Жай Сан

Жай сан — 1-ден үлкен, бірақ 1 мен өзінен басқа сандарға бөлінбейтін, бүтін оң сан (мысалы: 2, 3, 5, 7, 11, 13, 17, 19, 23, 29, 31, 37, 41, 43, 47, 53, 59, 61, 67, 71, 73, 79, 83, 89, 97, ...).

Жай сандардың шексіз көп екендігі (Евклид теоремасы) ежелгі грек математиктеріне де белгілі болған. Жай сан натурал сандарды зерттеу кезінде негізгі ұғым болып есептеледі. Өйткені, кез келген бүтін сан (1-ден басқа) бір ғана түрде жай сандардың көбейтіндісіне жіктелетіндігін (көбейткіштердің тәртібіне назар аударылмайды) бөлінгіш теориясының негізгі теоремасы тұжырымдайды. 1-ден x-қа дейінгі жай сандарды табу үшін Эратосфен елегі (б.з.б. 3 ғасыр) қолданылады. 1-ден x-қа дейінгі жай сандар тізбегін қарастырғанда, орташа есеппен жай сан сирек кездеседі. Натурал сандар қатарының бірде бір жай сан болмайтын өте үлкен аралықтары болады. Дегенмен айырмасы 2-ге тең жай сандар да (егіз сандар деп аталатын) бар (мысалы, 10006427 және 10006429). Мұндай егіз сандар жиыны шекті ме не шексіз бе деген сұраққа әзірше жауап табылған жоқ (1987).

Жай сандардың таралуы

Натурал сандар қатарында жай сандардың таралуы — сандар теориясының ең қиын мәселесі. Бұл мәселе, n оң санынан аспайтын, жай сандардың санын көрсететін π(n) функциясының асимптоталық сипатын зерттеу ретінде қарастырылады. Жай сандардың таралуы теоремасы Жай Сан  (яңни 1-ден n-ге дейінгі жай сандар саны) саны n өскен сайын Жай Сан  сияқты өседі дейді, яғни:

    Жай Сан  егер Жай Сан .

Л.Эйлер 1737 жылы төмендегідей дзета-функциясын ендірді:

    Жай Сан 

мұндағы Жай Сан . Ол s>1 болғанда : Жай Сан  болатындығын дәлелдеді. Мұнда көбейтінді барлық жай сан бойынша жүргізіледі. Соңғы теңдік және оның жалпыламасы жай сандардың таралу теориясында маңызды рөл атқарады. Жай сандардың таралу мәселесін зерттеуде П.Л. Чебышев, француз математигі Ж.Адамар (1865 — 1963), бельгиялық математик Ш. Ла Валле Пуссен (1866 — 1962) ірі жетістіктерге жетті. Жай сандардың таралу мәселесі элементар әдіспен де, математикалық анализ әдісімен де зерттеледі.

Ең ірі жай сандар

1965 жылға дейінгі ең үлкен жай сан: 211213–1. Бұл санның құрамында 3376 цифр бар.

2011 жыл ақпанына сәйкес ең үлкен жай сан — Жай Сан . Ол 12 978 189 ондық цифрдан тұрады және жай Мерсенн саны болып табылады. Оны 2008 жылғы 23 тамыз күні Калифорния университетінің математикалық факультетінде Мерсенн жай сандар таралуы GIMPS жобасы шеңберінде табылған.

2016 жылы Көртис Купер (Curtis Cooper) жаңа ең ірі жай санды тапты - 274,207,281 – 1, бұл оның алдындағы ең ірі жай саннан 5 млн-ға жуық таңбаға ұзынырақ.

Дереккөздер

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Prime numbers

Tags:

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Басынқы сөйлемБағыныңқы сөйлемӨзбектерАдамның табиғатқа әсеріЖапонияАсқар АлтайБиомеханикаҚасым АманжоловТыныс алу жүйесіБарбаросса жоспарыБәйтерек (мифология)ЗиготаТел өскен ұлМахамбет ӨтемісұлыНАТОРесейТабиғи газҚант қызылшасыЕуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымыҚазақстан Республикасының ұлттық кітапханасыӘбу Райхан әл-БируниАдам даму индексі бойынша елдер тізіміТүрік қағанатыТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыОрталық ҚазақстанҚазақстандағы туризмЖелтоқсан көтерілісіҰрықжолдастыларТұмар ханшаМіржақып. Оян, Қазақ (фильм, 2023)Арал экологиясыЖылқы малының атауларыСталинград шайқасыСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыЖүрек ауруларыКөлденең жолақты ет ұлпасыҚуандық Уәлиханұлы БишімбаевАңырақай шайқасыКөне түркі жазбаларыҚоғамКөмір өнеркәсібіАқындар айтысыРентген сәулесіҚазыбек биТеодолиттің құрылысы және оның түрлеріАлтынемел ұлттық паркіПысықтауышАлматыАзияБаланы қырқынан шығаруАстанаНаурызым қорығыСуБалықтарАбай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрыҰйғырларМұнай өнеркәсібіКүй аңызы (әңгіме)МезозойТәуке ханОрта ғасырлардағы мәдениетҰлпан (роман)Алаш автономиясыЖеті қазынаХиуаз Қайырқызы ДоспановаТыныс белгілеріМәдени өсімдіктердің шыққан орталықтарыЕгіншілікАтаулы сөйлемДомбыраҚазақстанның экономикалық аудандарыКаспий экологиясыЖүсіпбек АймауытовРимДепортацияШерхан Мұртазаұлы МұртазаЕтісБұқар жырау ҚалқаманұлыАлаш қозғалысы🡆 More