Ботаника (гр.
Ботаника жеке өсімдіктер мен олардың бірлестігінің өзара және қоршаған ортамен байланысын, жер бетіне таралуын, шығу тегі мен эволюциясын, салалану заңдылығын (жіктелімін) зерттейді.
макроқұрылысын және сыртқы пішінін зерттейді);
Зерттеу мақсатына байланысты, ботаника әртүрлі салаларға бөлінеді. Әр саланың бағыты мен зерттеу методикасы болады. Қазіргі таңдағы ботаника көп салалы ғылым. Ботаниканың басты салалары мыналар:
1. Өсімдіктерді туыстық топтарға жіктеу (классификациялау);
2. Өсімдіктердің эволюциялық дамуының тарихи тізбегін анықтау.
Зерттеу объектісіне байланысты ботаника мына салаларға бөлінеді:
Теофрасттың ботаникалық еңбектерін ауыл шаруашылығы, медицина тәжірибелерінде және осы саладағы ежелгі әлем ғалымдарының еңбектерінің біртұтас білім жүйесіне жинақтау ретінде қарастыруға болады. Теофраст тәуелсіз ғылым ретінде ботаниканың негізін қалаушы болды: ол өсімдіктерді шаруашылық пен медицинада қолдануды сипаттаумен қатар теориялық мәселелерді қарастырды. Теофраст еңбектерінің көптеген ғасырлар бойы ботаниканың кейінгі дамуына әсері орасан зор болды, өйткені ежелгі әлемнің ғалымдары өсімдіктердің табиғатын түсінуде де, олардың формаларын сипаттауда да одан жоғары көтерілмеді. Қазіргі білім деңгейіне сәйкес Теофрасттың кейбір ережелері аңғал және ғылыми емес болды. Сол кездегі ғалымдарда әлі жоғары зерттеу техникасы болған жоқ, ғылыми эксперименттер де болған жоқ. Бірақ осының бәрімен "Ботаниканың әкесі" қол жеткізген білім деңгейі өте маңызды болды.
19 ғасырдың ортасында неміс ботаниктері М. Шлейден, Т.Шванн клеткалық теорияның, ал А. Гумбольт ботаникалық-географикалық зерттеулердің негізін салды.
Қазақстан жерінде ботаникалық зерттеулер 18 ғасырда басталды. 1777 ж. П.С. Паллас қазіргі Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында болып, өсімдік түрлерін жинап, олардан коллекциялар жасаған. Республикада Ботаника саласындағы жүйелі зерттеулер 19 ғасырдың 30-жылдарынан басталды. Қазір Ботаника мәселелерімен Алматыдағы Ботаника және фитоинтродукция институты, Ботаникалық бақтары, жоғары оқу орындарының арнаулы кафедралары, орман тәжірибе ст-лары шұғылданады. Зерттеулердің нәтижесінде флоратану, өсімдік ресурстары туралы көптеген еңбектер жарық көрді. Қазақстан және Орта Азия өсімдік жамылғысына, Тянь-Шань шыршалы ормандарына, олардың құрылымына, даму тарихына, басым (доминант) түрлеріне ботан. сипаттама берілді (Б.А. Быков, т.б.). Қазақстанда өсетін саңырауқұлақтар зерттелді (Бердіқұл Қалымбетов, С.Р. Шварцман, С.Әбиев). Өсімдіктер интродукциясы саласындағы зерттеулер, олардың нәтижелері жүйеге келтірілді (В.Г.Рубаник, А.М. Мушегян, т.б.). Ботаникалық зерттеулер, олардың нәтижелері туралы көп томдық монографиялар, анықтамалықтар жарық көрді. Қазақстан флорасының құрамы зерттелді: мұнда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 6000-нан астам түрі бар екені, оның 13%-і эндемиктер (тек Қаратауда бұлардың 100-ден артық түрі бар) екені анықталды. Бірқатар физиол.-биохим. зерттеулер жасалды. Оңтүстік Қазақстанның өсімдік қорына (Н.В. Павлов), Балқаш маңындағы кейбір ағаш түрлерінің тұзға төзімділігіне (Е.А. Жемчужников), шөл далада өсетін құм өсімдіктеріне (Л.П. Гвоздева, Г.Мақұлбекова, С.Есенова, т.б.), Батыс және Шығыс Қазақстандағы өзен-көл аңғарларының шалғындарына (О.Демин, Б.Махмудов, т.б.), су өсімдіктеріне (К.В. Доброхотова), дәрілік, тех. өсімдіктерге, жеміс-жидектерге сипаттама берілді. Дермене (Г.Балтабаева, т.б), мия (В.П. Михайлова, Э.Кұдайбергенова, т.б.), адыраспан (Л.Сафина), қырықбуын, қылша (Г.С. Синицын, т.б.), Түркістан сабыншөбі (С. Беспаева), т.б. өсімдіктердің экологиясы мен Ботаникасы зерттелді. Каучукты өсімдіктер физиологиясы зерттеліп (Л.Г. Добрунов, т.б.), бұлар мәдени өсімдікке айналдырылды және Оңтүстік Қазақстанда өсіріле бастады. Республика аумағының өсімдіктері, олардың мәдени түрлері биохим. тұрғыдан сипатталып, зерттеулер нәтижелері қорытылды (Т. Дарханбаев). Өсімдіктерді интродукциялау (М.В. Бесчетнова, М.А. Проскуряков, т.б.), флористика және геоботаника (М. Бәйтенов, С. Арыстанғалиев, М.П. Васягина, т.б.), өсімдік ресурстары (М. Көкенов, С. Беспаев), адамның өсімдік жамылғысына тигізетін әсері (Л.Я. Курочкина, Р.Н. Писак), сирек кездесетін өсімдіктерді қорғауға алу (Б.А. Винтерголлер), палеоботаника (В.С. Корнилова), генетика (Ғ. Бияшев, А. Сейсебаев), цитология (Ф. Камалетдинова), жалпы экология және өнеркәсіптік ботаника (И. Байтулин), өсімдік өсуін реттеу (І. Рахымбаев), өсімдіктер төзімділігі (Ф.Полымбетова), өсімдіктердің минералдық қорегі (Б. Сәрсенбаев), фотосинтез (В.П. Беденко) мәселелері одан әрі зерттелуде.
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Ботаника, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.