Салауат: Мұхаммед пайғамбар есімі аталған тұстағы дұға

Салауат — Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) есімі аталған кезде арнайы айтылатын дұға атауы.

Салауат Құран Кәрімдегі бұйрық бойынша пайғамбарға жарылқау, құрмет, мадақтау, дұға тілеу мағынасында арнайы жасалатын құлшылық түрі. Ислам ғұламалары салауат айтуды шариаттың шарты ретінде бекіткен. Әбу Ханифа мазхабында әр намаз оқылғанда пайғамбарға салауат айтуды сүннет үкіміне жатқызады. Жазба әдебиетте “с.ғ.с.”, “ғ.с.”, “с.а.у.” түрінде салауаттың қысқарған сөз түріндегі қалпын пайдалану дәстүрі бар. Қазақ дәстүрлі қоғамында пайғамбарға құрмет иманның басты негізі ретінде танылғандығын жыраулар мұрасынан анық көреміз. Қашаған жырау, Әбубәкір Кердері, Ақтай Керейұлы, т.б. қазақ шайырларының шығармашылығында да салауаттың, мадақтың мәні көрсетілген.

Аудармасы Оқылуы Мәтіні
Я, Аллам! Пайғамбарымыз (с.а.у.) Мұхаммедке және Оның отбасы мен ұрпағына, мейіріміңді төгіп, олардың мерейін үстем ет. Аллаһумма салли ‘ала Мухаммәдин уә ‘ала әли Мухаммәд. ٱللَّٰهُمَّ صَلِّ عَلىٰ مُحَمَّدٍ وَعَلَىٰ آلِ مُحَمَّدٍ
Тура хазіреті Ибрахим және оның отбасы мен ұрпағына мейіріміңді төгіп, олардың мерейін үстем еткеніңдей. Кәмәә саллайта ‘ала Ибраһимә уә ‘ала әли Ибраһим. كَمَا صَلَّيْتَ عَلَىٰ إبْرَاهِيمَ وَعَلَىٰ آلِ إبْرَاهِيمَ
Күмәнсіз Сен – Хамидсің, мәжидсің. Яғни, барлық мадақ пен ұлылық, асқақтық саған ғана тән. Иннәкә хамидун мәжиид(ун). إنَّكَ حَمِيدٌ مَجِيدٌ
Я, Аллах, Және Хазіреті Мұхаммед пен оның отбасын, ұрпағын мүбәрак (барик) ет. Олардың ырыс-берекетін ұдайы арттыр. Уә бәәрик ‘ала Мухаммадин уә ‘ала әли Мухаммад. وَبَارِكْ عَلَىٰ مُحَمَّدٍ وَعَلَىٰ آلِ مُحَمَّدٍ
Тура Хазіреті Ибраһим оның отбасын, ұрпағын мүбәрак еткенің секілді. Кәмәә бәәрәктә ‘ала Ибраһимә уә ‘ала әли Ибраһим. كَمَا بَارَكْتَ عَلَىٰ إبْرَاهِيمَ وَعَلَىٰ آلِ إبْرَاهِيمَ
Күмәнсіз Сен – Хамидсің, мәжидсің. Яғни, барлық мадақ пен ұлылық, асқақтық саған ғана тән. Иннәкә хамидун мәжиид(ун). إنَّكَ حَمِيدٌ مَجِيدٌ

Дереккөздер:


Tags:

Ақтан КерейұлыИсламМұхаммедНамазПайғамбарСүннетШариатҚазақҚұран КәрімӘбу ХанифаӘбубәкір Боранқұлұлы

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Дауысты дыбыстарЗәр шығару жүйесіЖусан иісі (повесть)Адам даму индексі бойынша елдер тізіміҚазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріМитохондрияЖелтоқсан көтерілісіҚұндылықКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысҚазақтың атақты әнші-күйшілеріАбай ҚұнанбайұлыҚазақстан 2050Ел тізімі (жалпы қабылданған атаулар)Асық ойыныМұнай өнеркәсібіЭкстремизмТабиғи газАдам ағзасындағы химиялық элементтерҚазақстандық Кеңес Одағының Батырлары (тізім)Қазақстан қалаларыЕкінші Дүниежүзілік соғыстағы КСРОЖіктік жалғауЖапонияҚиялЖайықТыныс алу жүйесіЖердің айналуыАстана ОпераШымкентҒарышкерБәйтерек (монумент)Нейрондық желі, нейрожелі, жасанды нейронды желіҚұлақТемекі шегуХимиялық элементтердің периодтық жүйесіVII — IX ғасырдағы сәулет өнері ескерткіштеріЖелтоқсан көтерілісіне қатысқандар тізіміКөксерек (әңгіме)Батыс ҚазақстанҚаңлыларШикізатБауыржан МомышұлыҚара құрдымҚоректік тізбек18 ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайыЕділ қағанНесіпбек Тұрысбекұлы АйтҚарақұмықБаскетболМаңғыстау облысыӨсімдіктер систематикасыҚазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік РеспубликасыҚазақстанМемлекетҒылыми-техникалық прогрессКүш моментіТың игеруАсанәлі Әшімұлы ӘшімовЕтістікСан есімМақалаАй (серік)ҮркерХристиандықКонтрацепцияШерхан Мұртазаұлы МұртазаШығыс ҚазақстанПлацентаАуыл шаруашылығыӘлеуметтік инфрақұрылымТел өскен ұл28 гвардияшыл- панфиловшыларЖапырақОқшау сөздерРим империясыҚазақстандағы жаңа экономикалық саясатКөркем әдебиет стиліАзаматтық қоғам🡆 More