Жұрт

Жұрт – халық; ертеректегі мағынасы – патшалық, мемлекет, ел.

VI – VII ғасырларда бұрынғы тайпалық бірлестіктер ыдырап, жаңа бірлестіктер туып жатты. Тайпалар араласып, бұрын туыстас емес тайпалардың, рулардың адамдары жаңа жағдайда бірлесіп, топтаса бастады. Малшылық пен егіншілік ыңғайына қарай ол бірлестіктер бірыңғай межелі қоныстарға, мекендерге орналасты; отырықшылық пен тұрақты қоныстар пайда болды. Осындай аралас әрі бірыңғай орналасқан ел бір жұрт деп аталды. Жұрт сөзі кейін мемлекет, ел, кейінгі жылдары халық деген мағынаға ие болды.

Жұрт – 1) адамдардың бірнеше жыл немесе бірнеше ғасыр бойы тұрып, кейін тастап кеткен жері; 2) мал баққан кісінің өзі ғана отыратын, иемденіп пайдаланатын қонысы; 3) көктеу, жайлау, күзеу жайылымдарындағы мал жаятын жер, мал бағушының үйі тігілетін орын. Үй маңы, мал иірілген қора қиланып, шөбі тозған соң, үйді басқа жерге ауыстырып тігеді. Үйдің ескі орны жұрт деп аталады. Бірақ жұрт ауыстырушы өзіне тән жайылымның аумағынан аспайды. Жұртта тұтыну заттарының сынықтары, мал сүйектері, жоғалған бұйымдар, бұзылған үй-жайдың орны, күл төбе, т. б. заттар қалады. Бұл заттардан тарихи-мәдени қабаттар қалыптасады. Археологтар мәдени заттарды зерттей отырып, ежелгі тайпалардың әдет-ғұрпы, экономикалық және саяси өмірі жайлы көптеген тарихи мағлұматтар алады.

Cілтеме

Дереккөздер


Tags:

АдамЕгіншілікЕлМемлекетРуТайпаХалықҚоныс

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

БиомеханикаҚызылорда облысыҚарлығаштарТабиғатты қорғауПлагиатСфералық айналарКварцДепортацияБөкей ОрдасыДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруАдам даму индексіХимия өнеркәсібіАтомӘлем елдерінің тізіміЖаһандануҚой шаруашылығыКарбон қышқылдарыФранция Ұлттық кітапханасыАболиционизмГалогендерКанадаӘмір ТемірБіріккен Араб ӘмірліктеріКонсументтерКүш моментіБалықтарГлюкозаАйтысАшаршылықИнеліктерТанымал қазақтардың тізіміМемлекетБейбітшілікЕтістікРентген сәулесіҚазақ халқының ұлттық тағам түрлеріМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміЖетіқарақшыТас дәуіріСарқылатын ресурстарЖүсіпбек АймауытовБразилияҚайта құру кезеңіАқбөкенҚан мен терҰлы жүзТұмар ханшаАмерика Құрама ШтаттарыБәйтерек (монумент)ТеодолитХалел ДосмұхамедовМұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрыЖошы ханӘбілқайыр хан (Кіші жүз)Жүйке жасушаларыҚорықтарҚазақстан музейлеріАшық тұқымдыларҒаламдық экологиялық проблемаларМолотов-Риббентроп пактыҚазақстандағы жануарлар әлемі38-атқыштар дивизиясыАстанаҚазақстан мейрамдарыЖұқпалы ауруларКомпьютерМиграцияҚаңлыларЕтісҚұлдықСөйлемнің бірыңғай мүшелеріТабиғи газТұқым қуалайтын өзгергіштікПлацентаҒұндар мемлекетіҚазақстан Республикасының ұлттық кітапханасыӘбу Насыр Әл-ФарабиАлаш автономиясы🡆 More