Шахмет Құсайынұлы Құсайынов

Шахмет Құсайынов (12 мамыр 1906, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Қаратал ауылы — 30 мамыр 1972, Алматы) — драматург.

Шахмет Құсайынұлы Құсайынов
Туған күні

12 мамыр 1906 (1906-05-12)

Туған жері

Қазіргі Қаратал ауылы, Айыртау ауданы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ресей империясы

Қайтыс болған күні

30 мамыр 1972 (1972-05-30) (66 жас)

Қайтыс болған жері

Алматы, Қазақ КСР

Азаматтығы

Шахмет Құсайынұлы Құсайынов КСРО
Шахмет Құсайынұлы Құсайынов РКФСР (1917-1922)
Шахмет Құсайынұлы Құсайынов Ресей империясы (1906-1917)

Ұлты

қазақ

Мансабы

драматург

Шығармалардың тілі

қазақ

Өмірбаяны

Алғашында Көкшетау мен Қарағандының аудандық және облыстық газет редакцияларында (1929 — 1935) қызмет атқарды.

1937 ж. Мәскеу қаласындағы Мемлекеттік театр өнері институтының режиссерлік факултетін бітірді.

1940 — 1950 ж. Семей драма театрының көркемдік жағын басқарушы, Қазақ мемлекеттік академиясы драма театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі, “Қазақфильм” киностудиясының сценарий бөлімінің редакторы, Қазақ КСР-і ғылым академиясының өнертану секторының ғылым қызметкері болып жұмыс істеді.

Шығармашылығы

Шығармашылық жолын газет тілшісі, очеркші ретінде бастаған Құсайыновтың алғашқы әдеби туындысы 1932 ж. жарияланды. Бұған дейін оның қаламынан туған тұңғыш “Солқылдақ шыбық” атты сатиралық комедиясы 1928 ж. Петропавл қаласындағы педагогикалық техникум оқушылары күшімен сахнаға қойылды. Осыдан кейін Құсайынов өзінің бүкіл шығармалары өмірін драматургия жанрына (“Шабуыл”, 1932; “Орақ”, 1935; “Шолпан”, 1938; “Кеше мен бүгін”, алғашқы нұсқасы “Марабай” деп аталған, 1940) арнады.

Құсайынов — театр өнері, спектакльдер мен сахна шеберлері жайында жазылған көптеген мақалалардың да (“МХАТ және Станиславский”, 1938; “Жас таланттар”, “Сахналық искусство”, 1939; “Елубай Өмірзақов”, 1950, т.б.) авторы.

1942 ж. жарияланған “Алдаркөсе” пьесасында қазақ ауыз әдебиетіндегі аңыздың негізінде, әлеуметтік теңсіздікке қарсы күрескер, халық кейіпкері — Алдаркөсенің образын жасады.

Драматург 1950 — 1970 ж. негізінен осы заманғы Әлеуметтік-моральдық пен адамгершілік, ізгілік пен адалдық, тәрбиелік пен көтеріңкі романтикалық тақырыпта бірқатар пьесалар (мысалы, “Көктем желі”, 1952; “Есірткен ерке”, 1954; “Ертіс жағасында”, 1957; “Таныс адамдар”, 1962; “Күн шуақта”, 1965) жазды; бұл шығармалары респликалық және облысы театрлар репертуарынан берік орын алды.

Құсайыновтың тарихи тақырыпқа арналған “Боран" (1937), “Амангелді" (1944), “Шаншарлар” (1947, Қ.Қуанышбаевпен бірге), “Біздің Ғани” (1957), “Қайран, Гәкку” (1962, кейін “Үкілі Ыбырай” деп аталған), “Әл-Фараби” (О.Бодықовпен бірге, 1972; “Сырымбет саласында”, 1966; “Қилы-қилы тағдырлар”, 1970;), т.б. пьесалары бар. Құсайынов өз шығармаларымен ұлттық драматургия жанрының өсіп, даму жолына елеулі үлес қосты.

Ол В.Абызовпен бірлесіп “Шабандоз қыз” (1955), “Біз осында тұрамыз” (1957), “Асау Ертіс жағасында” (1959) атты көркем фильмдер сценарийі мен киноповестерін жазған.

Естелік және марапаттары

1996 ж. Құсайыновның есімі Көкшетау драма театрына (қазіргі Ақмола облысы қазақ музыкалы драма театры) берілді.

“Құрмет белгісі” орденімен марапатталған.

Дереккөздер

Tags:

Шахмет Құсайынұлы Құсайынов ӨмірбаяныШахмет Құсайынұлы Құсайынов ШығармашылығыШахмет Құсайынұлы Құсайынов Естелік және марапаттарыШахмет Құсайынұлы Құсайынов ДереккөздерШахмет Құсайынұлы Құсайынов12 мамыр1906197230 мамырАйыртау ауданыАлматыДраматургияСолтүстік Қазақстан облысыҚаратал (Айыртау ауданы)

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ЖерМұнайЭкономикаМысықБесін намазыVII — IX ғасырдағы сәулет өнері ескерткіштеріҚара құрдымАлаш партиясыЖалаң сөйлемҰйғырларЖІӨ (номинал) бойынша елдер тізіміАрал экологиясыСоғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның ауыл шаруашылығы (1946-1960)Бұлшықет талшығыБаяндауышСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыӘжеМұнай өнеркәсібіБуддизмҚазақстанның кен ресурстарыУнитарлы мемлекетҚазақстан әкімшілік бірліктеріДәруменОсип Андреевич ИгельстромҚыз ЖібекМитозҚазақстан өсімдіктеріТемірхан МедетбекИмпрессионизмҚаныш Имантайұлы СәтбаевТабиғатЖуніс СахиевАлтын ОрдаБіржан ҚожағұлұлыКөмірсуларКөзКонсументтерКерей ханСөйлемнің бірыңғай мүшелеріӨкпеАбылай ханСәкен СейфуллинИбн СинаМәдени өсімдіктерАустралияАтомның ядролық үлгісі. Резерфорд тәжірибесіҚазақ әліпбиіКәсіпорынҚосарлы ұрықтануЖамбыл ЖабайұлыБарсакелмес қорығы1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісҚазақ театрыӘлеуметтік инфрақұрылымДомбыраҚазақстанның 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайыГендік инженерияАмерика Құрама ШтаттарыАксонАлаш автономиясыАғзалардың жеке дамуыСудың ластануыАналық жыныс жасушасыМемлекеттік басқару формасыШоқан Шыңғысұлы УәлихановБалуан ШолақТұрар РысқұловБасты бетАлкиндерИсламдағы жыныстық өмір әдебіНегіздерКүй аңызы (әңгіме)Зар Заман ақындарыСызықшаҚазақстандағы саяси партияларАқсу-Жабағылы қорығыҚазақстанның тұңғыш мектептеріЖүрек-қантамырлар жүйесі🡆 More