Нью-Йорк

Нью-Йорк Сити (ағылш.

Нью-Йорк Басқа мағыналар үшін Нью-Йорк (айрық) деген бетті қараңыз.

New York City) — АҚШ-тағы ең тығыз мекенделген, ең ірі қаласы, әлемдегі ең урбандалған қала. Ол 1970-жылдан бері АҚШ-тың ең ірі қаласы болып табылады, әрі АҚШ-тың алғашқы астанасы болды, мұнда Джордж Уошиңтонның алғашқы ел президенті ретіндегі инаугурациясы өтті. Бір ғасырдан аса уақыт бойы әлемнің ең негізгі коммерция және қаржы орталығы болып келеді. Әлемге бұқаралық ақпарат құралдары, саясат, білім, көңіл көтеру, өнер және сән салаларындағы ықпалы бойынша көшбасшы орталық болып есептеледі. БҰҰ бас кеңсесі Нью-Йоркте орналасқан.

Қала
Нью-Йорк
New York City
Нью-Йорк
Ту Елтаңбасы
Ту Елтаңбасы
Әкімшілігі
Ел

Нью-Йорк АҚШ

Штат

Нью-Йорк

Мэр

Билл де Блазио

Тарихы мен географиясы
Координаттары

40°43′ с. е. 74°00′ б. б. / 40.717° с. е. 74.000° б. б. / 40.717; -74.000 (G) (O) (Я) 74°00′ б. б. / 40.717° с. е. 74.000° б. б. / 40.717; -74.000 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1624

Бұрынғы атаулары

Жаңа Амстердам

Қала статусы

1653

Жер аумағы

1214,4 км²

Орталығының биiктігі

3 м

Климаты

Муссондық субтропиктік климат

Уақыт белдеуі

UTC-5, жазда UTC-4

Тұрғындары
Тұрғыны

8 622 698 адам (2017)

Тығыздығы

1.600 адам/км²

Агломерация

20 610 000 — үлкен Нью-Йорк, ~32 500 600 — Нью-Йорк аймағы

Ұлттық құрамы

Ағылшындар

Этнохороним

ньюйорктық

Ресми тілі

Ағылшын тілі

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

212, 718, 917, 347, 646

Пошта индекстері

100xx-104xx, 11004-05, 111xx-114xx, 116xx

nyc.gov  (ағыл.)

Нью-Йорк картада
Нью-Йорк
Нью-Йорк

Нью-Йорк 5 ауданнан тұрады (боро): Бронкс, Бруклин, Куинс, Манхэттен және Статен-Айленд.

Негізгі туристік нысандар Манхэттенде орналасқан. Олардың арасында: тарихи биік ғимараттар (Эмпайр-стейт-билдинг, Крайслер-билдинг), Рокфеллер-центр, Вулворт-билдинг, Метрополитен көркем мұражайы, Метрополитен-Опера, Соломон Гуггенхайм замануи өнер мұражайы, Америкалық жантану тарихы мұражайы (динозаврлар мен планетарийлер қаңқалары), аты аңызға айналған «Челси» қонақ үйі, БҰҰ бас пәтері, Гарлем.

Нью Йоркте көптеген колледждер және университеттер де орналасқан, олардың ішіне әлемдік үздік 50 қатарына кіретін Колумбия университеті, Нью-Йорк университеті, және Рокфеллер унверситеті де бар.

Діндер

Қалада әлемнің барлық діндері мен діни секталарының өкілдері тұрады. Сан жағынан басым христиан және иудаизм ізбасарлары. Нью-Йоркте барлық негізгі діндердің діни ғимараттары бар.

Климаты

Кеппен климатының жіктелуіне сәйкес, Нью-Йорктің климаты ыстық жазы бар ылғалды субтропикалық ретінде сипатталады. Алисовтың классификациясына сәйкес, қаланың климаты қоңыржай континенталды, бірақ субтропикалық әсерімен. Жауын-шашын жыл бойына салыстырмалы түрде біркелкі бөлінеді. Күн сәулесінің орташа жылдық саны — 2680 сағат. Қала мұхит жағалауында орналасқанына қарамастан, жаз бен қыстың арасындағы температура айырмашылығы айтарлықтай үлкен, өйткені ауа массаларының басым қозғалысы материктен келеді. Мұхиттың әсері шамалы, бірақ температураның ауытқуын біршама жеңілдетеді. Тағы бір фактор-тығыз қала құрылысы, бұл орташа температурасы жоғары микроклиматты құруға ықпал етеді. Қыста Нью-Йоркте орташа температура -2 °C және +5 °C аралығында болады, нормадан жиі ауытқулар болады. Әр қыста дерлік қар жауады, жылына орта есеппен 60 см. Көктем жұмсақ, температурасы 7 °C-тан 16 °C-қа дейін.жазда Нью-Йоркте салыстырмалы түрде ыстық, орташа температура 19 °C-тан 28 °C-қа дейін, жоғары ылғалдылық кезеңдері бар. Көбінесе температура 32 °C-тан асады, ал кейде жылу 38 °C-қа жетеді. Нью-Йорктегі күз жұмсақ, температурасы 10 °C-тан 18 °C-қа дейін.

Экономикасы

Нью-Йорк 
Нью-Йорк қор биржасы — әлемдегі капитализыциясы бойынша ең ірі биржа.

Нью-Йорк — Америка Құрама Штаттарының және әлемдегі ең маңызды қаржы экономикалық орталық. Нью-Йорк, Лондон және Токиомен қатар әлемдегі үш маңызды экономикалық орталық болып табылады. Қаланың Жалпы аймақтық өнімі 2007 жылы $1210,2 млрд құраған, осылайша АҚШ мегаполистері ішінде алғашқы орынға шықты.

Нью-Йорк 
Насдак жоғарғытехнологиялық компаниялар биржасы.
Нью-Йорк 
Уолл-стрит — АҚШ қаржылық қуаттылығының нышаны.

Нью-Йорк қаржы ұйымдары 2008 жыл аяғына қарай 40 % әлемдік қаржыны басқарған. Нью-Йоркті Citigroup, J.P. Morgan Chase & Co., American International Group, Goldman Sachs Group, Morgan Stanley, Merrill Lynch және т.б. ірі қаржылық ұйымдар өз бас пәтері ретінде таңдаған. Сонымен қатар Verizon Communications, Pfizer, Alcoa, News Corp., Colgate-Palmolive сияқты ірі мұнай корпорациялар бас кеңселері де осында. Қалада Нью-Йорк қор биржасы, NASDAQ, Америка қор биржасы, Нью-Йорк тауар биржасы және en:New York Board of Trade. Нью-Йорк қаржы саласы төменгі Манхэттендегі Уолл-стритте шоғырланған.

Дәстүрлі өндіріс салалары да маңызды рөлдерін жоғалтпады, дегенмен соңғы кездері олардың үлесі азаюда. Қалада дамыған негізгі өндіріс салалары: машинажасау, химия өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнеркәсібі. Жаңа салалар да қарқынды дамуда: биотехнология, бағдарлама жасау, интернет-бизнес. Құрылыс пен девелопменттің орны да орасан: Нью-Йорк жылжымайтын мүлкі әлемдегі ең қымбат қала ретінде белгілі.

Бастапқыда Нью-Йорк америкалық кинематография орталығы болғанымен оның орнын Голливуд тартып алды, дегенмен қазір де Нью-Йоркте фильмдер мен телебағдарламалар түсіріледі. Нью-Йорк АҚШ сән астанасы, бұл жерде әлемнің көптеген модельерлер бас пәтері орналасқан. Нью-Йоркте көп баспалар бар. Туризм де қарқынды дамыған. Нью Йоркқа жыл сайын 50 миллион қонақ келеді екен.

Тарихи бауырлас қалалар

Нью Йорк тарихи он қаламен бауырлас:

Қала Бері
Нью-Йорк  Токио, Жапония 1960
Нью-Йорк  Бейжің, Қытай 1980
Нью-Йорк  Каир, Мысыр 1982
Нью-Йорк  Мадрид, Испания 1982
Нью-Йорк  Санта Доминго, Доминика республикасы 1983
Нью-Йорк  Будапешт, Мажарстан 1992
Нью-Йорк  Рим, Италия 1992
Нью-Йорк  Йерусалим, Израиль 1993
Нью-Йорк  Лондон, Англия (Ұлыбритания) 2001
Нью-Йорк  Йоханесбург, Оңтүстік Африка 2003

Нью-Йорк 

Қызықты мәліметтер

  • 1886 жылы АҚШ тәуелсіздігінің 100 жылдық мерейтойына арнап Франция елі достық қарым-қатынастың құрметіне Бартольдинің «Азаматтық мүсінін» сыйға тартқан.
  • Сары такси – Нью-Йорк қаласының ерекше белгісі. Манхэттенде 11 000 «кэб» айналып жүреді.
  • 1965 ж 11 қарашасын «Ұрылар мерекесі» деп атайды. Дәл осы күні Нью-Йорк пен АҚШ-тың солтүстік-шығысында 25 млн. тұрғынның 24 сағатқа электржарығы сөндіріп тасталды.

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Tags:

Нью-Йорк ДіндерНью-Йорк КлиматыНью-Йорк ЭкономикасыНью-Йорк Қызықты мәліметтерНью-Йорк Тағы қараңызНью-Йорк ДереккөздерНью-Йорк1970Ағылшын тіліАҚШБҰҰҚаржы

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Мемлекеттік басқару формасыАюларКөші-қонАльбрехт ДюрерСаркомерлерАлкендерҚарағанды облысыҒарышкерЖер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдеріҚазақстанның білім беру жүйесінің тарихыКонсументтерЕкінші Дүниежүзілік соғыстағы КСРОҰлықбекЖүсіп БаласағұниКөмірсуларӘлкей Хақанұлы МарғұланДомбыраӘлемдегі ең танымал мұражайлар тізімі (2014)ГеосаясатАқсу-Жабағылы қорығыҚазақстанның 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайыАлкандарЖусанТың игеруФранцияРедуценттерХалықаралық еңбектiк миграцияҚуыршақ театрыСырдарияТүркістан автономиясыҮш Жүз партиясыЖаһандануСалқам Жәңгір ханТеңіз жануарларыАвтотрофтарӘлемнің жеті кереметіАрқарТүркияВирусты гепатит ВСарқылмайтын ресурстарӨнерҒарышКарл ЛиннейКөмір өнеркәсібіЭкономикалық қатынасӨзгергіштікКүш моментіЕуропаШұғаның белгісіНАСАКүләш Жасынқызы БәйсейітоваБидай (астық)Электр тогыШыңғыс ханРайымбек батырҚазақстанның жеті кереметіБурабай ұлттық паркіАсқорыту мүшелеріЖұптұяқтыларБақытсыз ЖамалБиосфераТұқым қуалаушылықАлаш партиясыОрта ғасырлардағы Шығыс философиясыСу көлігіҒұндар мемлекетіЭмбрионКөбеюӨмірзая (роман)СоқырішекVII — IX ғасырдағы сәулет өнері ескерткіштеріТұмар ханшаЖыныс мүшелерінің құрылысыШоқжұлдызШәкәрім ҚұдайбердіұлыКубизмНаурызым қорығыМеркурий (ғаламшар)🡆 More