Иордания

Иордания (араб.: الأردن‎, Әл-Урдунн; толық атауы — Иордания Хашимит мәліктігі (араб.: المملكة الأردنية الهاشمية‎, әл-Мамляка әл-Урдуния әл-Хашимия)) — Батыс Азияда орналасқан мемлекет.

36°37′00″ ш. б. / 31.01667° с. е. 36.61667° ш. б. / 31.01667; 36.61667 (G) (O) (Я)

Жер көл. 91,8 мың км². Халқы 5,4 млн. (1996). Астанасы — Амман қ. (1,6 млн.). Негізгі тұрғындары — арабтар. Бұдан басқа черкестер, шешендер, армяндар тұрады. Ресми тілі — араб тілі. Тұрғындары исламның суннит тармағын ұстанады. Иордания — конституциялық монархия (1999 жылдан король — Абдолла бен аль-Хусейн). Мемлекет басшысы — корольдің заң шығару және атқару билігінде бірдей құқықтары кеңейтілген. Заң шығарушы органы — 2 палаталы Ұлттық жиналыс. Жоғары палатаны (Сенат) король өзі тағайындайды. Төменгі палатаны (депутаттар) халық жасырын дауыспен сайлайды. Әкімшілік жағынан ел 8 аймаққа (мухафаз) бөлінеді. Ұлттық мерекелері: 25 мамыр — Тәуелсіздік күні (1946), 14 қараша — корольдің туған күні. Ақша бірлігі — Иордания динары.

Иордания Хашимит мәліктігі
араб.: المملكة الأردنية الهاشمية
(әл-Мамляка әл-Урдуния әл-Хашимия)
Иордания Иордания
Байрақ Елтаңба
Ұран: «Үлгі:Lang-ar2 (Аллаһ, Отан, Мәлік)»
Әнұран: [[әнұраны|«Үлгі:Lang-ar2 (Ас-салам әл-малаки әл-урдуни)»]] (тыңдау )
Иордания
Тарихы
Тәуелсіздік күні 25 мамыр 1946 жыл (Ұлыбританиядан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілі араб тілі
Елорда Амман
Ірі қалалары Амман, Эз-Зарка, Ирбид
Үкімет түрі Дуалисттік монархия
Мәлік
Премьер-министрі
Аяндар жиналасы
төрағасы
Иордания
II Абдалла
Бишер Аль-Хасауна
Фейсал әл-Файез
Атеф Таравнех
Мемлекеттік діні Иордания ислам
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 110-шы орын
89 342 км²
0,6
Жұрты
• Сарап (2019)
• Санақ (2015)
Тығыздығы

10 407 793 адам (86-шы)
9 531 712 адам
114 адам/км² (70-ші)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2018)
 • Жан басына шаққанда

93,159 млрд. $ (87-ші)
9,406 $ (86-шы)
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2018)
 • Жан басына шаққанда

41,869 млрд. $ (92-ші)
4,228 $ (95-ші)
АДИ (2017) 0,735 (жоғары) (95-ші)
Валютасы Иордания динары
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі .jo
ISO коды JO
ХОК коды JOR
Телефон коды +962
Уақыт белдеулері +2

Табиғаты

Жерінің көпшілік бөлігі — таулы қырат (500 м-ден 1500 м-ге дейін) Батысында ең ірі өз. Иорданның аңғары мен ағынсыз өлі теңіз орналасқан. Фосфорит, калий тұздары (ґлі теңізде), мыс кен орындары бар. Климаты субтропиктік, құрғақ. Қаңтардағы орташа температура 8 — 14 С, шілдеде 24 — 30 С. Жауын-шашынның жылдық мөлш. таулы өңірде 500 — 700 мм, елдің шығысы мен әл-Гор ойысында 100 мм. Тұрақты өзендері аз. Батыс бөлігіндегі таулы өңірлерде жерортатеңіздік, ал шығысында шөлейт және шөл өсімдіктері өседі. Жануарлардан ақ бөкен, қасқыр, түлкі, құстардың көптеген түрлері, бауырымен жорғалаушылар кездеседі.

Тарихы

Иордания жерін ерте заманда семит тайпалары мекендеген. Б.з.б. 3 — 2-мыңжылдықтарда олар финикиялықтардың, хеттардың шапқыншылығына ұшырап, б.з.б. 1-мыңжылдықта алдымен Израиль, кейін Иудея патшалықтарының құрамына кіреді, ертедегі араб мемлекеті Набатей патшалығының орт. болды. 2 ғ-дың бас кезінде Набатей патшалығын Рим империясы жаулап алды. 4 ғ-да қазіргі Иордания Византия империясының, ал 7 ғ-дан бастап Араб халифатының құрамына кірді. Араб тілі мен ислам діні орнықты. 11 — 15 ғ-ларда ел крестшілердің, салжұқтардың, Мысыр мамлюктерінің шапқыншылықтарына ұшырады. 16 ғасырдың бас кезінен 1918 жылға дейін Осман сұлтандығының қол астында болды. 1-дүниежүз. соғыс (1914 — 18) аяқталғаннан кейін Иордания Британия империясына бағынышты Палестинаға қосылды. 1921 ж. өткен Каир конференциясының шешіміне сәйкес Иордан өзенінің шығыс жағалауларындағы жерлерден Хашими әулетінен шыққандар билейтін Трансиордания әмірлігі құрылды. 1928 — 29 ж. Ұлыбритания езгісі мен Хашими әулетіне қарсы халық көтерілістері болды. 1936 — 39 ж. батыс аудандарда партизан қозғалысы күшейді. 2-дүниежүз. соғыс (1939 — 45) жылдарында Трансиордания Ұлыбританияның таяу Шығыстағы негізгі әскери базасы болды. 1946 ж. 22 наурызда Ұлыбритания Трансиорданияны тәуелсіз мемлекет деп таныды, 25 мамырдан бастап ел Иордания атанып, әмір Абдоллах Иорданияның алғашқы королі атанды. 1948 — 49 ж. араб-израиль соғысы салдарынан Палестинаның шығыс аудандары Иорданияға қосылды. 1957 ж. ағылшын-иордан келісімі бойынша Ұлыбритания әскерлері елден шығарылды. 1967 ж. маусымда Израиль Иордан өзенінің батыс жағалауындағы 5,9 мың км² жерді басып алды. Палестинадан Иорданияға 800 мыңдай босқын қаптады. Осыдан кейін екі ел арасында бейбіт келісім тек 1994 ж. 26 қазанда жасалды. Иордания — БҰҰ-ның (1955) және Араб елдері лигасының (1945) мүшесі.

Экономикасы

Иордания — әлеуметтік-экономикалық құрылымы нашар дамыған мемлекет. Ел экономикасы, көбінесе, сырттан келетін көмек пен кредиттерге тәуелді. Негізгі кредит берушілер — Сауд Арабиясы, Парсы жағалауы елдері, АҚШ пен Германия. Қаржы тапшылығына қарамастан ел экономикасы біршама тез дамуда. Өнеркәсіп ұлттық табыстың 20%-ын береді және ол тау-кен өндірісі, цемент, мұнай өңдеу салаларынан тұрады. Минералды қазбаларға (фосфориттардан басқа) кедей. Ауыл шаруашылығы ұлттық табыстың 10%-ын құрайды. Ел, негізінен, азық-түлік пен өнеркәсіп тауарларын түгелге жуық сырттан әкеледі. өзі сыртқа фосфорит, цемент және кейбір аауыл шаруашылығы өнімдерін шығарады. Негізгі сауда серіктестері: араб елдері, АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Жапония, т.б.

Жұрты

Иордан жұрты 5,9 млн. адам, оның 95% арабтар. Соның ішінде Иордан арабтары 35%, палестина арабтары 55%. Соңғылары Трансиорданға 1948 және 1967 жж болған араб-израиль соғыстарынан кейін көшіп азаматтық алды.

Дереккөздер

Tags:

Иордания ТабиғатыИордания ТарихыИордания ЭкономикасыИордания ЖұртыИордания ДереккөздерИордания1996 жылАзияАмманАраб тіліШешендер

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ЭмпатияЕсекжемҰлы Жібек жолыЛексикаХалық қаһарманыШілдеханаӘбілқайыр хан (Өзбек хандығы)Манас дастаныӘн-Нас сүресіАйтысТүркістан облысыТоқтар СеріковДаун синдромыЕртегіНақыл сөздерАдам тісіКонституциялық құқықҚұранҰлыбританияҚазақ тіліндегі жыл айларының атауларының мағынасыТұмар ханшаГүл1920-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиеті мен өнеріЛейкоциттерҚожа Ахмет Ясауи кесенесіНарықтық экономикаҒұндарОлимпиада ойындары1860 жылдарындағы әкімшілік реформаларМоңғол шапқыншылығыҚұсуФариза ОңғарсыноваТабиғатҚұран оқылуыКерей ханМемлекетАбай ҚұнанбайұлыАлаш партиясыЕжелгі дәуірдегі ҚазақстанУикипедияЖылқыМұхитҚазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі әскери атақтарТүркістан автономиясыМұқағали Сүлейменұлы МақатаевБақбақАқмешіт әулие үңгіріЖерлеу рәсіміСенсорлық жүйеШежіреЕркектің жыныстық мүшесіЖүрек жетіспеушілігіЭлектромагниттік толқындарҚазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніӘлкей Хақанұлы МарғұланҚазақстан демографиясыСегізаяқ (өлең)Мұстафа Кемал АтатүрікЖарықБаланы ұшықтауТуыстық атауларыШымкентАлюминийХақназар ханЖоңғар хандығыФотосинтезҰлы Отан соғысыАйшуақ ханСұлтанмахмұт ТорайғыровАзияРим империясыТабылды ДосымовМастурбацияТемекіӘлем елдерінің тізіміЖоңғар шапқыншылығыҚызға қырық үйден тыйым🡆 More