Кішкентай Ханзада

Кішкентай ханзада (фр.

Алғаш рет 1943 жылы 6 сәуір Нью-Йоркта басылып шықты.

Кішкентай Ханзада
Кішкентай Ханзада

Бұл кітаптағы бүкіл суреттерді автордың өзі салды. Суреттемелер кітаптан да танымал. Ең маңыздысы — бұл иллюстрация емес, олар шығарманың органикалық бөлігі. Себебі ертегінің авторы мен кейіпкерлері бұл суреттерге жиі желеуретеді және олар туралы талас қылады. «Үлкендер де кезінде алдымен кішкентай бала болған, бірақ көбісі бұл туралы ұмытқан», - деп жазған Антуан де Сент-Экюпери кітабында.

Жазылу тарихы

Экзюпери бұл повесті Нью-Йоркта тұрғанда жазғандықтан 1943 жылы ең алғаш «Рэйнал-энд-Хичкок» баспасы шығарған басылымда Катерина Вудс ағылшын тіліне аударған болатын. Францияда бұл шығарма тек соғыстан кейін 1946 жылы «Эдисьон Гаймар» баспасымен шығарылған.

Сюжет

Ұшқыш Сахара шөлінде қонуға мәжбүр болып, ғажап және сырлы баланы – астероид Б-612-ның ханзадасын кездестіреді. Кішкентай ханзада өзінің Жердегі болған оқиғасын баяндайды. Бала өзінің планетасындағы раушан гүл туралы айтады. Астероидтағы өмірі жайлы, ол жердегі үш жанартау жайлы пайымдайды. Ол планетадағы баобабтарды жойып, өзінің мекенін ретке келтірді. Кішкентай ханзада күніне он рет күн батуына қарауды жақсы көретін. Бір күні Кішкентай ханзада басқа жерлерді көру үшін планетасынан ұшып кетеді. Өзінің саяхатында ол көптеген үлкен адамдарды көреді. Ең алдымен ол ғарыштағы жұлдыздарды басқаратын патшаны кездестіреді. Содан соң өзін мақтаудан жалықпайтын атаққұмарды көреді. Сондай-ақ ол ішімдікті ішкені үшін ұялатындығын ұмыту үшін ішімдікті ішетін маскүнемді және өзін жұлдыздардың иеленушісі деп ойлап, оларды санап отыратын іскер адамды көреді. Олардан соң өз сөзіне адал, әр минут сайын шамды жағып, не өшіріп отыратын адамды кездестіреді. Ең соңында ол кітапқа саяхатшылардың оқиғаларын жазып отыратын, бірақ ешқайда бармайтын географты көреді. Географтың сөзіне құлақ салып, Кішкентай ханзада Жер ғаламшарына аттанады. Сол жерде ол ұшқышты және басқа да қызықты кейіпкерлерді кездестіреді.

Аудармалар

Кішкентай Ханзада 
Жапониядағы ұлттық этнология мұражайындағы "Кішкентай ханзаданың" аудармалары.

2011 жылға қарай «Кішкентай ханзада» әлемнің 180 тіліне аударылған. Олардың ішінде көбісі еуропалық, азиялық, африкалық және америкалық тілдерге аударылған. Малиде бамана тіліне, Испанияда арагон тіліне, Кюрасаода креол тіліне және Францияда гаскон тіліне аударылған. Үндістанның бір өзінде хинди, телугу, маратхи, панджаби, малаялами, бенгал және конкани тілдерінде басылымдар бар. Қытайда 30 басылым, ал Кореяда 60 басылым шығарылған болатын. 2011 жылға қарай «Кішкентай ханзада» кітабының жалпы тиражы 80 миллионға жеткен.

Қазақ тіліндегі аудармасы

Қазақ тілінде алғаш рет КСРО кезінде Тәкен Әлімқұловпен "Кішкентай шахзада" деп аударылған. Қазіргі кездегі соңғы аудармасы 2013 жылы Атамұра баспасымен "Кішкентай ханзада" деп аударылған. Аудармашысы - Жанар Қонаева.

Өнерде

Кинематограф және мультипликация

  • 1966 — «Кішкентай ханзада» —  Арунас Жебрюнастың фильмі.
  • 1974 — «Кішкентай ханзада» —  Стэнли Донентың фильмі.
  • 1978 — «Кішкентай ханзаданың саяхаты» -  режиссёр Франклин Кофодтың мультсериалы.
  • 19781979 — «Кішкентай ханзаданың саяхаты» —   «Knack» студиясында шығарылған аниме-сериал.
  • 1979 — «Кішкентай ханзада» — Уила Винтоның мультфильмі..
  • 1993 — «Кішкентай ханзада» — Андрей Росстың фильмі.
  • 2010 — «Топырақ аңызы» —  Евгений Дядюлиның авторлық фильмі.
  • 2010 — «Кішкентай ханзада» —  Пьер-Ален Чартьердың мультсериалы.
  • 2015 — «Кішкентай ханзада» —  Режиссёр Марк Осборнның мультфильмі.

Театр және балет

  • 1981 — «Кішкентай ханзада» — композитора Евгений Глебовтың балеті.
  • 2002 — «Кішкентай ханзада» — Риккардо Коччантеның мюзиклі.
  • 2013 — «Кішкентай қадамның өнері» — Булгаковсков үйінің спектаклі.

Дереккөздер

Tags:

Кішкентай Ханзада Жазылу тарихыКішкентай Ханзада СюжетКішкентай Ханзада АудармаларКішкентай Ханзада ӨнердеКішкентай Ханзада ДереккөздерКішкентай Ханзада1943 жыл6 сәуірАнтуан де Сент-ЭкзюпериНью-ЙоркФранцуз тіліФранцуздар

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қасым ҚайсеновАлкиндерЭкологиялық жүйеЭволюциялық ілімДүниежүзілік көрме (2017)ФутуризмҚазақтың XX ғасырдағы мәдениетіАналық жыныс безіАзаматтық іс жүргізу құқығыАлюминийҚайта құру кезеңіБейнелеу өнеріТуризмФилипп Исаевич ГолощёкинҚой шаруашылығы1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісУкраинаТұқым қуалайтын өзгергіштікБіржан ҚожағұлұлыТабиғи радиоактивтік1917 жылғы екі революция кезеңіндегі ҚазақстанҚазақстан халқының бірлігі күні18 ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайыҚазақстандағы минералды ресурстарМодификациялық өзгергіштікШылауЖанрТүйелерРоботПайдалы қазбаларҚазақстан және БҰҰҒылыми-техникалық прогрессАрал теңізіКөнерген сөздерВирустарОперациялық жүйелерБақытсыз ЖамалШешендік өнерСызықшаМутацияӘйтеке биСөйлемнің бірыңғай мүшелеріАйтысЭлектрондық сандық қолтаңбаГерманияИранЖасушаТұрақты сөз тіркесіТыныс алуЕсімдікҚарағанды облысыЭндокриндік жүйеӨзбектерҚабанбай батырТәуке ханБұрыш (геометрия)АнемияMicrosoft ExcelОрталық жүйке жүйесіТабиғатты қорғауҚазақстан экономикасыСталинград шайқасыТұмар ханшаДауысты дыбыстарНанотехнологияКірпітәрізділерНұрдәулет Бәбиханұлы АқышМашинажасауII ЕкатеринаҚатерлі ісікҚазақ театрыТемпераментМетафораҚазақ қолөнеріКорея РеспубликасыСалауатДәруменШерхан Мұртазаұлы МұртазаОнтогенез🡆 More