Алшын

Алшын — қазақ халқының құрамындағы ірі тайпа, Алшын тайпасынан тарайтын Әлімұлы, Байұлы рулық бірлестіктерінің ортақ атауы.

Тарихшы, политолог және генетик Жақсылық Сәбитовтың зерттеулері бойынша, Алшындар - Х ғасырда кәзіргі Моңғолияны мекендеген татарлардың алчи тайпасының ұрпағы. Жақсылық Сәбитов еврей текті Хулагу тарихшысы Рашид-әд-диннің «Джами-ат-таварих» (Жылнамалар жинағы) еңбегіне сүйенген. Бұл еңбекте ол: «алшы тайпасынан шыққан ерлер - алшытай, ал әйелдер - алшын аталады» - деп жазған. Әйелдерді алшын деп атауы Рашид-әд-диннің түркі тілін білмегенінің кесірі болуы бек мүмкін. Ұлық Ұлыста (Алтын Орда) Алшындар жоғары қызметтерде жасаған. Мәселен, Батудың әмірі Ит-Қара, Жәнібек ханның әмірі және шежіреге сәйкес бүкіл Алшындардың түп атасы Алау баһадүр, Барақ ханның әмірі Алшын Құтет. Сонымен қатар, Алшындар Алтын Орда құлдыраған кезде де әмір, би, басқақ, сардар сияқты құрметті лауазымдарда болып, Орданың саяси және әлеуметтік өміріне белсене қатысқан және маңызды рөл атқарған. Орта Азия тарихында Алшындар қатысқан көптеген оқиғалар бар. Солардың бірі — Ноғай ордасының ыдырауы, соның нәтижесінде Ноғайлы ордасында бірге жасаған Маңғыт тайпасы мен ежелден Алшын атанған рулардың бөлінуі және қазаққа Кіші Жүз болып қосылуы тарихқа «ел айырылған» атпен енген, осы уақиғаны Мұрат Мөңкеұлы, т. б. ақын — жыраулар трагедиялық сарынмен, күйзеле жырлағаны белгілі. Алшын аты қазақ халқының тарихында жауынгерлігімен даңқы шыққан. Халық аузындағы «… Кіші Жүзді найза бер де, жауға қой» деген тәмсіл Алшынның тарихи-этно-мәдени, геосаяси сипатын, менталдық болмысын аңғартады. Қазақ хандығына қалмақ, кейінірек жоңғар қауіпі төнгенде Кіші Жүз ханы Әбілқайыр баһадүр бас сардар сайланып, қазіргі Батыс Қазақстаннан оңтүстікке Алшын және жетіру сарбаздарынан құралған жасақтарын бастап келгені жайлы бірнеше жыр-дастандар бар. Аңызға айналған «Сөз атасы» Үйсін Майқы би «Бектен туған Алшынды, Біз үшін қанға малшынды, Іргеңе жауың келгенде, Сілтейтін найза қамшыңды» дейді. Атақты ақын-жырау Сүйінбай Аронұлы «...Алшын ата баласы — Сұлтансиық, Бақсиық, Хан қызы екен анасы, Қаннан кеуіп көрген жоқ, Найзасының сағасы, 12 ата Байұлы, 7 аталы Жетіру, Әлім менен Шөмекей, Халқымның еді жағасы» деп толғаған. Алшын тайпаларының атамекені Алтай баурайы екендігі, 10-шы ғасырда олардың Арал (Кердері) және Каспий теңіздеріне қарай ойысқандығы айтылады. Бір бөлігі Батыс Еуропаға (Атилла, 400–453) жорыққа шығып, Мысырға дейін барған. Мысалы, орта ғасырлық Египетке мәмлүктер үстемдігін орнатқан әскери әрі мемлекеттік қайраткер Бейбарыс Алшыннан тарайтын Беріш руының ұланы. Сондай-ақ найзаның ұшы, қылыштың жүзімен ел шетін жаудан қорғауда шешуші рөл атқарған Алшындар әр кезеңде әскери жорықтарға шығып, Еуразия мен Еуропа кеңістігінің саяси-этникалық бедерін өзгертуге есер еткені белгілі. Алшын ұрпақтары қазір башқұрт, татар, өзбек және т.б. түркі халықтарының құрамында бар.

Орта жүзде

Орта жүзде бұрынғы Қарқаралы уезінде, қазіргі Шет, Нұра аудандарында Алшындар бірыңғай тұрады. Олар Сырым Датұлы көтерілісі аяқталған соң қоныс аударған әкелген Шеркеш, Байбақты ұрпақтары.

Пайдаланған әдебиттер

  • Тынышпаев М., Материалы к истории киргиз-казахского народа, Таш., 1925;
  • Востров В.В., Муканов М.С., Родоплеменной состав и расселение казахов, А.-А., 1968;
  • Маданов X., Кіші жүздің шежіресі, А., 1994;
  • Рашид ад-Дин, Сборник летописей, т. 1, кн. 1, М.-Л., 1952;
  • Кипчаки в истории средневекового Казахстана, А., 1995;
  • Әнес Сарай, Адайлардың арғы тарихы, А., 1998


Tags:

Алтын ОрдаАтиллаБайұлыБатыс ЕуропаБейбарысБерішЕуразияКаспий теңізіКіші ЖүзМоңғолияМысырМәмлүктерНоғай ордасыСүйінбай АронұлыТайпаҚазақтарӘбілқайырӘлімұлы

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Алаш ОрдаНұрдәулет Бәбиханұлы АқышҒарышӨсімдіктер систематикасыЖелтоқсан көтерілісіИсламҚазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясыКөкжөтелҚарақұмықБаланы қырқынан шығаруӘбу Насыр Әл-ФарабиАнемияЮпитерКенесары ханҚиял-ғажайып ертегілеріМетаморфтық тау жыныстарыҰрықжолдастыларСөйлемАбайдың қара сөздеріЖерҚарлығаштарФутболКөзімнің қарасы...Өздігінен тозаңдануҚазақ ұлттық киімдеріЕгемендікМемлекет астаналары тізіміАқпараттық қауіпсіздікБаяндауышҚазақстан мемлекеттік рәміздеріЖанрТәттімбет ҚазанғапұлыӘлеуметтік инфрақұрылымГендік инженерияЖай сөйлемҚой шаруашылығыДінРим империясыТитанТоқтар Оңғарбайұлы ӘубәкіровТөтенше жағдайҚазақ батырлар тізіміМемлекеттік басқару формасыТехнологияЖасушаНанотехнологияЖүсіп БаласағұниҚожа Ахмет ЯсауиАллитерацияҒылыми фантастикаЕрмұхан Бекмаханұлы БекмахановЖеті қазынаҚазақстан экономикасыДауыссыз дыбыстарФилософияМақалаБасынқы сөйлемАйнұр ТұрсынбаеваРаушангүлділерХалық саны бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміҰлықбекНорвегияТәуке ханҚасым ханның қасқа жолыХристиандықЯдролық қару1917 жылғы екі революция кезеңіндегі ҚазақстанИбн СинаБіржан ҚожағұлұлыVII — IX ғасырдағы сәулет өнері ескерткіштеріХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси, мәдени жағдайыҚоғамКөмірсутекАқбөкенАлматы облысыСалқам Жәңгір ханҚосарлы ұрықтану🡆 More