Мүшел Жас

Мүшел жас - қазақ халқының адам жасын есептеу үлгісі.

Дәстүрлі қазақ қоғамында баланың 13 жасқа толуы алғашқы Мүшелі деп саналады,яғни бір мүшелді толтыру. Одан кейінгі Мүшел жасы әр 12 жыл қайталанған сайын есептеліп толып отырады. Ол 25-ке толғанда екі Мүшел, 37-ге толғанда үш Мүшел, 49-ға келгенде төрт Мүшел, 61-ге келгенде бес Мүшел деп есептеледі. Халықтың адам өмірін кезеңдерге бөлуіне байланысты қалыптасқан шартты түрдегі бөліністері мен Мүшел санау үрдістері қоғам мүшесінің әлеуметтену жағдайын, яки қоғамдағы орны мен мәртебесін белгілеуді білдірді. Бірақ бір Мүшел жастағы ерекшеліктен келесі Мүшел жасқа өтуді әлеуметтік құбылыс деп тануға негіз жоқ. Өйткені ол адамның биологиялық қасиеттеріне де тән құбылыс болғандықтан, әр Мүшел ішінде адамның өзіне тән қасиеттері мен болмысы қалыптасады. Мысалы, 1-мүшел балиғатқа толуға байланысты болса, 2-мүшел ат жалын тартып мінген жастың есейген шағы, 3-мүшел ақыл-парасаттың толысу шағы деген адамның физиологиялық-психологиялық жетілулерін меңзейді. Мүшелдер арнайы ғұрыптар арқылы аталып өтілген. Олар: жарты Мүшелге келген ұл баланы сүндетке отырғызып, “атқа мінгізу” мен қыз баланың құлағын тесіп, “сырға тағу”, алғашқы Мүшелінде балиғатқа толуына байланысты “он үште отау иесі” болу, тағы басқа. Мүшелден мүшелге өту аралығындағы жаста адамға қауіп-қатер жуық болады деп есептеліп, тән мен жанның өзгеріске ұшырайтын тоқырау кезі, белесі деп саналды.

Дереккөздер


Tags:

ДәстүрМүшелҚазақ

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ШиеПопуляцияҚазақстандағы жаңа экономикалық саясатҚазақ халқының ұлттық тағам түрлеріҚазақ хандығының құрылуыҚазақстандағы су тасқыны (2024)Филипп Исаевич ГолощёкинМәшһүр Жүсіп КөпейұлыГлюкозаҚазақ тіліндегі өсімдік атауларының тізіміРобототехникаЖүрек ауруларыЭстрогенАспанҚытай Халық Республикасы экономикасыСуАбай Құнанбайұлының шығармаларыБуддизмТүрксібОрганогенезТемірқазықОңтүстік АмерикаДәулеткерей ШығайұлыСөз тіркесіҚышқылВирусты гепатит ВАшаршылықАмерика Құрама ШтаттарыАвтотрофтарАюларВегетативтік көбеюЭмбриогенезӘпке (драма)Қазақстандағы туризмЕсік Алтын адамыАльбрехт ДюрерГеографияШығыс Қазақстан облысыМиелин қабықшасыТуризмЕтістікАустралияҚазақстан Республикасының Мемлекеттік ӘнұраныСәбит Мұқанұлы МұқановВолейболҒабиден МұстафинНәруыздыӊ бірінші реттік құрылымыКемпірқосақҚазақстан экономикасыҚарлығаштарНегіздерҚазақстан аудандарыМеталдарЕртісАшықтұқымдыларЗәр шығару жүйесіГаплоидИнфрақұрылымАИВ/ЖИТССақтарЖұмыссыздықКиелі жануарларКиіз үй құрылысыАрыстанФутболБұлшықет талшығыҮйсін мемлекетіҚытайЕтістіктің шақ категориясы — іс-әрекетМұхитӨркениет316-атқыштар дивизиясыҚазақстанның тұңғыш мектептеріЕсім хан саясатыИспанияБидай (астық)Microsoft Excel🡆 More