Роман Аққан Жұлдыз

Аққан жұлдыз — Сәбит Мұқановтың романы, екі кітаптан тұрады.

Бұл шығарма атақты ғалым Шоқан Уәлиханов туралы көптеген зерттеу, маңызды еңбектерге, фактілерге негізделіп, Шоқан болған жерлерге саяхаттар жасау нәтижесінде өмірге келген шығарма. Мұқанов осы тақырыпта "Ш.Уалиханов", "Қашқар қызы" деген пьесалар да жазды.

Қазақ әдебиетінің алыптар шоғырының бастауы Сәбит Мұқанов қазақтың 19 ғасырдағы ойшыл-ғалымы Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығын ұзақ жылдар бойы терең зерттеді. Осы зерттеу еңбектерінің нәтижесінде «Аққан жұлдыз» (1967-1970) романы туды. Жазу барысында арнайы Қытайға, Шыңжаң өлкесіне барып, Шоқанның сонда өткізген өмір кезеңдерін, бастан кешірген оқиғаларын зерттеп біледі. Омбы және Ленинград қалаларының мұрағаттары мен кітапханаларын күні-түні ақтарып, Шоқан өміріне қатысты материалдар жинады. Шоқанның қоғамдық өмірден шеттелуіне, одан «безінуі» мен «түңіліске» патша шенеуніктері тарапынан көрсетілген сенімсіздік пен жан күйзелісі себепші болады. Оның астарында Шоқан Уәлихановтың өз халқының шығу тегін қазбалау, этностық аумағы мен жер-су аттарының түп-төркінін анықтау, «еркіндік» пен «теңдік» туралы идеялары жатты. «Тұманды дәуірде» өмір сүріп, өз халқының алдында «болу не болмау» мәселесінің тұрғанын бүкіл болмысымен, жан-дүниесімен ұғынған Шоқан Уәлиханов ұрпақтары үшін жарық жұлдыз екенін Сәбит Мұқанов тағы бір дәлелдеді. Өз халқын жан-тәнімен сүйген Шоқанды «тамаша ойшыл» ретінде суреттейді. Еңбектің көркемдік жағы Шоқанның тұлғасын өзі өмір сүрген қоғамның әділетсіздігін сынай отырып жазылуымен ерекшеленеді. Шығармада қазақ-орыс қатынасының ара-жігі, сол кезеңде қабылданған реформаның, патшалық Ресейдің қол астына кірген қазақтың жайы кеңінен қамтылған. Шоқан туралы жазған еңбегінің 2 кітабы ғана аяқталған. Шоқанның өнегелі өмірінің ғұмырнамасына айналған еңбек аяқталмаған күйде қалды.

Tags:

Сәбит МұқановШоқан Уәлиханов

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Киіз үйЖеті атаМата атаулары мен түрлеріӨт айдайтын дәрілерХимиялық байланыстарХлорТәуелдік жалғауТамыр (өсімдік органы)ТозаңдануКөзімнің қарасы...СаясатКелін түсіруҚазақ күресіКөтеуҚазақ әліпбиіТеатрАқмешіт әулие үңгіріЛипидтерАбайдың қара сөздеріОм заңыСиноним1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісҒұндарМәдени өсімдіктердің шыққан орталықтарыСауд АрабиясыАнтикалық философияМұнай өнеркәсібіҚытай тарихыҚазақстанның пайдалы қазбаларыҚарақалпақстанСаңырауқұлақтарАлаш партиясының бағдарламасыИнвестицияШығыс Қазақстан облысыБірінші Мемлекеттік ДумаҚазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік РеспубликасыЖыныс мүшелерінің құрылысыҚазақ тіліндегі жыл айларының атауларының мағынасыМарқакөл қорығыМиграцияҚазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі оқу-ағарту ісіДулатҚазақстан демографиясыАқуызҚазақ халқының өлім-жітім жөнелту салтыҚаһарМонархияЖұрнақЖүсіпбек АймауытовӘбу Насыр Әл-ФарабиЕуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымыҚазақтың салт-дәстүрлері (тізім)Қорғалжын қорығыРесей империясыҚазақстан Республикасының КонституциясыХристиандықҚатерлі ісікБіріккен сөздерБауыр (орган)ӨскеменТолықтауышЕуропа одағыБүркітҚыз ЖібекСаяси партияҚарагөз (трагедия)Қазақстан индустрияландыру кезеңіндеҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіҚазақтың ұлттық тағамдарыПессимизмЭлектромагниттік толқындарТүркістан (қала)Құрсақ тойМүшел жасЭнеолитБауырымен жорғалаушыларГеродот1917 жылғы екі революция кезеңіндегі Қазақстан🡆 More