Алюминий (лат.
Aluminium; Al) — элементтердің периодтық жүйесінің ІІІ тобындағы химиялық элемент, реттік нөмірі 13, атомдық массасы 26,9815. Тұрақты бір ғана изотопы бар. Жер қыртысында таралуы бойынша элементтер арасында 4, металдар арасында 1-ші орында.
| |||||||||||||||
Жай заттың сыртқы бейнесі | |||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
жұмсақ, жеңіл және иілгіш металл күміс-ақ түсті. | |||||||||||||||
Атом қасиеті | |||||||||||||||
Атауы, символ, нөмірі | Алюминий, 13 | ||||||||||||||
Топ типі | Басқа металдар | ||||||||||||||
Топ, период, блок | 13, 3, p | ||||||||||||||
Атомдық масса (молярлық масса) | 26,9815386(8) м. а. б. (г/моль) | ||||||||||||||
Электрондық конфигурация | [Ne] 3s2 3p1 | ||||||||||||||
Қабықшалар бойынша электрондар | 2, 8, 3 | ||||||||||||||
Атом радиусы | 143 пм | ||||||||||||||
Химиялық қасиеттері | |||||||||||||||
Ковалентті радиус | 121 ± 4 пм | ||||||||||||||
Ван-дер-Ваальс радиусы | 184 пм | ||||||||||||||
Ион радиусы | 51 (+3e) пм | ||||||||||||||
Электртерістілігі | 1,61 (Полинг шкаласы) | ||||||||||||||
Тотығу дәрежелері | 0; +3 | ||||||||||||||
Иондалу энергиясы | 1-ші: 577,5 (5,984) кДж/моль (эВ) | ||||||||||||||
Жай заттың термодинамикалық қасиеттері | |||||||||||||||
Термодинамикалық фаза | Қатты дене | ||||||||||||||
Тығыздық (қ.ж.) | 2,6989 г/см³ | ||||||||||||||
Балқу температурасы | 660 °C, 933,5 K | ||||||||||||||
Қайнау температурасы | 2518,82 °C, 2792 K | ||||||||||||||
Балқу жылуы | 10,75 кДж/моль | ||||||||||||||
Булану жылуы | 284,1 кДж/моль | ||||||||||||||
Молярлық жылусыйымдылық | 24,35 Дж/(K·моль) | ||||||||||||||
Молярлық көлем | 10,0 см³/моль | ||||||||||||||
| |||||||||||||||
Жай заттың кристаллдық торы | |||||||||||||||
Тор құрылымы | текше бетке бағытталған | ||||||||||||||
Тор параметрлері | 4,050 Å | ||||||||||||||
Дебай температурасы | 394 K | ||||||||||||||
Басқа да қасиеттері | |||||||||||||||
Жылуөткізгіштік | (300 K) 237 Вт/(м·К) | ||||||||||||||
Дыбыс жылдамдығы | 5200 м/с | ||||||||||||||
Юнг модульі | 70 ГПа | ||||||||||||||
Пуассон коэффициенті | 0.35 | ||||||||||||||
Моос қаттылығы | 2.75 | ||||||||||||||
Бринеллий қаттылығы | 160–550 МПа | ||||||||||||||
CAS нөмірі | 7429-90-5 |
Табиғатта жүздеген минералдары кездескендіктен, оның көпшілігі – алюмосиликаттар болып келеді. Алюминий латынша Alumіnіum; алюминий алу үшін пайдаланылатын негізгі шикізат – боксит. Алюминийді бос күйінде алғаш рет 1825 жылы даниялық физик Ханс Кристиан Эрстед алған.
Алюминий – күміс түсті ақ металл, жылуды және электр тогын жақсы өткізеді, созуға, соғуға икемді, меншікті салмағы 2,7 г/см3; балқу температурасы 660℃, қайнау температурасы 2500℃; коррозияға берік, қалыпты температурада тұрақты, себебі бетіндегі алюминий оксидінен тұратын жұқа қабыршақ оны тотығудан қорғайды. Сондай-ақ ол амфотерлі элемент, сондықтан қышқылдармен де, сілтілермен де әрекеттеседі. Алюминий – практикалық маңызы зор металл. Ол негізінен жеңіл құймалар өндіру үшін пайдаланылады. Алюминий құймалары авиа, авто, кеме, ядролық реактор, химиялық аппараттар жасауда, құрылыста, т.б. салаларда, таза металл түрінде электртехникасында ток өткізгіш сымдар, тұрмысқа қажетті бұйымдар дайындау үшін қолданылады. Техникалық қасиеттері жағынан өте бағалы құймасы – дюралюминий.
Оның құрамында 94% алюминий, 4% мыс және аздаған магний, марганец, темір, кремний болады.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — химия бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Алюминий, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.