Морфология
Зат есім - заттың, құбылыстың және жалқы есімдердің атын білдіріп, кім? не? кімдер? нелер? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. Күнделікті өмірде кездесетін, әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен оқиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды.
Кім? деген грамматикалық сұрауға жауап беретін зат есімдерге жалпы адам атаулары жатады. Адам атаулары деп жалпы адамға тән атауларды (кісі, бала, қыз, бөпе, шал, кемпір, келіншек, еркек, әйел т. б.) туыс атауларын (әке, шеше, әже, ата, аға, іні, апа, сіңлі, немере т. б.), іс-әрекет пен кәсіп-мамандық иелерінің атауларын (әнші, атшы, арбашы, ғалым, мұғалім, сатушы т. б.), әр алуан қызмет баптары мен лауазым атауларын (директор, лейтенант, бастық, мырза, ханым т. б.), кісі аттарын (Асан, Әсет, Иса, Алма, Рабиға, Жәмила, Гүлсім, Жанна т. б.) және басқа да осылар сияқты адамға тән атауларды айтамыз.
Не? деген грамматикалық сұрау, әдетте, адамнан өзге барлық жан-жануарлардың және күллі заттар мен нәрселердің атауларына қойылады.
Жалпы есімдер деп тілдегі әр алуан деректі және дерексіз заттар мен ұғымдарды білдіретін зат есімдер аталады.
Жалқы есімдер деп белгілі бір ғана затты арнай, даралай атайтын зат есімдерді атаймыз.
Жалқы есімдер мағына жағынан белгілі бір ұғымды білдірмейді, тек бір жеке-дара затты басқа заттардан ажырату үшін қойылған белгі - ат ретінде ғана жұмсалады.
Ішіндегі әр қилы ұсақ топтарды сөз етпегенде, жалқы есімдер ең әуелі үлкен-үлкен екі салаға бөлінеді: оның біріншісі - кісі аттары (ономастика), екіншісі - географиялық атаулар (топонимика).
Көптік мәнді есімдер деп затты жеке-даралап атамай, оның жиынын тобымен атайтын зат есімдерді атайды.
Көптік мәнді есімдердің ерекшеліктері тек семантикаларында ғана, демек, затты жекелеп атамай, топтап атауларында ғана емес, грамматикалық сипаттарында да бар. Мысалы, сол аталған ұн, алтын, жел, ақыл тәрізді көптік мәнді есімдерді алсақ, осылардың бәрі де практикалық тілде көптік жалғауы жалғанбай жұмсалады.
Көптік мәнді есімдерге мынадай зат есімдер жатады:
Бұлардан басқа да өздері түпкі табиғаты жағынан көптік мәнді білдіретін зат есімдер бар. Мысалы, табиғи жұп болып келетін зат есімдер де (аяқ, көз, құлақ, етік, байпақ, кебіс, бәтеңке, шаңғы т. б.), сондай-ақ, нәрсенің я заттың бөлінбейтін табиғи бөлімі я бөлшегі ретінде түсінілетін субстантивтік ұғымдардың атаулары да (көбінесе, көмекші есімдер, мысалы:асты, үсті, жаны т. б.) негізінде осы топқа жатады.
Көмекші есімдер деп лексикалық мағыналары бірде бүтіндей сақталып, бірде солғындап, өзге сөздермен тіркесу ерекшеліктеріне қарай, синтаксистік жағынан кейде жеке-дара мүше есебінде, кейде күрделі мүшенің құрамындағы дәнекер элемент есебінде қолданылып, морфологиялық жағынан зат есімдерше түрленіп отыратын жәрдемші сөздерді айтамыз.
Көмекші есімдер сан жағынан соншалықты көп емес, оларға алды, арты, асты, үсті, жаны, қасы, арасы, ортасы, іші, сырты, басы, беті, шеті, түбі, төбесі, тұсы, маңы сияқты сөздер жатады.
Құрылымы жағынан зат есім жалаң да, күрделі де болады.
Жалаң зат есімдер екі салаға бөлінеді: біріншісі - түбір зат есімдер, екіншісі - туынды зат есімдер.
Түбір зат есімдер деп қазіргі кезде тиісті морфемаларға (түбірге және жұрнаққа) бөлшектенбейтін, тек бір ғана түбір морфема (сөз) ретінде қабылданатын заттық атауларды айтамыз.
Туынды зат есімдер деп қазіргі кезде түбір морфемаға және қосымша (жұрнақ) морфемаға бөлшектенетін, демек, түбір сөзден жұрнақ арқылы жасалған заттық атауларды айтамыз.
Күрделі зат есімдерге кемінде екі я онан да астам түбір морфемадан құралған формалар жатады. Ондай зат есімдер қазіргі қазақ тілінде төрт түрлі:
Зат есімдер лексикалық, морфологиялық, синтаксистік тәсілдер арқылы жасалады.
Сондай-ақ, егін, сауын туынды зат есімдері ек, сау деген етістік түбірлерінен жасалса, олардан -шы (-ші) жұрнағы арқылы егінші, сауыншы деген туынды жаңа зат есімдер жасауға болады т. б.
Зат есім-сөз таптарының ішіндегі ең молы және басқа сөздердің негізгі ұйытқысы. Зат есім басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсіп, сөйлемде сөйлем мүшесінің барлығының қызметін атқарады. Дегенмен зат есім заттық ұғымды білдіргендіктен, оның сөйлемдегі ең басты, негізгі қызметі бастауыш пен толықтауыш болады. Зат есімдер қандай сөзбен тіркесуіне және сөйлемде қай орында тұруына байланысты анықтауыш та, пысықтауыш та, баяндауыш та бола береді.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Зат есім, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.