Алма

Алма (лат.

Malus pumila) — раушангүл тұқымдасына жататын, өте кең тараған ағаштарының жемісі.

Алма
Алма

Табиғи алманың жер шарында бізге 36 түрі белгілі, олардың 10— 12-сінің шаруашылықтық маңызы бар. Қазақстанда негізінен Сиверс алмасы, Недзвецкий, қырғыз алмасы өседі. Алманың жаздық, күздік, қыстық сұрыптары бар. Алма ағашының өмір сүру ұзақтығы 20—100 жыл, биіктігі 4—10 м болады. 3—12 жылда жеміс береді, әр гектардан шамамен 100—300 ц өнім алынады. Тұқымынан және өсімді (вегетативті) жолмен көбейеді. Тұқымынан көбейту бұлама алуда және селекцияда қолданылады.

Алманы көбейту кейде ұластыру арқылы да жүзеге асады. Қазақстанда алманың 40-тан астам сұрыптары аудандастырылған, оның 20-сын (Салтанат, Іле, Алатау шапағы, Алматы т.б.) қазақ селекционерлері өсіріп шығарған. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды, тағамдық заттарға бай, дәмді келеді, әрі жақсы өңделеді. Алма құрамында 83—88 % су, 7,5—16 % қант, 0,2—0.8 % қышқыл, 9,5—18,5 % құрғақ қалдық, 0,28—1,0 % илік заттар, А, В1, В2, В6, С, РР витаминдері, көптеген минералды заттар бар. Шырынынан шарап, сусын дайындалады, ал жемісін емдік дәрі ретінде де, адам организмін ауыр металл заттардан тазалауға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданады.

Алманың зиянкестері: алма жегіші, алма биті, шие бізтұмсығы, гүл жегіші. Алма аурулары: алма қотыры, ақ ұнтақ, жеміс шірігі, т.б.

Өсімдік туралы

Алма ағашының сұрыптарына қарай өмір сүру ұзақтығы 20-100 жыл, биіктігі 3-10 м аралығында, 3-12 жылда жеміс береді. Жаздық, күздік, қыстық сұрыптар болады. Жаздық сұрыптары еккеннен кейін 3-4 жылдан соң жеміс бере бастайды. Толық жеміс беру мезгілі 15-20 жыл, ал 30-35 жыл өткен соң мұндай сұрыптардың жеміс беруі нашарлай бастайды. Жаздық, күздік, қыстық сұрыптарды іріктеп алу тәртібін орындамау, қандай да болсын бір түрін көбейтіп жіберу – әсіресе, өнімді жинаған, сақтаған, өңдеген кезде көптеген қиыншылықтар туғызады. Бақшада мейлінше көп сақталатын қыстық сұрыптарға едәуір орын берілгені дұрыс.

Қолданылуы

Алма құрамында су, қант, қышқыл, А, В1, В2, В6, С, РР витаминдері, көптеген минералды заттар бар. «Күнде кешкісін бір алма жесеңіз, дәрігер қажет емес» деген мақал алманың қаншалықты пайдалы екендігін білдіреді. Сонымен қатар, алма шырыны адам организмін ауыр металдардан тазартуға, қан бұзылуы және жүрек ауруларын емдеуде қолданылады. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды.

Алма жемісінен шырын, тосап, компот, джем, қақ жасалады. Сондай-ақ тамақ, кондитер және иіс су өнеркәсібінде қолданылады. Алманы күнделікті тағамға, салаттарға қосып пайдаланады.

Алма мусы

Алманың әсіресе қышқыл сұрыптарын тазалап жуып, шанышқымен түйреп тесіп, табаға салады да, 15—20 минутқа пешке қояды. Піскен ыстық алманы үккіштен өткізіп, оған суытылған қант шәрбатын құйып, жұмыртқаның ақуызын қосып, көпіршіп қоймалжың болғанша жақсылап араластырады. Егер қышқылы кем болса, онда оған 1/2 шай қасық лимон шырынын қосу керек. Дастарқанға салқындатып қояды. 500 г алмаға: 2/3 стақан қант мен 3 жұмыртқаның ақуызы керек.

Алма пудингі

Алма 

Алманы тазалап жуып, тат баспайтын пышақпен өзегі мен қабығынан тазартып, әр алманы 4-ке бөліп, сары май салынған табаға аздап қуыру қажет. Бидай ұнына қант және ас содысын қосып, жақсылап араластырып, май, жылы сүт пен жұмыртқа қосып қамыр дайындайды. Содан соң алма біраз суығаннан кейін қамырмен араластыру керек. Алма қосылған қамырды май жағылған және кепкен нан себілген табаға салып, бетін тегістеп, пешке қойып, 30 минут пісіреді. 800 г алмаға:

  • 2 1/4 стақан ұн
  • 1/2 стақан қант
  • 2 ас қасық сары май
  • 1/2 стақан сүт
  • 2 жұмыртқа
  • 1-2 шай қасық соды керек

ал тұз әркімнің қалауынша салынуға тиіс.

Қамырға орап пісірген алма

Иленген қамырды (қалыңдығы 1-2 cм) төрт бұрыштап, алма орауға болатындай шамамен кеседі. Алманы тазалап жуып, ортасындағы өзегін алып, өзектің орнына қант себеді де, жаңағы жайылған қамырға орап, үстіне қант сеуіп, суланған қаңылтыр табаға салады. Әр алманың үстіне бес жұлдызшалап қамыр салып, оның бетіне жұмыртқа уызын жағып әсемдеуге болады. Қаңылтыр табаны ыстық пешке қойып, 10-15 минут өткеннен кейін, отын азайтып, тағы 8-10 минут ұстау қажет. Тағам дайын болған кезде оны қалақпен немесе ұшы доғал келген пышақпен табадан алып, бетіне қант себу керек. Бұл — ыстық немесе салқын күйінде де жеуге болатын тағам.

Жаңғақ қосқан алма

Алма 

Жұмыртқаға қант қосып, әбден ақкөбік болғанша араластырып, оған өсімдік майын, ұн, аршылған алма (үгін), майдаланған жаңғақ, лимонның қабығын немесе оның үгіндісін қосады. Қоспаны араластырады, оны май жағылып, ұн себілген шойын табаға салып пісіреді. Піскен тағам суытылып, бетіне қант себіліп, бірнеше бөлшекке кесіліп, сонан соң дастарқанға қойылуға тиіс. 2 стақан ұнға:

  • 2 жұмыртқа
  • 1 1/4 стақан қант
  • 1 стақан өсімдік майы
  • 1/2 стақан жаңғақ
  • 1 шай қасық үгітілген "дәмдеуіш қабық
  • 1/2 лимон қажет.

Алма сусыны

Алманы жуып, өзегінен тазартып, үккішпен үгіп, шырынын алады. Сол шырынға қант сеуіп, қайнатып, көзі тар сүзгіштен өткізіп, сонан соң аз ғана суытып қою керек. Ыдыстың түбіне жиналған тұнбасын ептеп құйып алады. Осы әдіспен мүкжидегінен шырын дайындал, оны алма шырынымен араластырып, қант, қайнаған су, ванилин қосып, салқындату керек. 500 г алмаға:

  • 200 г мүкжидегі
  • 100 г қант
  • 1 стақан су
  • бір шымшыма ванилин қажет.

Жібітілген алма

Алма 

Жібітуге қышқыл дәмі бар, орташа және ұсақ алмалардың күздік және қыстық сұрыптары (Антоновка, Анис, Литовский пепин, Осеннее полосатое) пайдаланылады. Ашық түсті алмалар мен оның жаздық сұрыптары, жібітуге жарамсыз. Алманы жинап алған соң, 15 күннен кейін жібітсе, оның сапасы онан сайын арта түседі. Жібітерден бұрын алманы ірі-ұсағына қарай іріктеп, зақымдалған алмалар бөлек алынуға тиіс. Алманың сұрпын бөлектеп қатар-қатар етіп қойып, әрқайсысын 30-50 кг-дық бөшкелерге салады (қыш ыдысқа салып та жібітуге болады). Бөшкені алма салмастан бұрын ыстық сумен жуу керек. Содан кейін оған алманы қатарлап салып, оның ең астыңғы қабатына және жан-жағына, бетіне, ыстық суға жуылған қара бидайдың немесе бидайдың сабанын төсейді. Сонда жібітілген алма әдемі сарғыш түске еніп, дәмі жақсарады. Алманы бөшкеге саларда арнайы қоспалар (бір бөшкеге: 150 г эстрагон, 250 г шие жапырағы немесе қара қарақат жапырағы) салуға болады. Алма толтырылған бөшкенің қақпағын жақсылан жауып, арнайы қалдырылған саңылау арқылы тұздық құяды. Саңылауды тығынмен онша тығыздамай жауып, 150С температурада 5-6 күн ұстап, көбіктенген кезде саңылаудан көбігін алып, жаңа тұздық құяды да (өйткені алма көп ылғал қажет етеді), саңылауды тығыздап жабады. Сөйтіп алманы жертөледе 20 С пен 50 С аралығында сақтайды. Жалпы алма сақталатын жердің температурасы 120 С-тан аспауы тиіс. Жібітілген алманы 30-40 күннен кейін жеуге болады. Оны көкөніс салатын, «провансаль» капустасын жасау үшін, сондай-ақ гарнир ретінде пайдалануға болады. 10 л тұздық дайындауға: 9,5 л су, 250 г қант (қанттың орнына 2 есе бал салуға болады), 150 г тұз, 150 г қара бидай ұнын пайдаланады.

Алма джемі

Алма 

Джем дайындау үшін алманың кез келген сұрпы жарайды. Әсіресе Антоновка, Папировка, Анис сұрыптарын пайдаланған жөн. Алманы жуып, бөлшектел турап, өзегінен тазартып (қараймай тұрып), оны сірке суымен аздап қышқылдандырылған немесе тұзды су құйылған ыдысқа салады. Сосын оны алма қайнатылатын ыдысқа аударып салып, су құйып (1 кг алмаға 2-2 стақан су) қайнату қажет. Қайнатқан кезде, оны үнемі араластырып отыру керек. Алманы қайнату уақыты 10-15 минуттан аспауы тиіс. Егер суы аз болған жағдайда, тағы 1 стақан су құюға болады. Алмалы оттан түсіріп, оған қант немесе қант шәрбатын қосып, қайтадан отқа қойып, араластыра отырып тағы 30 минут қайнату қажет. 1 кг тазартылған алмаға: 1,2 кг қант пен 2,5 стақан су керек.

Сілтемелер

Дереккөздер

Қ 74 Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Жемістер: Дидактикалық материал. - Алматы, 2011. - 16 б;ISBN 978-601-7237-31-8


Tags:

Алма Өсімдік туралыАлма ҚолданылуыАлма мусыАлма пудингіАлма Қамырға орап пісірген алмаАлма Жаңғақ қосқан алмаАлма сусыныАлма Жібітілген алмаАлма джеміАлма СілтемелерАлма ДереккөздерАлмаАғашЛатын тіліРаушангүл тұқымдасы

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісЭкспрессионизмГлюкозаҚытай қорғаныЖұмбақтасХХ ғасырдың 20-30-жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси, мәдени жағдайыҒылыми-техникалық революцияӘбу Райхан әл-БируниДүниежүзінің табиғат ресурстарыҚазақ (қырғыз) Автономиялы Социалистік Кеңес РеспубликасыПопуляцияГерманияАлтын ОрдаЕуропа одағыЖай сөйлем және оның түрлеріТұлғаКиелі жануарларАрыстан баб кесенесіСудың ластануы314-атқыштар дивизиясыЖұлын жүйкелеріМал шаруашылығыГуманизмТөтенше жағдайҚазақ хандарыАдамаралық қарым-қатынасЖеуге жарамды және улы саңырауқұлақтарЖасушаның бөлінуіЕкінші дүниежүзілік соғысНұралы ханЕуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымыПолиэтиленЖарықТәуелдік жалғауҚазақстандағы минералды ресурстарКөксерек (әңгіме)Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуыТұқым қуалайтын ауруларБайқоңыр (ғарыш айлағы)Ұлы Жібек жолыТүркістан облысыҮш Жүз партиясыКартоп1920-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиеті мен өнеріБасты бетБурабай ұлттық паркіҚазақстан азамат соғысы жылдарындаКөбеюЕуропаПневмонияИсламТеатрКанадаҚазақстан Республикасы Қарулы КүштеріАрал теңізіАзияМиПиелонефритЖеті жарғыӨсімдіктер систематикасыМұнай өнеркәсібіҚазақстан кітапханаларыЭволюцияІлеРаушангүлділерСолтүстік АмерикаҚазақстандағы туризмСалалас құрмалас сөйлемСфералық айналарОрганогенезҚозы Көрпеш – Баян СұлуҚазақстан соғыстан кейінгі кезеңдеГаструлаАғаш түрлеріДінмұхаммед Қанатұлы ҚұдайбергеновАқ зат🡆 More