Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны — Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бірі.

Менің Қазақстаным
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
Әнұранның мәтіні және ноталары.

Қазақстан Қазақстан
Сөзін жазған

Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов,
Нұрсұлтан Назарбаев

Композиторы

Шәмші Қалдаяқов

Бекітілді

2006

Әнұран (сөзі, әні)

Менің Қазақстаным (Айдар Торыбаев жетекшілігімен Опера және Балет ҚР Мемлекеттік Театры ән тобы мен ҚР Мемлекеттік Симфониялық Оркестрі)

Республиканың қазіргі әнұраны 2006 жылғы 6 қаңтарда қабылданды. «Менің Қазақстаным» әнұран ретінде алғашқы рет Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлықтау рәсімі кезінде орындалды.

Мәтін

Қазақстан әнұраны
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны  Қазақ КСР-ның (ССР-ның) Мемлекеттік Әнұраны (19431992)
noicon
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны (19922006)
noicon
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны  Менің Қазақстаным (2006 жылдан бастап)
noicon

Қазақстанның бейресми әнұраны атанған Шәмші Қалдаяқовтың "Менің Қазақстаным" әнінің мәтіні аз кем өзгертілді. Мәтін авторы ретінде Н.Назарбаев өз ұсыныстарын енгізді. Ол алғаш рет Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлықтау рәсімі кезінде орындалды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны (2006)
    Алтын күн аспаны,
    Алтын дән даласы,
    Ерліктің дастаны,
    Еліме қарашы!
    Ежелден ер деген,
    Даңқымыз шықты ғой.
    Намысын бермеген,
    Қазағым мықты ғой!
      Менің елім, менің елім,
      Гүлің болып егілемін,
      Жырың болып төгілемін, елім!
      Туған жерім менің — Қазақстаным!
    Ұрпаққа жол ашқан,
    Кең байтақ жерім бар.
    Бірлігі жарасқан,
    Тәуелсіз елім бар.
    Қарсы алған уақытты,
    Мәңгілік досындай.
    Біздің ел бақытты,
    Біздің ел осындай!
      Менің елім, менің елім,
      Гүлің болып егілемін,
      Жырың болып төгілемін, елім!
      Туған жерім менің — Қазақстаным!

Тарихы

Қазақ КСР әнұраны

Толық мақаласы: Қазақ КСР әнұраны

1943 жылы Қазақ КСР-ның алғашқы Мемлекеттік Әнұранын жасауға байқау жарияланған болатын. Соңғы нұсқасы ретінде Мұқан Төлебаев, Евгений Григорьевич Брусиловский мен Латиф Абдулхайұлы Хамидидің әуеніне жазылған Ә. Тәжібаевтың, Қ. Мұқамедханов, Ғ. Мүсіреповтың мәтіні қабылданды. Кейбір деректер бойынша сол әнұран мәтінінің толыққанды авторы Қ. Мұхамедханов болып табылады, ал басқа авторлардың үлесі мәтін басындағы «ер қазақ»-тан «біз қазақ»-қа ауыстыруымен шектеледі.Әнұран 1945 жылы бекітілді. Кеңестік дәуірдегі әнұранының сөзі коммунистік идеология талабына сай, жалған оптимистік рухта жазылған еді..

Қазақ КСР-ның (ССР-ның) Мемлекеттік Әнұраны
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны 
Қазақ КСР-ның байрағы

Қазақ КСР Қазақ КСР
Сөзін жазған

Ә. Тәжібаев, Қ. Мұхамедханов, Ғ. Мүсірепов

Композиторы

Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский, Латиф Хамеди

Бекітілді

19431945

Жойылды

1992

Әнұран (сөзі, әні)
Қазақ КСР-ның (ССР-ның) Мемлекеттік Әнұраны


1992-2006 жылдардағы Қазақстан Республикасының әнұраны

Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақтардың бірнеше ұрпақтарының көпғасырлық арманы - азаттық пен зайырлылықты бейнелейтін жаңа әнұранын әзірлеу қажеттігі туындады.

Соған байланысты 1992 жылы республика әнұранының мәтіні мен әніне конкурс жарияланды. Комиссия іріктеуіне барлығы 750 жоба келіп түсті. Конкурста төрт ақынның: Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырза Әлі, Тұманбай Молдағалиев және ақын Жадыра Дәрібаеваның бірлесіп жазған мәтіні жеңіске жетті. Әнұран әні сол күйінде қалдырылды, алғашқы авторлары Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди еді.

2006 жылы жаңа Мемлекеттік әнұран қабылданды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны

Қазақстан Қазақстан
Сөзін жазған

М. Әлімбаев, Т. Молдағалиев, Қадыр Мырза Әлі, Ж. Дәрібаева

Композиторы

Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский, Латиф Хамеди

Бекітілді

1992

Жойылды

2006

Әнұран (сөзі, әні)
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны


Қазақстан Республикасының 1992-2006 жылдардағы Мемлекеттік Әнұраны
    Жаралған намыстан қаһарман халықпыз,
    Азаттық жолында жалындап жаныппыз.
    Тағдырдың тезінен, тозақтың өзінен
    Аман-сау қалыппыз, аман-сау қалыппыз.
      Еркіндік қыраны шарықта,
      Елдікке шақырып тірлікте!
      Алыптың қуаты — халықта,
      Халықтың қуаты — бірлікте!
    Ардақтап анасын, құрметтеп данасын,
    Бауырға басқанбыз баршаның баласын.
    Татулық, достықтың киелі бесігі -
    Мейірбан Ұлы Отан, қазақтың даласы!
      Еркіндік қыраны шарықта,
      Елдікке шақырып тірлікте!
      Алыптың қуаты — халықта,
      Халықтың қуаты — бірлікте!
    Талайды өткердік, өткенге салауат,
    Келешек ғажайып, келешек ғаламат!
    Ар-ождан, ана тіл, өнеге-салтымыз,
    Ерлік те, елдік те ұрпаққа аманат!
      Еркіндік қыраны шарықта,
      Елдікке шақырып тірлікте!
      Алыптың қуаты — халықта,
      Халықтың қуаты — бірлікте!

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Tags:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны МәтінҚазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны ТарихыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны Тағы қараңызҚазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны ДереккөздерҚазақстан Республикасының Мемлекеттік ӘнұраныҚазақстан

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ЖұмбақтасДауыссыз дыбыстарЕсім ханКөнерген сөздерМысШығыс Қазақстан облысыҚазақтың ұлттық ойындарының тізіміИтҚазақ әліпбиіХалық қаһарманыҚазақстандағы түсті металдарТозаңдануМәншүк Жиенғалиқызы МәметоваТау жынысыӘсет НайманбайұлыКөзТұздар (химия)Қазақстан қорықтарының тізіміДүниежүзілік сауда ұйымыЭлектрондық сандық қолтаңбаЕуразиялық Экономикалық ОдақМаңғыстау облысыТуризмҚазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік РеспубликасыЖай механизмНанотехнологияЖелтоқсан көтерілісіне қатысқандар тізіміҒарыштануЕкінші дүниежүзілік соғысЭкологиялық апатӨсімдіктерМұхаметжан ТынышбайұлыҚазақстанның тұңғыш мектептеріЖүктілікАсқазан ауруларыСәбит Мұқанұлы МұқановЖер сілкінуТұмар ханшаАйша бибіДыбыстың қаттылығыЖыныссыз көбеюБақытсыз ЖамалЖер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміҚазақстанның сыртқы саясатыБейімбет Жармағамбетұлы МайлинАналық жыныс жасушасыКүкірт1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісИнфрақұрылымҚасым ханҚұстарДамыған елдерЖол белгілеріӘлем елдерінің тізіміЕжелгі Рим мәдениетіТехнологияАбай ҚұнанбайұлыҮш жүз он екінші атқыштар дивизиясыЭволюция18 ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайыФерромагнетиктерАрал теңізіАсанәлі Әшімұлы ӘшімовБаскетболКСРО ыдырауыАқуызКөне түркі жазбаларыЖуніс СахиевСоқырішекҚазақстан Республикасының Мемлекеттік ӘнұраныҚайта құру кезеңіОсип Андреевич ИгельстромӨзбектерАлаш ОрдаШыңғыс ханПродуценттерҚызанақФариза Оңғарсынова🡆 More