Дулат

Дулат, Доғлат - қазақ халқын құраған ежелгі түркі тайпаларының бірі.

Дулат атауы тарихи деректерде өте ерте заманнан кездеседі. Атақты шығыс зерттеушісі Н.Я. Бичурин мен Г.Е. Грумм-Гржимайлоның жазуына қарағанда, Дулаттар б.з.б. 2-ші ғасырында өз алдына хандық құрған (ол кезде билеушісі хан деп аталмай, «би» деп аталған), Үйсін (Усунь) тайпалар одағында дулу тайпасы да болған.

Дулат
Dulat`s land

Үйсіннің гуньмосы (гуньми – күнби) қартайған шағында он ұлының үлкенін өз орнына тағайындайды. Бірақ ол көп ұзамай дүниеден қайтады. Өлерінде ол орнын өзінің тұңғыш баласына беру туралы әкесіне тілек білдіреді. Әкесі оның әрі батыр, әрі тапқыр ортаншы баласы Далуды қойғысы келсе де, көңілін қимай, уәде етеді. Қарт би тақ үшін немересі Далуды мерт етер деп ойлап, екеуіне де елімен қоса он мыңнан атты әскерді еншіге беріп, ордасы Ханқорадан (қытайша Чугу-чень, қазіргі орны Құмтөкей, Алматы облысы Кеген ауданы) біреуін Ыстық көлге, Далуды Іленің бойына қондырады. Содан Далудың еншісіне тиген ел далу болып аталып кетеді. Кейбір ғалымдардың пікірлеріне сүйенсек, далулар ғұндардың құрамындағы елеулі тайпалардың бірі екен. Далулардың бір бөлігі ғұн тайпалар одағының 434–453 жылдардағы көсемі Моншақ ханның баласы Аттиланың (453 жылы өлген) басқаруымен Азияны басып өтіп, Еуропаның біраз жерін басып алуға қатысады. Аттила әскерінің негізгі күші далулар мен қыпшақтар еді. Далулар Ұлы Бұлғария мемлекетінің де негізін қалаған тайпалардың бірі болған. Мемлекет билеушісі Құбырат хан қайтыс болған соң, хазарлар мен аландардың шапқыншылығына ұшыраған далулардың бір бөлігі Аспарух ханның бастауымен Оңтүстік Бессарабия арқылы Дунайдың оң жағалауындағы Византияға қарасты жерлерге өтті. Олар барған жерінде Дунай бұлғарлары атанды. Жергілікті тайпаларды күшпен бағындырып, 680 жылы Аспарух басқарған бұлғар мемлекетін (қазіргі Болгария) құрды. Аспарухтың інісі Ботбай (Ботбаан) басқарған далулардың екінші бір бөлігі хазарларға бағынып, Хазар қағанатының белді тірегіне айналады. Қағанат ыдыраған соң, Ботбай әулеті ата мекеніне оралған, сөйтіп, қазіргі Далу тайпасының бір тармағын құраған деген де пікір бар. Ұлы Бұлғар мемлекетінің үшінші бөлігі Еділ бойымен жоғары ығысып, кейін Еділ Бұлғариясының негізін қалағаны белгілі.

Дулат
Таңба мен Ұран

Талдықорған қаласының солтүстік шығыс жағындағы Дауылбай тауында Дулаттың шеңбер таңбасы (қосымшаларымен қоса) шекілген тастар көп. Мұнда солармен аралас арғынның «көз» таңбасы, найманның «айқыш» таңбасы, үйсіннің «тарақ» таңбасы да кездеседі. Шыңғыстаудағы Көпмолада бұл таңбаларға қыпшақтың «әліп» таңбасы қосылған. Осы таңбалар Қу, Қойтас (Көкшетау облысы) тауларындағы молаларда да ұшырайды.

Рашид әд-Диннің айтуынша, олар Шыңғыс хан империясы дәуіріндегі ірі тайпалардың бірі болған. Көптеген тарихи деректерге қарағанда, Дулат тайпасы, әсіресе, 14–16 ғасырлар арасында зор ықпалға ие болған. Бұл дәуірде олардан көптеген атақты билер мен бектер шығып, әуелі Шағатай ұлысында билік жүргізеді, кейін Әмір Темір хандығының ісіне араласады. Бауырты, Бұлатшы, Хұдайдад, Камариддин, Әмірдәуіт және Әбубәкір (Шығыс Түркістан мен Жетісуды билеген), т.б. ерекше ықпалды болған. Шағатай әулетінің соңғы хандары Сейіт пен оның баласы Рашидтің кезінде Д-тар бұрынғыдай ұлыс мәселесіне қатыспай, тек әскер басы қызметін атқарған. 15–16 ғасырларда Дулаттардан Мұхаммед Хайдар Дулат («Тарихи Рашидидің» авторы), Махмұд Жорас, Әмір Уәли сияқты оқымысты ғалымдар шықты. Олар өз көздерімен көрген тарихи оқиғалар туралы еңбектер қалдырған. Қазақ халқының үш ұлы биінің бірі Төле би де осы Дулат тайпасының жаныс тармағынан. Қазақ шежіресі бойынша, Дулат – Ұлы жүз құрамына кіретін ірі тайпалардың бірі. Н.А. Аристовтың Ботбайдан шыққан Диқанбай батырдан (1876 жылы өлген) жазып алған шежіресі бойынша, үйсін Бәйдібектің үшінші әйелі Домалақ анадан (Нұрилә) Жарықшақ туады. Жарықшақтан Албан, Суан, Дулат болып тарайды. Дулаттан Ботбай, Шымыр, Сиқым, Жаныс тараған.

Дереккөздер

Tags:

Үйсіндер

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

МиграцияТел өскен ұлҚаңлыларҚазақстанның мемлекеттік құрылымыҒылыми фантастикаӘпке (драма)Айша бибі кесенесіСөз тіркесіДүниежүзінің табиғат ресурстары16-17 ғасырлардағы Қазақ хандығыСпирттерСөйлемнің бірыңғай мүшелеріМағжан Бекенұлы ЖұмабаевҰжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымыВирустарҚазақстан тарихыКаспий экологиясыӨркениет1917 жылғы екі революция кезеңіндегі ҚазақстанБұқаралық ақпарат құралдарыЛеонардо да ВинчиЖоңғар шапқыншылығыЭлектрондық сандық қолтаңбаТоталитаризмКөмір өнеркәсібіБабырҚазақстанның мұнай өнеркәсібіКорея РеспубликасыҰйқы безіЕскендір (поэма)МиҚазақстанның экологиялық проблемаларыҚазақстан халқының бірлігі күніСфералық айналарБронхитЖалаң сөйлемҒарыштануҒарышкерШерхан Мұртазаұлы МұртазаЖан басына шаққандағы ЖІӨ (номинал) бойынша елдер тізіміЖелтоқсан көтерілісіне қатысқандар тізіміАуыл шаруашылығыАлматы облысыЛиберализмТанымал қазақтардың тізіміҚарлығаштарАққан жұлдыз (роман)АрқарРайымбек батырШолпан (ғаламшар)ҮндістанТұрар РысқұловЕжелгі Рим мәдениетіҒабит Махмұтұлы МүсіреповАлаш партиясыАтаулы сөйлемШешендік сөзҚадыр Мырза ӘліІлияс ЖансүгіровҚазақстан астанасыБейімделуКүй аңызы (әңгіме)КөктемӘсет НайманбайұлыАйнұр ТұрсынбаеваГалогендерҮйсін мемлекетіЭлектромагниттік толқындарАдам қаңқасыСалалас құрмалас сөйлем38-атқыштар дивизиясыКөне түркі жазбаларыАбай ҚұнанбайұлыЗат есімНАТОБердібек Ыдырысұлы СоқпақбаевБіріккен Араб ӘмірліктеріСәкен Сейфуллин🡆 More