Омыртқасыздар

Омыртқасыздар (ағылш.

Омыртқасыз жануарлар басқа организмдермен қоректену арқылы тіршілік етеді. Олардың жасушасы да қатты қабықпен қоршалмаған. Жыныстық жолмен өрбитін омыртқасыздар түрі көп. Оларда қозғалатын кішкене аталық жасушасы мен қозғалмайтын ірі аналық жасушасын шығару үшін мейозға ұшырайтын бірнеше арнайы жыныс кілеткасы бар.Аналық жасушасының және аталық жыныс жасушасының қосылуы зиготаны түзеді. Ал бұл өз кезегінде жаңа ағзаның пайда болуына алып келеді.

Тарихы

Тасқа айналған жануарлардың ішінде омыртқасыздар да бар. 665 миллион жыл бұрын алғашқы тасқа айналған алғашқа губкалар еді. Кейбір палеонтологтар жануарлар әлде қайда ерте, "1 миллиард жыл бұрын пайда болы мүмкін" деген болжамдар айтады.Тониан дәуірінде табылған іздер мен індер секілді, тасқа айналған жануарлардың белгілері метазондар сияқты триплобласты құрттарды сол замандарда да тіршілік еткенін дәлелдейді. Олардың ені-5 мм шамасында, үлкен және жер құрты тәрізді күрделі

Омыртқасыздардың мекен ету орны

Сусыз тіршілік жоқ екені белгілі. Омыртқасыздардың көптеген түрін әлемдік мұхиттардан, сулы өңірлерден, жағалаулар мен ылғалды ормандардан көптеп кездестіруге болады. Топырақ асты немесе жер беті, ағаш-дарақтардың тамырлары, діңі.жапырағында да омыртқасыздардың мекен ортасы бола алады. Өрмегін тоқыған өрмекші, илеуіндегі құмырсқа, жапырақ астындағы түрлі құрттар мен топырақ астындағы ұя қазған шылаушындар-бәрін қоршаған ортадан көптеп кездестіресің. Адам мен жануарлардың тәнін мекендейтін омыртқасыздар-паразиттер де көп.

Омыртқасыздардың қоректенуі

Омыртқасыздар өздерінің мүмкіндіктеріне қарай әртүрлі жолмен тамақтанады. Олардың бірі жапырақ немесе өлексенің шіріндісімен қоректенсе, адам немесе жануарлардың қанын соратын немесе тірі ағзаларға жабысып тіршілік ететін паразиттер де бар. Жеміс-жидек, гүл шырынын, дәндер, көптеген ұсақ жануарларды жейтін омыртқасыздар да жеткіліті. Әрине, омыртқасыздардың дене құрылысы омыртқалыларға қарағанда қарапайымдау. Бұл олардың қоректену ерекшелігіне де әсерін тигізеді.

Омыртқасыздардың өзін-өзі қорғауы мен шабуыл жасауы

Омыртқасыздырдың жасушалы қорғанысы туралы алғашқы баяндама теңіз жұлдызының дернәсілі мен фагоцитозды зерттеуі жайында еді. Фагоцитоз-бір жасушалы жануарлардан бастап сүтқоректілерге дейін жануарлар эволюциясының барлық кезеніңде қорғау механизмі маңызды рөл атқарды. Омыртқасыздар сонымен бірге жағымсыз иіс шығару, электр тоғын шығару, т.б. тәсілдермен қорғанады. Омыртқасыздардың кейбір түрі пайдалы болғанымен, адам-затқа кері әсерін тигізетін зиянкестері де жетерлік.

Теңіз омыртқасыздары

Теңіз омыртқасыздары теңізде, әлемдік мұхиттарда тіршілік етеді. Өздерін қорғау үшін олар қабыршақты немесе қатты экзоқаңқаны жетілдіреді, алайда бұл барлық теңіз омыртқасызына тән емес. Теңіз омыртқасыздарының етінде ақуыздар өте көп екені белгілі, яғни ол адам ағзасына пайдалы, сондықтан теңіз омыртқасыздарын көптеген халық ас мәзірінде пайдаланады. Сонымен қатар теңіз омыртқасыздары марганец, йод, кобальт т.б. микроэлементтерге де бай. Теңіз омытрқасыздарынан даярланған тағам ағзадағы зат алмасуды жақсартады.

Омыртқасыз теңіз жұлдыздары

Теніз жұлдыздары немесе теңіз жұлдыздарының дене пішіні әртүрлі. Теңіз жұлдыздары мен теңіз кірпілерінде сутүтікшелі аяқтар болады. Ондай аяқтарда сорғыш табан бар. Тікентерілер сутүтікшелі аяқтарымен баяу жылжып, теңіз түбімен жүре алады. Теңіз кірпілері денесінің үстіңгі бөлігінде, теіәз жұлдыздарының ұшында ұарапайым құрылысты көзшелері бар. Бұл көзшелермен олар жарықтың аз-көптігін ғана сезіне алады. Теңіз жұлдыздары мен теңізкірпілері тері желбезектері арқылы тыныс алады.

Омыртқасыз теңіз жұлдыздарының түрлері

Барнакл маржаны не теңіз емен жаңғағының желбезектері болмайды және мұртшалары (түкті аяқтар) мен дене қабырғасы арқылы газ алмасады. Теңіз құлақшасы немесе галиотистің қаны-көк жасыл түсті. Онда қанда қоюлану механизмі болмайтындықтан алған жарақат теңіз құлақшасы үшін өте қауіпті. Зәкір немесе балға маржаны уын нематоцисте тасиды. Бұл қармалауыштардың ұшындағы кішкентай зәрлі жасушалар. Губкалар-омыртқасыздардың бір типі."Шынылы", "ізбесті" және "кәдімгі губкалар" болып бөлінеді. Су түбінде қозғалмай жатады. Балдырлар мен бактериялармен қоректенеді. Кейбірінен денеге шомылғанда пайдаланатын ысқылауыш жасайды.

Дереккөздер

Жануарлар эциклопедиясы Аруна баспасы

Tags:

Омыртқасыздар ТарихыОмыртқасыздар дың мекен ету орныОмыртқасыздар дың қоректенуіОмыртқасыздар дың өзін-өзі қорғауы мен шабуыл жасауыОмыртқасыздар Теңіз омыртқасыздарыОмыртқасыздар Омыртқасыз теңіз жұлдыздарыОмыртқасыздар Омыртқасыз теңіз жұлдыздарының түрлеріОмыртқасыздар ДереккөздерОмыртқасыздарАғылшын тілі

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қыстырма сөзҚасым ханның қасқа жолыТерминБір жасушалыларХиуаз Қайырқызы ДоспановаӘлемдегі ең танымал кітапханаларСырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысыҚызмет көрсетуӘлия Нұрмұхамедқызы МолдағұловаДінмұхамед Ахметұлы ҚонаевОрыс асханасыЕл тізімі (адамның өмір сүру ұзақтығы)ЕсімдікМиссионерлiкАлматы облысыАлтын ОрдаТабиғи ресурстарды ұтымды пайдалануБиомеханикаСперматозоидЕуропаГеографияӘлеуметтік инфрақұрылымХақназар ханЖынысты көбею және ұрықтану ерекшеліктеріҚазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясыПлагиатЭкономикаИранҚазақстандағы экологиялық проблемаларКөлікМұқағали Сүлейменұлы МақатаевВирустарАсық ойыныАфрикаШыршаҚорқыт атаБағыныңқы сөйлемҒарышкерГүлді өсімдіктерБразилияМұнайАуыл шаруашылығыКүнделік.кзДүниежүзілік көрме (2017)Шығыс Қазақстан облысыЖуніс СахиевҒаламшарЖанрҮш Жүз партиясыГенетикаҚазақстандағы су тасқыны (2024)Бейнелеу өнеріБасты бетЖай сөйлемГендік инженерияМұхитКөнерген сөздерБұқаралық ақпарат құралдарыКарбон қышқылдарыАрхейТөл сөзПайдалы қазбаларРахат кондитер фабрикасыБензолКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысӨсімдік селекциясыИсламЖұлынАдам эволюциясының негізгі кезеңдеріАқуызУнитарлы мемлекетМерезМетафораСәбит Мұқанұлы МұқановҰлықбекҚазақстан жерінде мал шаруашылығының қалыптасуыШиеШоқан Шыңғысұлы УәлихановКүн (жұлдыз)🡆 More