Шитті Мақта

Мақта — Мақта шаруашылығының негізгі өнімі, халық шаруашылығының әр саласында түрлі мақсатта пайдаланылатын, құлқайырлар тұқымдасына жататын көпжылдық бағалы талшықты дақылдан жасалатын маңызды шикізат.

Шитті Мақта
Мақта

Мақта шаруашылығында мақтаны қол мен немесе машинамен жинайды. Жиналған мақтаны адамдар алып оны күнделікті қолданыста жүрген көрпе жастық, көрпешеге және т.б. заттарға қолданылады. Мақтаны көрпеге, көрпешеге, жастыққа салмастан бұрын, мақтаны шиттеп, шиті мен мақтасын бөлек алып, жоғарыда аталған заттарға салады. Мақтаны салмастан бұрын, оны арнайы машинаға салып, өңдеп алады.

Мақта талшығы ең алдымен мата тоқуға және жіп иіруге жұмсалады. Бір тонна шитті мақтадан 330-360 кг. талшық, 550-580 кг тұқым және 30-40 кг қысқа талшық алынады. Мақтаның ұзын талшықты сорттарынан әр түрлі маталар — бәтес, сәтен, маркизат тоқылады. Орташа есеппен алғанда, 1 тонна шитті мақтадан 3000 метр мата тоқуға болады. Киім тігу мен тұрмыс қажетін өтеудің сыртында соңғы кездерде химияның көмегімен оттан қорғайтын, су өткізбейтін, қышқылға төзімді материалдар, кирза және басқа да бұйымдар жасалады. Сонымен қатар мақта талшығынан автомобиль және авиация өнеркәсібі үшін техникалық маталар тоқылады.

Талшықтан неше түрлі заттар, әр түрлі ваталар, мақта целлюлозасын,жасанды тері, фибра т.б. алуға болады. Мақтаның әрбір центнерінен (мақтаның сортына қарай) орта есеппен 34-33 кг таза талшық және 62-66 кг тұқым алынады.

Мақта талшығын және басқа бөліктерін химиялық жолмен өңдеу арқылы жоғарыда аталған бұйымдардан басқа сынбайтын әйнек, фотопленка, каллойдтар, лактар, қағаз, пироксилин, сірке және лимон қышқылын, сондай-ақ т.б. көптеген өнім алуға болады яғни, 700-ден астам бұйым жасалады. 100 кг талшықтан 2000 м барқыт немесе 1200 м сиса, 2 болмаса, 500 м бөз тоқылады.

Мақтаның қысқа талшықтарынан целлюлоза, пластмасса, фотопленка, медицинада қолданылатын мақта, жанғыш пілте, жасанды жібек және басқа бұйымдар дайындалады. Мақта талшығынан тігін машиналары үшін жіп, арқан, электр орағыш және басқа да заттар алынады.

Қазақстандағы жалғыз талшықты дақыл — мақта. Ол тек Оңтүстік Қазақстан облысында ғана өсіріледі. Мұнда 2006 жылы мақта 204,0 мың гектар жерге егілді, оның әр гектарынан 23,0 центнерден түсім алынды, жалпы 470 мың тонна мақта жиналды.

Егін жинау және өңдеу

Піскен кезде мақта қозасы ашылады. Талшық бөлінбеген тұқымдармен бірге – шитті мақта мақта қабылдау пункттерінде жиналады. Дамушы елдерде мақта дәстүрлі түрде қолмен жиналады [30]. Мақтаның орташа өнімділігі 30 т/га (3 т/га немесе 300 т/км²). Максималды - 50 т/га (5 т/га немесе 500 т/км²)

Дамыған елдердегі мақтаның көпшілігі механикалық жолмен, не мақта теретін машинамен, не мақтаны зақымдамай шығыршықтан мақтаны алып тастайтын машинамен немесе зауыттан бүкіл қозаны алып тастайтын мақта тергішпен теріледі. Мақта тергіштер тым желді аймақтарда және әдетте химиялық дефолиант қолданғаннан кейін немесе мұздату кезінде пайда болатын табиғи дефолиациядан кейін қолданылады. Мақта – тропиктік аймақтардағы көпжылдық өсімдік, дефолиациясыз, тоңусыз өсімдік өсе береді.

Жиналған мақта тазарту пунктіне жіберіледі, онда талшықтар тұқымнан бөлінеді. Бұдан кейін талшықтардың ұзындығы бойынша бөлінуі жүреді: шын мәнінде мақта талшығы – ұзындығы 20 мм-ден асатын талшықтар, мамық (линт) – 20 мм-ден аз, ал пуфтар (делинт) – 5 мм-ден аз [31].

Дереккөздер

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Cotton

Tags:

Халық шаруашылығыШикізатҚұлқайыргүлділер тұқымдасыӨнім

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ОксидтерЖыныссыз көбеюСоленоидҚазақстан экономикасының тарихыКөмірСпартак көтерілісіФранцияХалықаралық ұйымдарАтмосфераАксонМетафораАлкандарНанотехнологияМонархияНаурыз мейрамыАй (серік)ЖұрнақДінМақалаМейозЕтістікЖыныс қатынасынан жұғатын ауруларАстрономияҚазақстан географиясыӨмірзая (роман)Есім ханның ескі жолыКүйФотосинтезОпера (музыка)Компьютерлік вирусҚазақстан 2050СуМагмалық тау жыныстарыҚазақстан және БҰҰТалғат Жақыпбекұлы БигелдиновҚұндылықЕуропаПродуценттерАқбілек (роман)Қазақстан өсімдіктеріПлагиатТұздар (химия)ИсламПротонЕл тізімі (адамның өмір сүру ұзақтығы)Тамыз бүлігіМәдениетСелекцияАлгоритмАралас құрмалас сөйлемҚазақстан Республикасының Ұлттық музейіТөл сөзҒылыми-техникалық прогрессӘміре ҚашаубаевДүниежүзілік сауда ұйымыЭлектромагниттік толқындарБастауышҚазақстанның тұңғыш мектептеріДрамаҚазақтың ұлттық тағамдарыМагниттік өтімділікҚазақстанның пайдалы қазбаларыҮйсін мемлекетіКерей ханҚазақстандағы «қайта құру» саясатыКенесары ханКеңес Одағының БатырыАлкиндер316-атқыштар дивизиясыБаяндауышСюрреализмҰрықӘлеуметтік инфрақұрылымСөйлемКонтрацепцияЖыныс гормондарыРим империясы🡆 More