Фариза Оңғарсынова

Фариза Оңғарсынқызы Оңғарсынова (25 желтоқсан 1939 жыл – 23 қаңтар 2014 жыл) — қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің I және II шақырылымдарының депутаты (1996–2004).

Фариза Оңғарсынова
Фариза Оңғарсынова
Фариза Оңғарысынова
Лақап аты

Сандуғаш Адаева

Туған күні

25 желтоқсан 1939 (1939-12-25)

Туған жері

Атырау облысы, Новобогат ауданы, Манаш ауылы

Қайтыс болған күні

23 қаңтар 2014 (2014-01-23) (74 жас)

Қайтыс болған жері

Астана

Азаматтығы

Қазақстан

Ұлты

Қазақ

Мансабы

ақын, журналист, мемлекет және қоғам қайраткері

Жанры

поэзия

Шығармалардың тілі

қазақша

Дебюті

1958 жыл

1939-шы жылы 25-ші желтоқсанда Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған.

Өмірбаяны

Байұлы тайпасы Адай руының Тәзіке атасынан шыққан. Фаризаның әкесі Оңғарсын Иманғали (1891–1940) оқыған, елге қадірлі азамат болған. Қазіргі Атырау облысында алғаш балық шаруашылығын ұйымдастырған кісі. Ал анасы Халима Иманғалиева (1893–1976) арабша хат танып, қазақ ауыз әдебиетін жақсы білген. Ақын қыз үйдің кенжесі, бауырларының біразы жастай қайтыс болған. Әкесі жүрегі ауырып ерте көз жұмды, ал анасы 70-ші жылдары дүниеден өткен. Бала күнінен ақындық қасиетін көрсетіп, өзіне әсер еткен жағдайларға байланысты өлең шығаратын болған. Ақынның Анвар, Алмас есімді ұлдары мен Анар, Аида есімді келіндері бар, Анеля, Алан, Анита, Ахметжан, Аслан, Алсу атты немерелері бар. Сондай-ақ, ақын ерте қайтыс болған жалғыз ағасының ұл-қыздарын тәрбиелеп өсірген.

Қызмет жолы

Әдеби шығармашылығы

Алғашқы өлеңдері республикалық баспасөз беттерінде 1958-ші жылы жарық көрді. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Сандуғаш» 1966-шы жылы жарық көрген. «Алмас қылыш», «Тартады бозбаланы магнитім», «Сайраған Жетісудың бұлбұлымын», «Тыңдаңдар, тірі адамдар», «Қарғыс», «Қасірет пен ерлік жыры» поэмалары, «Үйім менің – Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлең топтамаларының авторы.

Көптеген шығармалары шет ел тілдеріне аударылған. Чили ақыны Пабло Неруданың «Жүректің төрт мезгілі» кітабын, орыс ақыны А.А.Блоктың «Нәпсі», «Куликов даласы», «Он екі жыл өткен соң», «Кармен», «Қарлы перде» өлең топтамаларын, сондай-ақ, Р.Ф.Казакованың, Е.А.Евтушенконың, араб ақыны Әбдірахман әл-Хамисидің жекелеген шығармаларын қазақ тіліне аударған.

1984-ші жылы «Үйім – менің Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлеңдері топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

Шығармалары

  • Сандуғаш. Өлеңдер. Алматы., «Жазушы», 1966;
  • Маңғыстау маржандары. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1969;
  • Мазасыз шақ. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1972;
  • Асау толқын. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1973;
  • Көгершіндерім. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1974;
  • Биіктік. Очерктер. А., «Жазушы», 1975;
  • Біздің Кәмшат. Повесть. А., «Жазушы», 1976;
  • Сенің махаббатың. Өлеңдер. А., «Жалын», 1977;
  • Шілде. Таңдамалы. А., «Жазушы», 1978;
  • Нежность. Стихи. А., «Жалын», 1978;
  • Тревоги. Стихи. М., «Молодая гвардия», 1979;
  • Озарение. Стихи. М., «Советский писатель», 1980;
  • Полдневный жар. Стихи. А., «Жазушы», 1980;
  • Сұхбат. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1983;
  • Жүрек күнделігі. Таңдамалы. А., «Жалын», 1984;
  • Дауа. Өлеңдер. «Жалын», 1985;
  • Алмазный клинок. Стихи. М., «Художественная литература», 1984;
  • Ожидание солнца. Стихи. М., «Молодая гвардия», 1985;
  • Таңдамалы шығармалары. Екі томдық. А., «Жазушы», 1987;
  • 10 томдық таңдамалы шығармалар жинағы. 2004.

Марапаттары

Отбасы

  • Әкесі - Иманғалиев Оңғарсын (1891–1940).
  • Анасы - Иманғалиева Халима (1893–1976).
  • Балалары - Оңғарсынов Айвар (1966 жылы туған), Оңғарсынов Алмас (1976 жылы туған).
  • Немерелері - Анита (1987 жылы туған), Алан (1996 жылы туған), Анеля (1999 жылы туған), Ахметжан (1998 жылы туған), Аслан (2002 жылы туған), Алсу (2009 жылы туған).

Дереккөздер

Tags:

Фариза Оңғарсынова ӨмірбаяныФариза Оңғарсынова Қызмет жолыФариза Оңғарсынова Әдеби шығармашылығыФариза Оңғарсынова ШығармаларыФариза Оңғарсынова МарапаттарыФариза Оңғарсынова ОтбасыФариза Оңғарсынова ДереккөздерФариза Оңғарсынова1939 жыл2014 жыл23 қаңтар25 желтоқсанАқынҚазақстан Республикасының Парламенті

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қажығали МұханбетқалиұлыМайларСызықшаҚазақстанның Мәдени мұра жобасыӨзбекәлі ЖәнібековЕсім ханРақымжан ҚошқарбаевАрыстан баб кесенесіБасынқы сөйлемЖапонияБіржан ҚожағұлұлыАқбөкенМағжан Бекенұлы ЖұмабаевХиуаз Қайырқызы ДоспановаЖІӨ (номинал) бойынша елдер тізіміВладимир Ильич ЛенинҚазақ руларыШымкентХромосомаларМетафораАтаулы сөйлемЗәр шығару жүйесіЭкологияТитанСырым ДатұлыМитохондрияҚазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесіАлюминийҚаратпа сөзАвторлық құқықХалықаралық еңбек бөлінісіДивизияАуыл шаруашылығыПалеозойҚазақстан көлдеріҚазақстан теңгесіТел өскен ұлҚазақ мәдениетіҚазақстан халқының бірлігі күніБала құқығыСан есімКарбон қышқылдарыЭмбрионАмерика Құрама ШтаттарыӘмір ТемірСутегіЖеті жарғыЕл тізімі (жалпы қабылданған атаулар)ЖапырақҒарышТәуекел ханОрталық АзияХақназар хан1920-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиеті мен өнеріАтомның ядролық үлгісі. Резерфорд тәжірибесіҚазақстандағы транспортБәдікБақтыораз БейсекбаевТұқым қуалайтын өзгергіштікОксидтерМемлекеттік басқару формасыСөз таптарыБірінші дүниежүзілік соғысҚазақстан соғыстан кейінгі кезеңдеКүрішКомпьютерлік желіДенсаулықАқындар айтысыАралас құрмалас сөйлемЖайықБейімбет Жармағамбетұлы МайлинТүрік қағанатыБірінші Мемлекеттік ДумаНАТОАҚШ экономикасыӨмірзая (роман)Қазақстанның мұнай өнеркәсібіХимиялық элементтер тізіміЗәрдің түзілуі және шығарылуы🡆 More