Орган Бауыр

Бауыр (hepar) — 1) ең үлкен ас қорыту безі.

Омыртқасыз жануарларда бауыр ас қорыту және қоректі сіңіру процестеріне қатынасады, сондай-ақ, онда май, көмірсу жиналады. Омыртқасыздардың бауырын кейде бауыр-ұйқы безі деп те атайды, себебі ол омыртқалы жануарлар мен адамның ұйқы безі бөлінетін затқа ұқсас зат (бездердің бөліп шығаратын заты) шығарады. Омыртқалы жануарлар мен адамда бауыр - күрделі орган, ол организмдегі зат алмасу процесіне қатысады әрі онда ас қорыту сөлдерінің бірі - өт түзіледі. Оның ересек адамдардағы орташа салмағы 1,5 - 2 кг. Бауыр іш қуысының оң жақ жоғарғы бөлігіне орналасқан. Бауырдың көк етке жанасып жататын жоғарғы дөңес, төменгі ішкі (висцеральдық) беттері бар. Бұлар бауырды оң(үлкен) және сол(кіші) бөліктерге бөледі. Бауырдың бетінің ортасында бауыр қақпасы деп аталатын көлденең ойық болады. Ол арқылы бауырға артерия, қақпалық вена тамырлары, жүйке талшықтары өтеді де, одан лимфа тамырлары мен өт түтігі шығады. Бауыр қақпасының алдыңғы жағында өт қуығы жатады. Бауыр қорғаныш қызметін де атқарады, яғни тамақ құрамында болып, ішекте сіңірілген зиянды заттар мен белок алмасуының нәтижесінде түзілетін қанның құрамындағы улы өнімдер бауырда залалсыздандырылады. Бауырдың лимфа түзілудегі, қан ұюын реттеудегі және қанның тұрақты құрамын сақтаудағы маңызы өте зор. Бауырда қанмен келген амин қышқылдарынан белоктар, глюкоза, фруктоза, глицерин, май қышқылы түзіледі, сондай-ақ, қандағы көмірсулар бауырда гликогенге айналады. Бауырдағы зат алмасу процестері әр түрлі ферменттердің қатысуымен жүреді, оны жүйке жүйесі мен түрлі гормондар реттеп отырады.

Бауыр
Орган Бауыр
Адамның бауыры құрсақ қуысының оң жақ жоғарғы бөлігінде орналасқан
Орган Бауыр
Бауырдың орналасуы (қызыл түспен белгіленген)

ер адамның денесінде

Латын тілі jecur, iecur
көне грекше: ἧπαρ (hepar)
Жүйесі Асқазан-ішек жолдары
Жүйке Кезеген жүйкесі, целиак ганглиясы
Лимфа бауыр лимфа түйіндері
Прекурсор алдыңғы ішек
MeSH D008099

2)Құрамында 70-73% су, 2—4 % май, 17—18% ақуыз, оның ішінде ауыстырылмайтын түрлері болады. Бауырда көптеген В тобының витаминдері және А, Д, Е витаминдері де бар. Сонымен бірге бауырда көптеген ферменттер, экстрактивті заттар және темір, фосфор көп. Майдаланған, пісірілген бауыр өзіне майды жақсы сіңіреді. Бауырды алдымен өтінен бөліп алып тазалайды, содан соң жуып, кесіп 2—3 сағат бойы суық ағынды суда ұстайды.

Дереккөздер


Tags:

АртерияБелокБелоктарГликогенГлицеринГлюкозаГормондарКөмірсуЛимфаМай қышқылыОмыртқасыздарФерменттерФруктозаӨт

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Зат есімТүсті металлургияҰрықАлаш партиясыБаяндауышЕліктеу сөзҚан мен терАлматы қорығыКүй аңызы (әңгіме)Жұқпалы ауруларШикізатБұрындық ханМемлекетТың игеруЖалаң сөйлемОперациялық жүйелерҚазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі оқу-ағарту ісіКәсіпкерлікТабиғатты пайдалану мен қорғау негіздеріАғашҚазақстан 2050Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануТуризмБатыс Түрік қағанатыГалогендерЛеонардо да ВинчиАсық ойыныАтом ядросыТәуекел ханҚазақстан Республикасының Ұлттық музейіФизикалық-географиялық аудандастыруҚыпшақтарСюрреализмII ЕкатеринаЭкстремизмТырнақшаХолециститКеңес Одағының білім беру жүйесіҚазақстан Республикасының ұлттық кітапханасыНаурыз мейрамыБіріккен Ұлттар ҰйымыТүрік қағанатыАвтокөлік шығаратын елдер тізіміМемлекеттік басқару формасы бойынша елдер тізіміКомпьютерлік желіДүниежүзінің табиғат ресурстарыТарих философиясыҚазақстанның Қызыл кітабыҚазақстандағы ұжымдастыруРимЖәнібек ханМэйдзи жаңғыртуыТүркістан облысыКомпьютерМұхтар Омарханұлы ӘуезовКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысХалықаралық еңбектiк миграцияMicrosoft ExcelЗәр шығару жүйесі1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісҚұрманғазы СағырбайұлыҚазақстандағы экологиялық проблемаларҚадыр Мырза ӘліМұхитҚазақ батырлар тізіміФерменттерШымкентАқпараттық қауіпсіздікТозаңдануМонархияҒылыми фантастикаСалт-дәстүрАбайдың қара сөздеріҚызмет көрсетуАқбілек (роман)Тірі ағзалардың негізгі қасиеттеріҚызыл кітапЭлектромагниттік толқындар🡆 More