Пітір садақа пітір сөзі араб тілінде - «жаратылыс» деген мағынаны білдіргендіктен, кейбір ғұламалар пітір садақасын «дененің зекеті» деп атаған.
Пітір садақасы - күнделікті қолданылатын негізгі қажеттерінен тыс, кем дегенде, нисап мөлшеріндегі (85 гр. алтын немесе құнына тең) байлыққа ие адамға уәжіп садақа. Пітір садақасы һижреттің екінші жылы, Рамазан оразасы парыз етілген жылы уәжіп етілді. Пітір садақасы Ораза айт күні таң атысымен уәжіп болғанымен, бірнеше күн, тіпті бірнеше ай немесе жыл бұрын беруге де болады. Бұл садақаның Ораза айт намазына дейін берілгені дұрыс. Пайғамбарымыз (с.а.у.) «Осындай күнде (айт мейрам кедейлерді қайыр садақа тілеуге мұқтаж етпеңдер», - деген. Кедейлердің осындай барлық адамдардың қуанып, тойлайтын мейрам күнінде халықтың беретін пітір садақалары арқылы қажетті нәрселерін алып елмен бірге ойнап күлулерін ойлаған пітір садақасы бір жағдайлармен аталмыш мерзімнен қанша кешіктірілсе де, міндетті түрде берілуі тиіс.
Пітір садақасы мына төрт нәрсенің кез келген біреуінің өзінен немесе құнынан беріледі. Кедейлердің кез келген қажетіне ыңғайлы болғандықтан құнын беру - абзал.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — Ислам туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Пітір садақа, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.