Саңырауқұлақтар

Саңырауқұлақтар (лат: fungi, жекеше түрі fungus) — зең, ашытқы, қозықұйрық сияқты эукариоттық ағзалардың бір тобы.

Жануар қасиеттерін де, өсімдік қасиеттерін де қамтиды, сондықтан бөлек бір патшалық болып табылады. Саңырауқұлақтар - хлорофилсіз дайын органикалық заттармен қоректенетін төменгі сатыдағы өсімдіктер тобы.

Саңырауқұлақтар
Саңырауқұлақтар
Ғылыми топтастырылуы
Домен

Эукариоттар

Патшалық

Саңырауқұлақтар

Халықаралық ғылыми атауы

Fungi Bartl., 1830

Саңырауқұлақтар
Уикитүрлердегі
жіктелуі
uselang=ru}}
[{{fullurl:commons:{{{Commons}}}|uselang=kk}} Ортаққордан
сурет іздеу]
ITIS  555705
NCBI  4751
EOL  5559
MB  99029

Саңырауқұлақтарды өсімдік, бактерия және кейбір простистен айыратын қасиет — хитиннен тұратын жасуша қабырғасы. Олар жануарлар сияқты гетеротрофты, яғни олар тамақты органикалық молекула сіңіру арқылы табады және фотосинтез жасамайды.

Мекенін өсу арқылы ауыстырып, ауа және сумен қозғала алатын спора шығара алады. Экожүйеде редуцент рөлін атқарады, демек өлген ағза мен органикалық қоқыс ыдыратып, ағзалар арасындағы зат айналымын әрі қарай қозғайды. Саңырауқұлақты зерттейтін ғылым микология (ежелгі грекше μύκης — саңырауқұлақ) деп аталады. Бұрын ол ботаниканың бір бөлігі болып саналатын, бірақ қазіргі деректер бойынша, саңырауқұлақ филогенетикалық жағынан өсімдіктен гөрі, жануарға жақын.

Морфологиясы

Саңырауқұлақтар 
Penicillium саңырауқұлағы
1 гифа • 2 конидиофор • 3 фиалида • 4 конидия • 5 септа

Саңырауқұлақтардың басым бөлігі гифа ретінде өсіп, тіршілік етеді. Гифа деген диаметрі 2–10 µм, ұзындығы бірнеше сантиметрге жететін, цилиндрлік жіп пішінді құрылым. Гифа ұшынан өседі; жаңа гифалар ескі гифалардың жаңа ұш өсіріп, тармақтануы немесе бір ұштың екіге бөлінуі арқылы пайда болады. Бір-біріне ұшырасқан гифалар бірігіп, мицелий деген матасқан гифалар желісін құрайды. Гифа септалы және коэноцитті бола алады. Септалы гифалар септа деген қабырғалармен көптеген компартментке бөлінеді; әрбір компартментте бір не одан да көп ядро орналасады. Ал коэноцитті гифалар болса, бөлінбейді, және септалары жоқ. Септаның цитоплазма, органелла және кейбір кезде ядро өте алатын кеуектері (тесіктері) бар. Коэноцитті гифалар, шын мәнінде, көп ядролы супержасуша болып табылады.

Дереккөздер

Тағы көріңіз


Tags:

АшытқыЖануарларЗең саңырауқұлақтарыЛатын тіліЭукариоттарҚозықұйрықӨсімдіктер

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қазақстандағы алюминий кеніЖырауҚуыршақ театрыҚұрманғазы Сағырбайұлы1920-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиеті мен өнеріКүн (жұлдыз)Түрік қағанатыСаяси мәдениетМайларЖеуге жарамды және улы саңырауқұлақтарҚазақстанның сыртқы саясатыЕсімдікАғзалар арасындағы байланыс түрлеріСұлтанәлі Базарбайұлы БалғабайҚиялШымкентЖошы ханУнитарлы мемлекетТұмар ханшаАсық ойыныҚазақ хандығыДомбыраАллитерацияГалогендерЖүрек ауруларыЭкологиялық жүйеҚазақстандағы көмірТыныс белгілеріГеосаясатАболиционизмХалықаралық валюта қорыҚызыл кітапҚояндарТұқым қуалаушылықШерхан Мұртазаұлы МұртазаҚарлұқ қағанатыСағадат Қожахметұлы НұрмағамбетовТүркияШәкәрім ҚұдайбердіұлыАбай ҚұнанбайұлыРентген сәулесіАйқындауышҚасым ханның қасқа жолыБейімбет Жармағамбетұлы МайлинМорфология (лингвистика)Өздігінен тозаңдануҚазақстан жоғарғы оқу орындарының тізіміӨнерСаркомерлерНұрдәулет Бәбиханұлы АқышИранСалықМонархияАқындар айтысыҚазақстан өзендеріҚазақстанның 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайыХимия өнеркәсібіҚайыңҚазақстандағы саяси партияларТүргеш қағанатыТезисТерминЖүктілікБасынқы сөйлемҚызғалдақАс қорыту жүйесіБалқашЖыныс қатынасынан жұғатын ауруларКанадаЖеті қазынаРаушангүлділерХалықаралық еңбек бөлінісіТүркістан автономиясыЖапонияАқмола облысыАктинӘбілхан ҚастеевҚұндылық🡆 More