Біріккен Сөздер

Біріккен сөздер — екі, кейде одан да көп сөздердің бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіретін сөзді атайды.

Біріккен сөздер сөз табының барлығында ұшырасады (Контаминация).

Олардың кейбір тобы құрылымдық жағынан сөз тіркестеріне жақын. Мысалы, ақкөңіл, қырықаяқ, теміржол, атаққұмар, үшбұрыш, антұрған, т.б. Негізінен, біріккен сөздерге біртұтастылық қасиет тән боп келеді.

Оларды бірнеше топқа бөлуге болады:

1) екі компоненті бірігіп, ортақ мағына пайда болады. Мысалы, ақбоз, алтыбақан, басқұр, еңбеккүн;

2) әр компонент ортақ екпінмен айтылып, екі сөз бірігеді, соның нәтижесінде сөз құрамы түрлі фонетикалық өзгерістерге ұшырайды. Мысалы, алаөкпе (ала+өкпе), алауыз (ала+ауыз), жамбас (жан+бас), күздігүні (күзді+күні), қайынаға (қайын+аға), т.б.

Кейбір біріккен сөздердің құрылымы тарихи даму барысында танымастай өзгеріп, кіріккен сөздерге айналған.

Мысалы, әкел (алып+кел), бүгін (бұл+күн), ағайын (аға+іні), білезік (білек+жүзік).

Біріккен сөздердің өзіне тән графикалық ерекшелігі бірігіп жазылу не дефис арқылы жазылуы. Біріккен сөздер негізінен, сөз тіркесінен туатындықтан, олардың құрама бөліктерінің өзіне тән тіркесу тәсілдері бар:

  1. Салаласа тіркескен біріккен сөздер (компоненттері тең дәрежеде): біртұтас, желмая, қолхат, жолсерік, өнеркәсіп, ақсары, т.б.);
  2. Сабақтаса тіркескен біріккен сөздер (компоненттерінің арасында басыңқы, бағыныңқы қатынас, көбінесе, анықтауыштың не толықтауыштың қатынасы болады): алабұға, қолөнер, жиһанкез, қоғамтану, алжапқы, жанашыр, т.б.

Екі компоненттің бірігуі арқылы пайда болған біріккен сөздерді сөзжасамның бір тәсілі деп қарауға болады. Олар әр түрлі мағына береді:

  1. адам, зат, өсімдік, жануар, ұғым атауы. Мысалы, бой+жеткен, қол+жазба, қой+бүлдірген, ақ+құман, алты+атар, алты+бақан, т.б.
  2. экспрессивті ауыспалы мағына. Мысалы, ақ+жүрек, ақ+көңіл, ақ+сүйек, ала+ауыз, алып+сатар, арам+тер, ашық+ауыз, бақ+құмар, басы+байлы, бет+ашар, қаңғы+бас, т.б.

Дереккөздер

Tags:

Контаминация

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Темір жол көлігіАбай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрыПайдалы қазбаларҚазақстан мәдениетіЖай сөйлем және оның түрлеріСөз тіркесіКүрішСыбайлас жемқорлықҚытай Халық Республикасы экономикасыҚанДомбыраЖеті қазынаСақ мәдениетіСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыНейрулаЖелтоқсан көтерілісіКөнерген сөздерЕгемендікКанадаІлияс ЖансүгіровБарыс (жануар)Қаныққан көмірсутектерТүйе малының атауларыҚызыл кітапЖұптұяқтыларӨмірзая (роман)Аралас құрмалас сөйлемДауысты дыбыстарПневмонияОрбұлақ шайқасыЖІӨ (номинал) бойынша елдер тізіміКітапханаҚазақстан жоғарғы оқу орындарының тізіміКүнбағысКемпірқосақЖоғары сатыдағы өсімдіктерЖұлын жүйкелеріСинапстерАзотМіржақып. Оян, Қазақ (фильм, 2023)БабырСалқам Жәңгір ханСақтардың бейнелеу өнеріҒаламшарТар жол, тайғақ кешуКеңес үкіметіГаметофитТұрсын ханҮндістанРентген сәулесіСоғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның ауыл шаруашылығы (1946-1960)Исламдағы жыныстық өмір әдебіБерлин операциясыҚант диабетіБритан музейіОқшау сөздерМахаббат, қызық мол жылдарБақытсыз ЖамалМахамбет ӨтемісұлыТабиғатты пайдалану мен қорғау негіздеріҚазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі ғылыми мекемелері мен ғылыми-зерттеу жұмыстарыҚызғалдақҚазақстан азамат соғысы жылдарындаСпораҚазақстандағы саяси партияларИосиф Виссарионович СталинАтомның ядролық үлгісі. Резерфорд тәжірибесіСолтүстік АмерикаҚазан төңкерісіДінСаясатСалықТұсаукесерАғаш түрлеріВегетативтік көбеюҮш жүз он екінші атқыштар дивизиясыҚазақстанның білім беру жүйесінің тарихыФотоэлектрлік құбылыстар🡆 More