Қант

Қант — қант қызылшасы мен қант қамысынан алынатын тағамдық өнім.

Ақ, сары немесе қоңыр түсті, тәтті дәмді кристалл. Қант және шақпақ қант (рафинад) түрінде шығарылады. 100 г қанттың энергетикалық құндылығы (калориялылығы) 1,68 МДж (400 ккал) шамасында. Құрамы жағынан қанттардың көпшілігі – көмірсутектің сумен қосылысы Сn(Н2О)m. Мысалы, гексоза С6Н12О6, сахароза С12Н22О11, сондықтан оларды көмірсулар деп те атайды. Қант кондитер, нан пісіру, консервілеу, шарап жасау, т.б. өндірістерде пайдаланылады.

A.
Сахароза кристалдары.
Қант Басқа мағыналар үшін Қант (айрық) деген бетті қараңыз.

Тағам ретінде қолданылатын қант адам организмінің қалыпты тіршілік етуіне бірден бір қажет химиялық заттар — қанттар мен көмірсулар тобына жатады. Көмірсу және май алмасуының бұзылуымен бірге жүретін кейбір ауруларда (диабет, семіру) қантты пайдалануды бірден шектеген жөн. Дене еңбегімен жеткілікті дәрежеде айналыспағанда, әсіресе қарт адамдарға қантты мөлшерден тыс пайдалану жүрек-қан тамыр ауруларын туғызады. Қант күрделі (крахмал, лактоза, сахароза) және қарапайым (глюкоза, фруктоза) болып екі топқа бөлінеді. Ең кең тараған күрделі қант — крахмал — нанның, картоптың, жарманың құрамында болады. Көкөністерде, жемістерде және басқа кейбір азық-түліктерде крахмалдан басқа, лактоза (сүт қапты), өзіндік ас қанты — сахароза (қызылша немесе қант құрағы) бар. Бұл өнімдерде жай қант та кездеседі, олардың ішінде ең жиі тарағаны глюкоза (виноград немесе жүзім қанты) және (жеміс-жидек қанты). Глюкозаның көп мөлшері — жүзім шырынында, ал фруктозанікі — жеміс-жидектер мен балда болады. Қарапайым қант (әсіресе глюкоза) организмге жеңіл сіңеді және бәрінен де көп мөлшерде энергия береді, сондықтан оларды шұғыл түрде адамның әл-қуатын молайтатын заттар қажет болған кезде пайдаланған жөн.

Ас қантын — сахарозаны — қант қызылшасының тамырынан және қант құрағынан алады. Ас қорыту кезінде әлсіз қышқылдар мен ферменттердің әсерімен ас қанты глюкоза мен фруктозаға бөлініп организмге тез сіңеді. Ас қанты 200ᵒС-тан жоғары қыздырылғанда бояғыш заттар (яғни қанттың карамельденуі) пайда болысымен жіктеле бастайды; бұл процестер кондитер өнеркәсібінде кең қолданылады. Қоюланған (64%-тен астам)

Қант
Сорбит

қант ерітіндісін консервілеуге болады, қайнатпа, джем, сондай-ақ жеміс пен жидекті консервілеуде қанттың қолданылуы осыған негізделген. Қант орнына қолданылатын заттар бұларға сорбит пен ксилит жатады. Оларды қантты пайдалануға болмайтын жағдайда (қант диабетімен ауырғанда, семіргенде) қолданады.

Сорбит — ақ түсті, тәтті, иіссіз, суда жақсы еритін кристалды ұнтақ. Ол шетеннің жемісінде және көптеген жеміс-жидектердің құрамында болады. Сорбиттің тәттілігі қантқа қарағанда 2 есе аз. Организмге сіңгеннен кейін, қандағы қант мөлшерін арттырмайды. Диабетпен ауырғандардың ұзақ уақыт бойына тәулігіне 100 г-ға дейін сорбитті пайдалануы оның толығынан зиянсыз екендігін анықтады. Сондай-ақ оны өт қызметін жақсартуға да пайдаланады.

Ксилит те сорбит сияқты қолданылады. 50 г-нан артық пайдалануға болмайды.

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Tags:

КонсервілеуКристаллКөмірсуларСахарозаШарапҚант қызылшасы

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

МұхаммедӘн-Нас сүресіЖедел аппендицитОдағайМұнайАқтөбеТолықтауышФосфорТөтенше жағдайМитохондрияГипофизСалауатМысЕрте токсикозФутболЖоңғар шапқыншылығыБотай мәдениетіУрбанизацияРобототехникаЖалқы есімАсқорыту мүшелеріҰлықбек Оразбайұлы ЕсдәулетГендік инженерияЗар Заман ақындарыҚазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктерМұрат МөңкеұлыАс қорыту жолдарынан қан кетуМұхитТерроризмМендель заңдылықтарыЖайылма сөйлемТопырақ құнарлылығыЕкінті намазыКіші жүздің Ресейге қосылуыҚұстарНаймандарЖұмыс уақытыФариза ОңғарсыноваҚазақ газетіХимиялық элементтер тізіміИнвестицияСайлау жүйесіАсан қайғы СәбитұлыҚазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі оқу-ағарту ісіҚазақ философиясыСөйлем мүшелеріДәрілік өсімдіктерАзамат соғысыҚазақстанТәуелдік жалғауСмағұл Абатұлы ЕлубайХаббл ғарыш телескопыЕсімдікАИВ/ЖИТСБайтұрсыновтың ұрпақ сауатын ашудағы қосқан үлесіКенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысЖатырдан тыс жүктілікІштің қатуыКөзімнің қарасы...ПанкреатитЖерХлорофиллОм заңыТеміреткіҚан қысымыКәффарат түрлеріНанотехнологияЖұрнақИса МәсихАвтомобиль түрлеріЖарапазанҚазақстандағы жаңа экономикалық саясатҚанайналым жүйесіАйқапЖол белгілеріЖанғожа Нұрмұхамедұлы бастаған Сырдария қазақтарының көтерілісіҚазақтың 500 ән-күйіАлкандарЗат алмасу🡆 More