Мұрат Бәкірұлы Майлыбаев

Мұрат Бәкірұлы (27.12.1906, Ташкент облысы Янгиюль ауданы Рамадан кенті – 26.3.1992, Алматы) – мақта өсірудің білгір маманы, ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты (1957),Республиканың еңбек сіңірген агрономы.

Ташкент мемлекеттік университетін (1926), Орта Азия мақта институтын бітірген (1933). 1933–36 ж. Мақтаарал тәжірибе стансасында ғылыми қызметкер, директордың орынбасары болып еңбек етті. Осы жылдары тәжірибе стансасында шитті мақтадан мол өнім алынды (кейбір бөлімшелерде гектарынан 100 центнерден асты). Осындай жоғарғы көрсеткіштері үшін Мұрат Берікұлы 1939 жылы Егін шаруашылығы жөніндегі халық комиссариатына (Наркомземге) Мақта басқармасының бас агрономы қызметіне шақырылды. 1942 жылы Оңтүстік-батыс өндірістік басқармасының бастығы, Қазақ КСР Техникалық дақылдар министрлігі алқасының мүшесі болып тағайындалды. 1945–73 жылдары Қазақ КСР Министірлік Кеңесінің ауыл шаруашылығы тобының бастығы, ғылыми басқармасының егін шаруашылығы бөлімінің бастығы, мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы экономика және ауыл шаруашылығы ұйымдастыру институтының бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді. Мұрат Берікұлы мақтаның өнімділігін арттыруға көп еңбек сіңірді. Мысалы 50-жылдары ол ұсынған технология бойынша бірде бір рет суарылмай өсірілген мақтаның гектарынан 55 ц өнім алынды. Мұрат Берікұлы шитті мақта өсіруде ғылыми әдістерді кеңінен пайдаланған және топырақ, шөп алқабының мақта өніміне әсерін зерттеген ғалым-агроном.

Марапаттаулары

  • «Қызыл жұлдыз» орденімен (1944)
  • «Тың жерлерді игергені үшін» медалімен (1954)
  • ХШЖК Кіші Алтын медалімен (1956)
  • Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасы


Сілтемелер

Tags:

АгрономМақтаҚызметкерӨнім

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

МазһабГеографиялық ақпараттық жүйеАИВ/ЖИТССаяси партияАлтын Орданың хандарының тізіміКүкіртЕртісДанияАлаш қозғалысыГендік инженерияБеғазы-Дәндібай мәдениетіОңтүстік АмерикаҚайта құру кезеңіАқпарат технологиясыТайқазанInstagramАқсу-Жабағылы қорығы1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысТөлен ӘбдікТыныс алуҰлыбританияҮндістанБиомеханикаНанотехнологияТолқын ЗабироваКрест жорықтарыЕліктеу сөзЖеті қазынаТүркістан облысыМетонимияҚазақстан соғыстан кейінгі кезеңдеБұқар жырау ҚалқаманұлыЖусан иісі (повесть)ТүркілерВирусты гепатит ВБалуан ШолақТыныс белгілеріТәуекел ханАқпаратӘзірбайжанҰлы Отан соғысыГазГеографиялық картаЭкономикаХимиялық элементтер тізіміСахабаларҚазақтың салт-дәстүрлері мен ырым-тиымдарыХлорШәмші ҚалдаяқовДүниежүзі елдерін даму деңгейі бойынша топтастыруИсламдағы жыныстық өмір әдебіҚазақстанның мұнай өнеркәсібіАлтын ОрдаФосфорКиіз үйТүркияФутболЛипидтерҚазақтың салт-дәстүрлері (тізім)ДулатШөмекейСемей полигоныЖіктік жалғауЭнеолитСалалас құрмалас сөйлемАлмаАлғашқы көмекАбай және оның орыс достарыҚасқырОмыртқа бағанасыТәңіршілдікҚорқыт атаБастың ауыруыҚазақстан 2030УкраинаҚорғансыздың күні (әңгіме)Албан руыИса Мәсих🡆 More