Кәсіпкерлік

Кәсіпкерлік, кәсіпкерлік қызмет – тәуекелге бел буып жасалынатын экономикалық әрекет, тауарларды өндіру және сатудан, іс-шарадан,көрсетілген қызметтерден, істелген жұмыстардан жүйелі пайда алуға бағытталған дербес қызмет.

Осы мақсатта өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігі, материалдық емес активтер, сондай-ақ кәсіпкердің жеке еңбегі немесе сырттан тартылған еңбек күші пайдаланылады. Кәсіпкердің жұмсаған ақшасы өтелетеніне, өндірілген тауар пайдамен сатылатындығына кепілдік болмайды. Осыған байланысты меншікті жартылай немесе толықтай жоғалту қауіпі бар.

Көптеген елдерде кәсіпкерлік қызмет жасау үшін ресми тіркелу талап етіледі, алайда оның шарттары мен өлшемдері әр түрлі болуы мүмкін. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, кәсіпкерлік жұмыс заңды тұлғамен немесе заңда белгіленген тәртіппен тіркелген жеке тұлғамен (жеке кәсіпкер) басқарылуы мүмкін. Қазақстан азаматтары мен шет мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ, азаматтардың бірлестіктері кәсіпкерлік субъектілері болып табылады. Жалдамалы еңбекті қолданбай жүзеге асырылатын кәсіпкерлік жеке еңбек қызметі ретінде тіркеледі, жалдамалы еңбекті қолдану жолымен жүзеге асырылатын кәсіпорын ретінде тіркеледі. Кәсіпкердің еңбегіне ақы төлеу нысаны, тәртібі мен талаптары шартпен айқындалады, жеке табысқа салық салынуға тиіс Меншікті мемлекет иелігінен алу, кәсіпорындарды жекешелендіру кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдай туғызатын экономикалық үдерістер болып табылады.

Кәсіпкерлік – нарықтық экономиканың барлық институттарына енетін неғұрлым жекеше жағдайы. Қызметтің бұл түрі, көбінесе, адамның жеке басымен – кәсіпкермен байланысты. Ол жаңа істі қолға алады, жаңа енгізілімді іске асырады, тәуекелдікке бас тігеді. Қазақ тілінде кәсіпкерлік пен бизнес сөздері синонимдер ретінде қолданылады, бірақ кей жағдайларда екі әр түрлі мағына білдіруі мүмкін.

Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігі пайданың көлемімен ғана емес, сондай-ақ кәсіпорынның нарықтық құнының (гудвилла) өзгеруімен өлшенеді.  Кейде әлеуметтік кәсіпкерлік бөлек санатқа жатқызылады.

Бизнес құрған адамдарды «кәсіпкер» деп атайды, яғни «дамуға құлшынысы бар, кәсіпте біршама тәуекелге баратынына қарамастан, оны ұйымдастырып, басқару арқылы пайда табу» үшін жұмыс істейтін адам. Кәсіпкерліктің анықтамасы бизнесті ашу мен жүргізуге негізделгенімен, бизнес ашудағы тәуекелдің молдығынан жаңа ашылған кәсіпкерліктердің жабылуына тура келеді. Оған мыналар да себеп болуы мүмкін: қаржының жетіспеуі, сәтсіз бизнес шешімдер, экономикалық дағдарыс немесе осы аталып кеткендердің барлығы немесе нарықтағы сұраныстың болмауы. 2000 жылдары «кәсіпкерлік» ұғымы ұлғайып, кейбір тұлғалар мен топтардың қалай және неге жетістікке жететіні туралы, кәсіпкерлер мүмкіндіктерді қалай пайдалана білетіні туралы түсінік беруге ұмтылды.  Соңғы өзгертулер бизнес процесінің табиғатының белгісіздігіне, мүмкіндіктердің барына қарамастан, олар пайда әкелмейінше байқаусызда қалатынына негізділген.

Тарихы

Тарихи қолданысы

Кәсіпкер (Entrepreneur (Кәсіпкерлік i/ˌɒntrəprəˈnɜr/)) Француз тілінен енген сөз. Ол алғаш рет 1723 жылы қолданылды. Қазіргі таңда «кәсіпкер» жаңа кәсіпорынды басқару қабілетімен бастама және инновация енгізеді деп анықталады. Әйгілі экономист Роберт Рейчтің айтуы бойынша, тим-билдинг, көшбасшылық және басқару қабілет кәсіпкерге ең керек қабілеттер. Кәсіпкерлікті зерттеу тарихы 17 ғасырдың соңы мен 18 ғасырдың басында классикалық экономиканың құрылтайшылары Ричард Кантилион мен Адам Смиттің  жүргізіген зерттеулерінен басталады.

Йозеф Шумпетер

20 ғасырдың 1930 жылдарында кәсіпкерлік терминін Йозеф Шумпетер зерттеген. Оған қоса, кәсіпкерліктің табиғатын түсіндіруге Людвиг Фон Мизес, Фридрих Август Фон Хайек және тағы басқа Австрияның экономика мектебінің өкілдері ат салысқан. Олар кәсіпкерлікті табиғи ресурстармен (жер, еңбек, капитал, ақпарат және уақыт) қатар эконимаканың маңызды ресурстарының бірі ретінде қарастырған. Кәсіпкерлік-мәміле бойынша, шығындарды азайту арқылы уақыт үнемдеуге көзделген.

Австриялық экономист Йозеф Шумпетер мынандай анықтама берді: кәсіпкер- бұл жаңа ойды немесе өнертабысты табысты жаңа енгізілімге айналадыратын адам. Нақтылай келсек, кәсіпкерлік – бұл нарыққа және өндіріске жаңа тауар мен кәсіпкерліктің моделін құрып әсер ететін шығармашылық ойран. Шығармашылық ойран динамикалық және ұзақ мерзімді экономикалық өсуге алып келеді.

Шумпетередің кәсіпкерліктің алғашқы мысалы атсыз жүк арба жасау үшін бу қозғалтқышы мен елде бар вагон өндіретін технологияның қисындастыруы.  Бұл жерде, инновациялық «көлік» бар көліктің кішкене өзгертілген түрі (трансформациясы) болды. Ол атпен жүретін арбаны бірден алмастырған жоқ, бірақ сол жетілдіру көлік құнын төмендеті және қазіргі көлік өнеркәсібіне жетекші болатын технологияны дамытты.

Шумпетер үшін тәуекелге кәсіпкерлер емес, капиталисттер барған.Шумпетер (1934) қоршаған ортаның өзгеру үрдісі кәсіптің табыстылығын арттыру үшін ресурстарды оңтайлы бөлу туралы жаңа ақпаратты үздіксіз беріп отырады деп көрстекен. Кейбір адамдар басқаларға қарағанда жаңа ақпаратты тез сіңіріп алады және ресурастарды дұрыс пайдалану арқылы табысқа жетеді. Шумпетердің пайымдауынша, кәсіпкерлік жаңа инновация арқылы өндіріс мүмкіндігін жоғары деңгейге көтереді.

Фран Найт пен Питер Друкер, тәуекелді кәсіпкерліктің құрамдас бөлігі ретінде қарастырады және келесі түрлерін ажыратады:

  • Статистикалық тәуекел
  • Статистикалық әдіспен есептелмейтін белгісіздік
  • Статистикалық әдіспен де, алдын ала болжаумен де анықталмайтын Найт белгісіздігі немесе нағыз белгісіздік.

Мысалы, ғаламтор пайда болғанға дейін Google және YouTube секілді табысты жобалардың бар жоғына нарықты зерттеу мүмкін емес еді.

Уильям Баумоль дәстүрлі нарыққа үйлесімсіздік қосатын кәсіпкерлерді зерттеді.

Бастапқы капитал

Кәсіпкерлік жұмыс бастау үшін керек қаражат көздері мыналар болуы мүмкін:

Жеке қаражат:

  1. Жеке кәсіпкерлер үшін – оның жеке қаражаты мен жеке басының жинақ ақшасы, жеке мүлігі (үй-жай, жабдықтар, көлік)
  2. Заңды тұлға үшін – оның құрылтайшылармен расталған жарғылық капиталы, көбінесе бұл үлескерлік қаржыландыру.

Инвестиция тарту:

  1. Жаңа жобалардың белсенді қатыссушалары венчурлік фондтар мен бизнес-періштелер болып табылады.
  2. Краудфандинг арқылы қаражат жинау. Қаржы келешек өнімге айырбасталса болады немесе қайырымдылық ретінде қабылданады  (әсіресе еркін лицензиясымен таралған  цифрлы өнім
  3. Банктан немесе жеке тұлғадан алынған қарыз ақша (борышты қаржыландыру)
  4. Өтеусіз қаржы (гранттар немесе субсидиялар)

Сонымен қоса, жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, технопарк пен бизнес-инкубаторлар жұмыс атқарады.

Мағынасы

Кәсіпорын пен шағын бизнестің айырмашылығы

«Кәсіпорын» термині «шағын бизнес» терминімен жиі шатастырылады немесе өзара алмастырып қолданылады. Кәсіпорындардың көбісі шағын бизнестен басталса, шағын бизнестер кәсіпорынға теңесе бермейді. Көптеген шағын бизнестер тек иесінің ғана қолында болады немесе қызметкерлер саны аз болып келеді және осындай шағын бизнестердің біршама бөлігі нарықта бар өнімді, процесті немесе қыметті ұсынады және әрі қарай өсуге мақсат етпейді. Алайда, кәсіпорындар инновациялық өнімді, процесті немесе қызметті ұсынады және әдетте компанияны кеңейту мақсатында қызметкерлер санын көбейтеді, халықаралық нарыққа шығады және венчурлық капиталмен немесе періште инвесторлар арқылы қаржыландырылады. Табысты кәсіпорындардың бизнесті тиісті жоспарлау, ортаға бейімделу және әлсіз және күшті қабілеттерін түсіну арқылы оң бағытта жүргізу қабілеті бар.

Табыс болжағыш факторлар

Кәсіпкерлікті табысты болуын болжайтын факторларға мыналар жатады:

Әдістер

  • Кәсіпорынға стратегия белгілеу, соның ішінде өсу және өмір сүру стратегиясы.
  • Адам ресурстарын қамтамасыз ету (дарынды қызметкерлер мен лауазымды адамдарды тарту)
  • Қажетті материалдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету (мысалы, өндіріс кезінде қажет шикізат ресурстары )
  • Кәсіпорынның бір немесе бірнеше артықшылықтарын пайдалану
  • Жақсы жобалауды, басқаруды және ұйымдастыруды қамтамасыз ету.
  • Қоғамның мәдениетімен келісу

Нарық

  • Бизнес-Бизнес (B2B)  немесе бизнес-тұтынушы (B2C)  моделін қолдануға болады.
  • Жоғары өсімді нарық
  • Басқалармен игерілмеген нарықты немесе тұтынушыларды мақсат ету

Өнеркәсіп

  • Өсіп келе жатқан өнеркәсіп
  • Өнеркәсіпке технологияның әсері
  • Капиталдың қарқындылығы
  • Фирманың орташа мөлшерінің шағындығы

Команда

  • Жеке кәсіпкер болу емес ,түрлі нәсілдер мен әр-түрлі жынысты таланттардан тұратын команданың болуы.
  • Старт-ап бастамас бұрын басқару тәжірибесінің болуы.
  • Старт-ап өндірісіндегі жұмыс тәжірибесінің болуы.
  • Жаңа кәсіпорынға дейін толық уақыт жұмыс істеуі.
  • Кәсіпкерлікте жұмыс істеу тәжірибесінің болуы.
  • Пайда табу мақсатында ғана емес, ауқымды мақсат үшін жұмыс істееу
  • Әлеуметтік байланыстардың, іскерлік желілердің алуандығы.

Тіркелу мен лицензия алу

Мемлекеттен қызмет көрсету құқығын иелену үшін лицензия алу.

Жарнама

Жарнама ілу, акция ұйымдатстыру, әлеуметтік ұсыныстар беру.

Кеңейту

Капитализация.  Өндірісті немесе көрсетілетін қызметтер аясын кеңейту. Сонымен қоса бәсекелестерді сіңіру немесе бірігу.

Дайын бизнесті сату және сатып алу.

Бизнестің өмір сүру кезеңі бұл іс-әрекет жасауға бейім кәсіпорын қалыптастыру және оны сату мүмкіндігін қарастыру. Сатып алу және сату жеке меншік иесі немесе ашық нарыққа шығарылуы

Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандары

  • Бірлескен кәсіпкерлік – екі не бірнеше елдер серіктестерінің өндірістік-шаруашылық қызметінің кең ауқымды нысаны, яки өндіріс пен айналыс аясындағы, ғылыми-техникалық, инвестициялық және қызмет көрсету салаларындағы бірігу;
  • Жеке кәсіпкерлік –кәсіпкерлік қызметпен заңды тұлға құрмай айналысу; мемлекеттік кәсіпкерлік – ұлттық экономиканы дамыту үшін тауарлар шығаратын, қызметтер көрсететін мемлекеттік кәсіпорындардың қызметі, тәуекелдікті кәсіпкерлік – көбінесе ғылымды көп қажетсінетін салаларға бағытталған, жаңа технологияны жасаумен және таратумен айналысатын, яки инвестициядан табысты кем алу қатері үлкен салалардағы ұсақ фирмаларға тән кәсіпкерлік.

Жалған кәсіпкерлік

Кәсіпкерлік немесе банктік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз несие алу, салық, төлеуден босатылу, өзге де мүліктік пайда алу немесе тыйым салынған қызметті жасыру мақсаты бар, азаматтық ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірген коммерциялық ұйым құру экономикалық қызмет саласындағы қылмыс болып табылады.

Заңсыз кәсіпкерлік

Кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өтпей не рұксат (лицензия) алу міндетті болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, сол сияқты кәсіпкерліктің тыйым салынған түрлерімен шұғылдану, егер осы әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе, не ірі мөлшерде табыс табумен немесе ірі мөлшерде акцизделетін тауарларды елеулі мөлшерде тауарларды өндірумен, сақтаумен не өткізумен байланысты болса, экономикалық қызмет саласындағы қылмыс болып табылады.

Дереккөздер


Tags:

Кәсіпкерлік ТарихыКәсіпкерлік Бастапқы капиталКәсіпкерлік МағынасыКәсіпкерлік Табыс болжағыш факторларКәсіпкерлік Тіркелу мен лицензия алуКәсіпкерлік ЖарнамаКәсіпкерлік КеңейтуКәсіпкерлік Дайын бизнесті сату және сатып алу.Кәсіпкерлік тің ұйымдық-құқықтық нысандарыКәсіпкерлік Жалған кәсіпкерлікКәсіпкерлік Заңсыз кәсіпкерлікКәсіпкерлік ДереккөздерКәсіпкерлік

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Жер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміҚазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі ғылыми мекемелері мен ғылыми-зерттеу жұмыстарыҚытайМоғолстанҚұстарХақназар ханАлтай тауларыӨзгергіштікАсқорыту мүшелеріИнфрақұрылымӨнерЕуропаТабиғатты пайдалану мен қорғау негіздеріЖынысты көбею және ұрықтану ерекшеліктеріГүлді өсімдіктерҚазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріАвтотрофтарКүкіртОқшау сөздерТеңіз жануарларыТабиғи газАқан серіҚазақ газетіҚазақстанның экологиялық проблемаларыҚышқылАқбөкенТағамның маңызы, құрамы және қызметіҚазақстанның жеті кереметіКонтрацепцияАлаш автономиясыТерминКиіз үйҚасым ханның қасқа жолыҚазақша жыл санауЖусанҚан топтарыҒылымЖарықтың шағылуыЕтеккірМиРайымбек батырНұралы ханҚажығали МұханбетқалиұлыҚазақстандағы туризмБасты бетЖүсіп БаласағұниЕсім ханның ескі жолыӨңдеуші өнеркәсіпМикроэлементтерМагнит өрісіЗәр шығару жүйесіСурет өнеріндегі гуманизмҚазақстанРобототехникаКонсументтерЭктодермаАлгоритмСілтілік металдарНаурыз мейрамыМәдениет28 гвардияшыл- панфиловшыларИнтернетКарбон қышқылдарыБақбақҚара металлургияБейімбет Жармағамбетұлы МайлинҚазақтың ұлттық тағамдарыМұнайЕл тізімі (адамның өмір сүру ұзақтығы)Сырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыЕжелгі Рим өнеріБауыр (орган)Қазақстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандар тізіміГенМодернизмҒабит Махмұтұлы МүсіреповТүпті жуаЭмбрионМұнай өнеркәсібі🡆 More