Плацента

Плацента (лат.

placenta грек. plakus — жұқа нан) — жоғары сатыдағы сүтқоректі жануарлардың аналық ағзасында ұрықтың даму кезінде пайда болып, жатыр мен ұрықты байланыстырып тұратын арнайы мүше. Плацентаны жануарларда “шуы” деп те атайды. Плацента арқылы аналық ағза мен ұрықтың арасындағы зат пен газ алмасу процесі жүзеге асады. Плацентаның түзілуі ұрықтың имплантациясы деп аталады. Плацента арқылы ұрық аналық ағзаның қанынан оттек пен қоректік затты алып, оған ыдырау өнімдері мен көмір қышқыл газын бөледі. Плацента ұрыққа қажетті заттардың түсуін белсенді түрде реттеп, дәнекерлік қызмет те атқарады. Плацентадан аналық ағзаға әсер ететін гормондар (гонадотропин, соматомаммотропин, т.б.),ацетилхолин, т.б. заттар түзіледі. Плацента ұрықтың сыртқы қабатындағы хорион қабықшасы мен жатыр қабырғасының қосылуынан түзіледі. Оның бірнеше түрлері (диффузиялы Плацента, дискоидальды Плацента, табақшалы Плацента, бөлініп түсетін Плацента және бөлініп түспейтін Плацента) бар. Ұрықтың дамуының бастапқы кезеңінде хорион қабығының барлық бетінен бірінші реттік, ал кейінгі даму кезеңінде екінші реттік бүрлер түзіледі де, жатырдың кілегейлі қабығына кіріге өседі. Екінші реттік бүрлер ұрық қапшығымен немесе аллантоис қабығындағы қантамырлармен байланысады. Осыған орай Плацента сарыуызды және аллантоисты деп те бөлінеді. Біріншісі кейбір акулаларға, қосмекенділерге, ал екіншісі бауырымен жорғалаушыларға тән. Гүлді өсімдіктерде тұқымбүршіктің жатырға бекитін жерін де Плацента деп атайды.

A.

Тағы қараңыз

Дереккөздер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том


Tags:

АцетилхолинГормондарИмплантация

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

АзияАщы ішекЭкологиялық проблемаМахмұд ҚашқариЖыныс мүшелерінің құрылысы1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісӨндірісТуберкулезЕсімдікҚадыр Мырза ӘліҚола дәуіріЛейкозТырысқақМіржақып ДулатұлыҚарахан мемлекетіАнтонимЕрітіндіӘл-Фатиха сүресіДидактикаЕсілЖалпақ құрттарДемографияҚос сөзҚызбаМенің атым Қожа (повесть)Тасымал (лингвистика)Ақыр заманҒабит Махмұтұлы МүсіреповОсман империясыТоталитаризмЖем (өзен)Сан есімТұқым қуалаушылықЖалаң сөйлемМоңғол шапқыншылығыТуризмҚазақстан Республикасының Мемлекеттік ӘнұраныЖүрек-қан тамырлар ауруларының алдын алуРибонуклеин қышқылыНаймандарЖаңа экономикалық саясатҚазыбек биҰлы жүзЖер қыртысыӨркениетҚазақстанда кеңес өкіметі орнауының ерекшелігі. Азаматтық қарсы тұру1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісҚаңлыларНұрсұлтан Әбішұлы НазарбаевАуаТәуке ханҮтір намазыСтоматитПатша үкіметінің отаршылдық қоныс аудару саясатыВирустарЖол белгілеріПысықтауышСәбит Дөнентаев1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысФранцияОбаМиКөктемКүрделі эфирлерСабақтас құрмалас сөйлемӘпке (драма)ЗалалсыздандыруҚырғызстанӘбілқайыр хан (Кіші жүз)КанадаЖер сілкінуТранспирацияҚазақтың ұлттық ою-өрнегіБаланы қырқынан шығаруРесейБұқар жырау Қалқаманұлы🡆 More