Жүсіпбек Аймауытов

Жүсіпбек Аймауытов (1889–1931) — қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.

Жүсіпбек Аймауытов
Жүсіпбек Аймауытов
Туған күні

1889 (1889)

Туған жері

Баянауыл ауылы, Павлодар уезі, Семей облысы, Ресей империясы

Қайтыс болған күні

1931 (1931)

Қайтыс болған жері

Мәскеу, РКФСР

Азаматтығы

Жүсіпбек Аймауытов КСРО

Мансабы

жазушы, ғалым, педагог, психолог

Шығармашылық жылдары

1913—1929

Жанры

драма, роман

Шығармалардың тілі

қазақша

1917–1919 жылдары Алаш партиясына кірсе, 1919 жылы бірінші желтоқсанда Семейде кеңес өкіметі орнап, Губревком құрылған мезгілде көптеген қазақ жастарымен бірге мүше болады (Семей облыстық мемлекеттік мұрағаты, 72- қор, 19-тізім-1, бума 7-3).

Жүсіпбек Аймауытұлы 1920 жылы Қазақстан Кеңестерінің Құрылтай съезіне делегат болып қатысса, 1921 жылы Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі, «Қазақ тілі» газетінің редакторы және журналистер бюросының хатшысы қызметін атқарды. 1922–24 жылдары Қарқаралыда мектеп мүғалімі, 1924-26 жылдары «Ақ жол» газетінде бөлім бастығы міндетін атқарды. Қазақ институтында істеді (Ташкент), 1926-29 жылдары Шымкент педагогикалық техникумының оқытушысы әрі директоры болды.

Осының аз-ақ алдында, яғни алапат аштық қарсаңында ұлт жанашырлары күйзелген елге қолұшын беру мақсатымен Семейде «Жанар» атты ұйым құрды. Ұйымның негізгі мақсат-міндеті: қарапайым халыққа көмектесу, ұлт бостандығы жолындағы жастарды қамқорлыққа алып, білімге, саясатқа тарту болды. Халыққа қасірет әкелген алапат аштық тұсында - Жүсіпбек Аймауытұлы мұраттас серіктестіктерімен бірге қол ұшын береді. Мәдени-рухани түрғыдан, әлеуметтік жағынан қолдап, көмек етеді. Отызыншы жылдардың ойранына, КСРО ХІІК-нің (орыс. НКВД СССР) қанды шеңгеліне түскен қайран ер таланты кемелденіп, үлкен шығармашылық кезеңге бет бұрған шағында – 1930 жылдың 21 сәуірінде Мәскеудегі Бутырка түрмесінде атылды.

Өмірі

Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы. Арғын тайпасы Сүйіндік руы Құлболды бөлімінен шыққан.

Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен.

Жүсіпбек жастайынан араб­ша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады.

1911–1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді.

1914 жылы Семейдегі мұғалімдер семинариясына қабылданады. Оны 1918 жылы аяқтап шығады.

Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде «Абай» журналын шығарысып, Қ. Сәтбаевпен, М. Әуезовпен танысады.

Кейін Алашордадан бөлініп, Коммунистік партия қатарына өтеді (1919).

Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне делегат болып қатысып, Қазақ АҚСР Халық ағарту комиссариаты комиссарының орынбасары болып тағайындалады (1920).

Мұнан соң Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі (1921), «Қазақ тілі» газетінің редакторы.

Қарқаралыда мектеп мұғалімі (1922–1924), Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі (1924—1926), Шымкент педагогикалық техникумының директоры (1926–1929) қызметтерін атқарады.

1929 ж. басталған кеңестік қуғын-сүргін кезінде Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген жаламен тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін 1931 жылы ату жазасына сырттай үкім шығарылған. Шымкенттегі педагогика техникумының директорлығы - міне, мұның бәрі Аймауытовтың жаңа өмірді орнықтыру жолындағы күрес жолын, өмір белестерін көрсетеді. 1929 ж. басталған зобалаң кезінде қармаққа ілінген Жүсіпбек 1931 ж. атылған.

Шығармалары

Жүсіпбектің қаламынан туған мол мұраны М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары жинастырып, ғылыми зердеден өткізіп, 1996-1999 жылдары бес том етіп жарыққа шығарды. Сөйтіп, қазақ оқырманы әйгілі суреткердің шығармаларымен арада 60 жылдан астам уақыт өткенде қайта табысты.

Ол қазақ әдебиетінде көркем прозада алғаш лиризм әкелген, сондай-ақ пейзаждың үздік үлгісін, психологизмнің терең иірімдерін тамыршыдай дәл басқан нәзік стилист суреткер. 1918 —19 ж. М.Әуезовпен бірге Семейде «Абай» журналын шығарып, «Екеу» деген бүркеншік атпен, Әуезовпен бірлесіп, «Абайдың өмірі және қызметі» (1918, №2), «Абайдан кейінгі ақындар» («Абай», 1918, №3) деген мақалалар жазды. А-тың көркем шығармалары эстет. бояуының қашықтығымен, көркемдік қуатымен, стильдік даралығымен қазақ әдебиетінде соны бағыт қалыптастырды. А. пед. оқу орындарында қызмет істей жүріп, жас ұрпақтың жан-жақты білім алуын көздеген еңбектер, оқу құралдарын жазды. Оның пед., псих. және методика саласында жазған ірі еңбектері өз уақытында елеулі рөл атқарды.

Ж.Аймауытұлы ұлттық сөз өнерінің әр алуан саласында ерен еңбек етті. Оның қаламынан туған, әсіресе ақындық әлемін танытатын («Сарыарқаның сәлемі», «Көшу», «Нұр күйі», т.б.), кемел прозашылығын («Әнші», «Елес», «Жол үстінде», «Қара бақсы» - әңгімелер), «Күнікейдің жазығы», «Қартқожа», «Ақбілек» (романдар), белгілі драмашылығын («Сылаң қыз», «Мансапқорлар», «Рабиға», «Ел қорғаны», «Қанапия - Шәрбану», «Шернияз»), айтулы аудармашылығын («Сараң сері», «Тас мейман» (А.С.Пушкин), «Бақылаушы» (Н.В. Гоголь), «Бейшаралар» (В. Гюго), «Дәмелі», (Ф. Дюшен), «Тау еліндегі оқига» (С. Чуйков), сындарлы сыншылығын - «Мағжанның ақындығы туралы», «Аударма туралы», «Сұңқар жыры», жан жүйесінің білікті білгірі екендігін - «Тәрбиеге жетекші», «Психология», «Комплекспен оқыту жолдары», «Жаңа ауыл» т.б. ғылыми еңбектері табиғи талант қырларын жан-жақты жарқырата көрсетті. Балаларға арналған - «Жаман тымақ», «Көк өгіз», «Шал мен кемпір», «Үш қыз» сынды ертегілер қарапайым мәтін мен көркем суреттің табиғи тұтастығы мен үндескен үлгісін терең танытады. Ең маңыздысы, бұл еңбектер бүгін де рухани-тәлімдік қырларымен мәнді.

Жүсіпбек Аймауытов қаламынан туған мұралардың қай қайсысы да оның кесек дарын иесі екендігінің, гуманист суреткерлігінің, жалтақсыз ұлтжандылығының жарқын айғағы. Оның шығармалары өзі ғұмыр кешкен заманның, өзі араласқан қоғамның мұқтажын өтеуге, оның ақ қарасын парықтауға арналған. Сөйте тұра көркемдік тегеуріннің қуаттылығы, идеялық ұстанымдарының сонылығы, сөз қолданудағы шеберлігі Жүсіпбек шығармаларының өміршеңдігіне кепіл болмақ.

Жаңадан табылғандары

Алаштың аймаңдай тұлғасы, қазақ қара сөзінің құлжасы Жүсіпбек Аймауытовтың жарияланбаған оншақты әңгімесі мен қазіргі оқырманға мүлдем беймәлім болып келген елуден астам мақалалары мен очерктері табылып отыр. Қапастағы қараңғы қоймадан, шаң басқан архивтен шиырлап іздеп олжа салған, сәуле түсіріп осы інжу-маржандарды қайыра қалың жұртқа ұсынып отырған дарынды ақын, әдебиеттанушы ғалым, Жүсекең мұрасын зерттеуші – Нұржан Қуантайұлы. Жүсіпбек Аймауытұлының бұл шығармалары оның «Ғылым» баспасынан жарық көрген 5 томдық толық жинағына да енбегендігін, екінші рет ешқайда жарияланбағандығын айта кеткіміз келеді.

«Елеусіз ерлер» атты әңгімесі 1920-жылдары Ташкентте шығып тұрған «Ақ жол» газетінің қосымшасы – «Сәуле» әдеби журналының 1924 жылғы қараша айындағы 6-санында жарық көрген екен. Әңгімені арапшадан қазіргі қаріпке түсіріп ұсынып отырған – филология ғылымдарының кандидаты Нұржан ҚУАНТАЙҰЛЫ екенін тағы да еске саламыз.

Фильмдер

  • 1994 — «Алаш туралы сөз» режиссері: Қ.Умаров

Жанр: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм”

Жанр: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақфильм” Шәкен Айманов атындағы

Дереккөздер

Сілтемелер

Tags:

Жүсіпбек Аймауытов ӨміріЖүсіпбек Аймауытов ШығармаларыЖүсіпбек Аймауытов Жаңадан табылғандарыЖүсіпбек Аймауытов ФильмдерЖүсіпбек Аймауытов ДереккөздерЖүсіпбек Аймауытов СілтемелерЖүсіпбек Аймауытов

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Ұлы Отан соғысыЖыныс мүшелерінің құрылысыЖұлынЗекетРамазан (ай)Қазақстанның Қызыл кітабыДәруменСопылықМаңғыстау облысыЭстетикаӘл-Фатиха сүресіСілекейАнтикалық философияӨсімдіктер гормондарыШыңғыс ханҚазақтың ұлттық ойындарының тізіміҚатерлі ісікӘпке (драма)Компьютердің құрылғыларыТоқырау жылдарындағы ҚазақстанУнитарлы мемлекетҚазақстанда кеңес өкіметі орнауының ерекшелігі. Азаматтық қарсы тұруКөркем әдебиет стиліҚожа Ахмет ЯсауиМиҚазақстан өзендеріБалықтарСанаЖанғожа Нұрмұхамедұлы бастаған Сырдария қазақтарының көтерілісіАлматы облысыХимиялық элементтер тізіміҚазақстан тарихыЖүсіп БаласағұниМайларЖау тылындағы балаЕл тізімі (жалпы қабылданған атаулар)Ұзындығы бойынша өзендер тізіміҚалқанша безМотивацияТынық мұхитСәулетАлкандарФизиотерапияСақтарНаймандарКенесары ханАзамат соғысыҚазақстан Республикасы Қарулы КүштеріКүкіртЖүйке жүйесінің құрылысы, маңызыАсық ойыныҚабдеш ЖұмаділовҰлт-азаттық көтерілістерДевианттық мінез-құлықҚыпшақ хандығыТанымал қазақтардың тізіміХимиялық байланыстарҚоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидаттарыБасты бетАдам эволюциясының негізгі кезеңдеріҚазақстан және БҰҰЖабайы алма (повесть)ЭпифизШымкентБиологиялық мембранаҚазақ ұлттық киімдеріЕстен тануҚантамырларСілтілік металдарТахикардияСаңырауқұлақтарMicrosoft ExcelҚырғызстанМиокард инфарктыТотығу-тотықсыздану реакцияларыЖусан иісі (повесть)ТеатрАристотель🡆 More