Қобыз

Қобыз — таңқаларлық пішінді және ғажайып сазды, бай тембрлі аспап.

Қобыз қазақ халқының ең көне аспаптарының бірі болып табылады.

Қобыз
Жіктелуі

шекті музыкалық аспап

Музыканттар

Ықылас Дүкенұлы
Қорқыт ата

Сипаттамасы

Қобыз 
Қобыз

Қобыз екі шекті 40-қа тарта аттың ұзын қылы керілген ысқышы бар аспап. Қылқобыз аталуы да осыдан болар. Қобыз үнінің төмендеп қайта жоғарылап дыбыс шығаруы — шектеріне саусақтың ұшын ғана тигізіп, сәл ғана басып шертіп, керілген қылды ысқышпен үйкеп ысқылап тарту арқылы ысқышты аспапқа «іліп қойғандай» етіп көлденең ұстап ысқылап сүйкеп-сүйкеп көсеп-көсеп жібергенде флажолетті обертонды қою-қошқыл сазды мұңлы болып шығады.

Біреулер оны құс даусына ұқсатады: « — Оның даусы аспаптың шегін аттың жалынан керілген қылдан тартылған еспе ысқышпен үйкелегенде аққудың үніне ұқсас дауыс шығады» — дейді (П. Паллас). Енді біреулер қобыз үнін адам даусына ұқсатады (Б. Сарыбаев) ащы, зарлы, өксікті үн шығарады деген де пікір айтады. Кобыздын 4000 жылдык тарихы бар.

Қобызға деген көзқарас

Қобыздың саз аспабы ретінде тағдыры тайғақ, жолы тар, қиын-қыстау болды. Бұл аспап қазақ халқының тарихи-этникалық мәдениетінің көне көзі, рухани қазына мүлкі, эпостық және аспаптық музыкалық өнерін күні бүгінге дейін сақтап жеткізуші ұлттық мұра бола тұра, ол өзіне деген кертартпа ескілікті көзқарастан арылмай ақталмай-ақ қойды. Әу бастан-ақ қобыз бақсының, бақсылық жасаудың құралы деген пікір қалыптасқан болатын. Сондай бір түсінбеушіліктің кесірінен қобыз жаңа заман көшіне ілесе алмай ескіліктің қалдығы саналып жоғалып, жойылып кетудің алдында қалды дейді А.Затаевич. Осының салдарынан 20 ғасыр басында қобыз аспабына арналып шығармалар жазылмай сиреп ұмытыла бастады. «Әкеден балаға мұра» болып келе жатқан қасиетті өнеріміз, ұлттық салт-санамыз, отбасылық қобызшылық дәстүріміз үзіліп қалды. Классикалық қобыз музыкасының аты аңызға айналған ең соңғы хас шебері 19 ғасыр ортасында дүниеге келген Ықылас Дүкенұлы.

Дегенмен жоғалып жойылып құрып кетуге жақын қалған қобыз ойнау өнерін өмірге қайта оралтып «шаң басқан уақыт» пернесін ашуға жасалған шаралармен ізденістер, талпыныстар болмай қалмады. Осындай істің басында бірегей ірі қобызшылар зор тұлғалы музыканттары болып Жаппас Қаламбаевпен (1909—1970) Дәулет Мықтыбаев (1904—1976) тұрды. Шын мәнінде осы екеуінің арқасында музыкалық қобыз аспабының барлық құпиясымен қасиетінің қыры мен сыры сақталып өткеніміздің баға жетпес асыл мұрасын шашау шығармай жоғалтпай бізге жеткізіп жаздырып қалдырып кеткеніне шүкір дейміз.

Қобызда ойнап ең алғаш рет концерттік эстрадаға шыққан, 1968 жылы Алматы консерваториясында ашылған қылқобыз класына бірінші сабақ берген де осы екі тарлан.

Сілтемелер

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Tags:

Қобыз СипаттамасыҚобыз ға деген көзқарасҚобыз СілтемелерҚобыз Тағы қараңызҚобыз ДереккөздерҚобыз

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ЖұмбақтасШығыс Қазақстан облысыБейбітшілік және келісім сарайыҒылыми-техникалық революция және дүниежүзілік шаруашылықтың дамуыҚазақстанның жеті кереметіТегеран конференциясыЖан басына шаққандағы ЖІӨ (номинал) бойынша елдер тізіміМұхаммедИталияКүй аңызы (әңгіме)Түпті жуаБейнелеу өнеріФотосинтезБарбаросса жоспарыЮпитерӘмір ТемірМонро доктринасыСын есімФранция Ұлттық кітапханасыТабиғатАналық жыныс жасушасы314-атқыштар дивизиясыЕгіншілікОрталық ҚазақстанАқуызИсламдағы жыныстық өмір әдебіҒылымӘйтеке биТәуекел ханТерминЛенинград шайқасыБайқоңыр (ғарыш айлағы)Тәуелсіз Қазақстан тарихыҚызыл кітапЭлектромагниттік индукцияMicrosoft ExcelЕуропаРеформацияКөзЕкінші дүниежүзілік соғысҚазақстан мемлекеттік рәміздері16-17 ғасырлардағы Қазақ хандығыХалықаралық валюта қорыИтЕтісВегетативтік көбеюҚоғамГормондарАктинАдам қаңқасыЕсік Алтын адамыТабиғатты қорғауРақымжан ҚошқарбаевМұхитГеосаясатПедагогикаҚазақ мәдениеті2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі лаңкестік актілеріҚазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніҚазақстанның экологиялық проблемаларыЖұлынЕсімдікНафтаКүнделік.кзКітапГеографияКөмір өнеркәсібіӘлем елдерінің тізіміЕменТеміртауҚазақстан әкімшілік бірліктеріМәдени өсімдіктердің шыққан орталықтарыТұқым қуалайтын өзгергіштікБейімбет Жармағамбетұлы МайлинМағжан Бекенұлы ЖұмабаевАлматы қорығыҚазақ халқының ұлттық тағам түрлері🡆 More