Топырақ Құнарлылығы

Топырақ құнарлылығы — топырақтың өсімдіктер дүниесін қажетті қоректік заттармен және сумен, ал тамыр жүйесін оттекпен, жылумен және қолайлы физ.-хим.

ортамен қамтамасыз ету қасиеті. Бұл топырақтың ең басты қасиеті. Топырақ құнарлылығы. биоценоздың жалпы өнімділігі мен а. ш. дақылдарының түсім мөлшерін анықтайды.

Топырақ құнарлылығын екіге бөледі: табиғи және жасанды. Табиғи Топырақ құнарлылығы топырақ түзілу процесі нәтижесінде пайда болған топырақтың табиғи күйіндегі құнарлылығы. Ол қарашірінді қабатының қалыңдығына, қарашірінді құрамына, қоректік элементтердің жеткілікті болуына, топырақтың түйіршікті, минерал. және хим. құрамына, микробиол. процестердің қарқындылығына тәуелді. Жасанды Топырақ құнарлылығы сол табиғи құнарлылықты арттыру мақсатында қолдан жасалған көптеген әрекеттердің нәтижесінде (өңдеу, тыңайтқыштар қолдану, дақылдарды егіп өсіру, мелиорация, т.б.) алынады және егілген а. ш. дақылдарының түсім мөлшеріне қарай бағаланады. Топырақты қорғап және оны дұрыс пайдалана білсе, оның құнарлылығы артады.

Табиғи құнарлылығы төмен, егіншілікке жарамсыз топырақтарды да адам қолымен жақсартып, егіншілікке қарқынды пайдалану арқылы жоғары өнім беретін алқаптарға айналдыруға болады. Табиғи құнарлылық пен жасанды құнарлылықтың қосындысы – экон. немесе тиімділік құнарлылық деп аталады. Ғасырлар бойы адамзат қоғамы негізінен табиғи құнарлылықты пайдаланып, соның берген азды-көпті өнімін қанағат тұтып келді. Бұрынғы кезде ұзақ жылдар бойы егіншіліктің үш танапты жүйесі орын алып, онда тың жатқан жерлерді жыртып, оған үш жылдай қатарынан егіс еккен. Ол жерлерден табиғи құнарлылығы арқасында өнім алып, одан кейінгі жылдары өнім азая бастаған кезде егістікті басқа жерлерге ауыстырып егу тәжірибесі өріс алып келді. Мұны егіншіліктің көшпелі жүйесі деп те атады. Дегенмен ғыл.-тех. прогрестің даму нәтижесінде жерді үнемі дұрыс пайдаланған жағдайда, ол ешуақытта жарамсыз болып, істен шығып қалмайтыны белгілі болды. Керісінше жылдан-жылға жақсара түседі.

Дереккөздер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VIII том

Tags:

Топырақ

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ГлюкозаҚазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясыМетафораСаңырауқұлақтарУнитарлы мемлекетҚазақстан Республикасының ұлттық кітапханасыАнтропогендік факторАзаматтық қоғамҚазақстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізіміЕкінші дүниежүзілік соғысМиокард инфарктыҚабанбай батырҰлықбек Оразбайұлы ЕсдәулетКонъюнктивитҚазақтың балаға ат қою рәсіміҰйғырларҚұқықҚазақ тіліндегі жыл айларының атауларының мағынасыҚазақстанның сыртқы саясатыҚазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі ғылыми мекемелері мен ғылыми-зерттеу жұмыстарыҰлы Отан соғысыКомпьютерЖыныс мүшелерінің құрылысыТәуелдік жалғауҚазақстандағы су қоймаларының тізіміЖыныс мүшелері ауруларыБалқаймақКрест жорықтарыЖыртқыш аңдарЕуропа мемлекеттерінің және тәуелді аймақтарының тізіміКСРО ыдырауыСұлтанмахмұт ТорайғыровЦиститМұхитОңтүстік АмерикаҚозы Көрпеш – Баян Сұлу кесенесіДомбыраҚазақ-Жоңғар соғысыЖаһандануҚазақ халқының өлім-жітім жөнелту салтыЖүсіпбек АймауытовЖынысБатыс Түрік қағанатыӘлия Нұрмұхамедқызы МолдағұловаҚантамырларӘбіш КекілбайұлыҚос сөзКөз тиюТасаттықГеморройҰлпан (роман)СырдарияАңыздың ақырыИспанияҚазақ Кеңестік Социалистік РеспубликасыДәрілік өсімдіктерЖұмбақтасБалықтарКөзімнің қарасы...Айдын Ақанұлы АйымбетовФилософияТопырақАдам атаКерей ханЖеуге жарамды және улы саңырауқұлақтарИсламВКонтактеБрест қорғанысыКаспий теңізіАдайӨсімдіктерДауыссыз дыбыстарСұлтан БейбарысПерғауынХолециститОрманҚаһарман БабағұловҚасым хан🡆 More