасынан жұғатын ауруларАлтын ОрдаФотосинтезАқ Орда (мемлекет)Бейімбет Жармағамбетұлы МайлинТозаңдануЖүсіп БаласағұниФутболДін философиясыӘуе көлігіСілтілік металдарЖер сілкінуХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси, мәдени жағдайыАмёба🡆 More