Бақбақ

Бақбақ (лат.

Қазақстанда 59 түрі бар, оның 23-і сирек кездесетін эндемик өсімдіктер болып саналады. Ең көп тарағандары: дәрілік бақбағы (T. offіcіnale), көксағыз бақбағы (T. kok-saghyz). Олар шалғынды, көгалды жерлерде, жол жиегінде, тау бөктерлерінде өседі. Биіктігі 4 — 30 см-дей, сабағы қуыс, жапырақсыз, тықыр, сүтті шырынды болады. Жапырақтары қауырсын пішіндес, жиегі тегіс, тамыр мойнына айнала шоғырланады. Гүлдері қос жынысты, сары түсті, тостағанша дөңгеленіп сабақ ұшында орналасады. Сәуірмамыр айларында гүлдейді, мамыр — маусымда жеміс береді. Жемісі — дәнек, ол желмен тарайды. Бақбақтың тамыры мен сабағы дәрілік мақсатқа қолданылады, сондай-ақ, мал азығына, тағамға пайдаланылады.

Бақбақ
Бақбақ
Бақбақ
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Asterids
Сабы: Asterales
Тұқымдасы: Asteraceae
Кіші тұқымдасы: Cichorioideae
Тайпасы: Cichorieae
Кіші тайпасы: Crepidinae
Тегі: Taraxacum
Cass.

Емдік қасиеті

Кәдімгі бақбақ – көктемнің тұңғышы, халық оны атам заманнан қадіртұтып, сүйіспенші- лікпен «жер күні»,«денсаулық эликсирі» деп атаған. Бақбақтың емдік қасиетін Ежелгі Гре- цияда ерте білген және оны араб медицинасы кеңінен қолданған.Көптеген елдерде ( Швейцарияда, Чехияда, Словакияда ) бақбақ тағамдық өсімдік ретінде өте бағалы, ал Францияда егіп өсіреді. Оның әлі өркендеп жетпеген, француздар « писанли » ( pissentli ) деп атайтын, жас жапырақтары ерте көктемде витаминді салат үшін пайдаланады. Тұқымдастың латын- ша « taraxic » ― көз ауруы атынан алынған, өйткені орта ғасырда дәрігерлер сол ауруды осы өсімдікпен емдеп жазған көрінеді. « tarassein » ― тыныштандыру деген сөздің басқа да туындылары болуы мүмкін. Бақбақтың жапырақтарында каротиноидтық заттар. С және В2 витаминдері бар, ал тез сіңетін кальций, фосфор, темір, магний, марганец тұздарының көптеген жапырықты көкөніс- тердегінен көбіне асып түседі. Жапырақтарынан және гүл сабақшаларынан қант ― инозит табылған. Тамырлары мен жапырақтарындағы сүтсымақта шырыш және ащы зат ― глико- зид тараксацин бар. Тамырларында крахмалдың орнына, әсіресе күзде, 25% дейін инулин жиналады. Жапырақтарындағы ашқылтым дәмінен құтылу үшін жапырақтарды әбден ағарғанға дейін сабанмен бүркейді, немесе жапырақтың кесінділерін 30 мин тұзды суда ұстайды, аш- қылтым дәмі қайтқанда және қуырғанда кетеді. Тағамға, әсіресе көктем кезінде, маринадталған гүл сабақшаларын да пайдаланады, ал қуырған тамырларын кофе орнына ішеді. Емдік мақсатқа жапырақтары мен тамырларының сөлін тәбет ашатын,асқортуды жақсартатын және қан тазартатын дәрі ретінде пайдаланады. Бақбақтан істелген тағам бауырды жақсартады және зат алмасуды дұрыстайды деген ұйғарым бар. Әр түрлі халықтың медицинасында тамыр мен құрғақ шөптің қайнатпасын асқазанның әр түрлі ауруларына, өт айдайтын,іш босататын, қақырық түсіретін дәрі ретінде, сондай-ақ май толық сіңбегенде қолданады.Атеросклерозды, анемияны емдеуге де болады.Тамырдан істелген ұнтақтар әр түрлі тері ауруларына және пигмент дақтарын кетіруге пайдаланады.

Дереккөздер


Tags:

Астралылар тұқымдасыДәнекЖапырақКөксағыз бақбағыЛатын тіліМалМамырСәуірЭндемикҚазақстанӨсімдік

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қабдеш ЖұмаділовДауысты дыбыстарЕңлік — Кебек (пьеса)Мұхаметжан ТынышбайұлыИталияАзаматтық қоғамАқбілек (роман)ҒұндарЖай сөйлемДидактикаTikTokЗат есімMicrosoft ExcelБұлшық етҚырғызстанГенетикаЗекетІлияс ЖансүгіровҚазақ ұлттық киімдеріТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыҒылыми-техникалық революцияНарықтық экономикаТұрар РысқұловҚазақстандағы сайлау жүйесіШымкентГендік инженерияҚыстырма сөзИслам пайғамбарларыӘбу Насыр Әл-ФарабиҚаңқаПайдалы қазбаларТүркияҚазақ ұлт зиялыларының қалыптасуыСөз таптарыАллитерацияБағаналы жасушаАқтабан шұбырындыӨтАнтонимЭфир майларыБуын үндестігіКөшбасшылықҚазақ хандығының құрылуыБезГеографиялық ақпараттық жүйеМиОрманды дала зонасыЖатыр мойны эрозиясыДевианттық мінез-құлықФосфорҮтір намазыӨкпе обыры16-17 ғасырлардағы Қазақ хандығы18 ғасырдың екінші жартысындағы Ресей отаршылдығына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстарДулатТұманбай МолдағалиевКенесары ханМүшел жасПітір садақаМиграцияТопырақ құнарлылығыБұқаралық ақпарат құралдарыҚазақстан Ұлттық футбол құрамасыҚазақтың балаға ат қою рәсіміБеғазы-Дәндібай мәдениетіБронх демікпесіКөкжөтелҚазақ тіліндегі жыл айларының атауларының мағынасыТуберкулезОрганоидтарЖусан иісі (повесть)Шығыс Қазақстан облысыЗат алмасуҚанайналым жүйесіҚазақша жыл санауХалықаралық ұйымдарРесми стильЭстроген🡆 More