Ботай Мәдениеті

Ескерткіш 15 га алаңды алып жатыр.

Ботай мәдениеті ежелгі адамның алғаш рет жылқыны қолға үйреткендігімен әлемге әйгілі. Бұл мәдениеттің өмір сүру уақытты б.з.д. V-IV мыңжылдықта өтті. Зерттеулердің тарихи маңызы - жылқыны алғаш қолға үйретудің жер жүзінде ең басты орталығы Қазақстан болып саналуында.

Ботай Мәдениеті
Ботай мәдениеті

Ботай әлемдегі – ертедегі Еуразия жылқы өсірушілерінің ғажайып қонысы.

Ботай мәдениетіэнеолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Никольское ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 км жердегі Ботай қоныстарына байланысты аталған. Қазба жұмыстарын жүргізген Солтүстік Қазақстан университетінің археологиялық экспедициясы (1981 — 83, жетекшісі В.Ф. Зайберт) 15 га жерді алып жатқан қоныстан 158 үйдің орны қазылып аршылды. Олар қабырғалары бір-біріне жалғастырып салынған бірнеше тұйықталған бөліктерден тұрады. Кейбіреулерінде 30-ға тарта үйлер болған. Шаруашылық құралдары түрлі тастардан, балшықтан және сүйектерден жасалынған. Ботай мәдениетін жасаған тайпалар жылқыны қолға үйреткен. Тастан жасалған пышақ, қанжар, жебенің, найзаның ұштарының көптеп табылуы қоғам өмірінде аңшылықтың рөлін айқын көрсетеді. Сонымен қатар гарпун, ине, жуалдыз, тескіштер, тұмар және әшекей бұйымдардың кездесуі шаруашылықтың әр саласынан хабар береді. Ботай мәдениетінің қалыптасуына Атбасар неолиттік мәдениетін жасаған тайпалары араласқан. Ботай мәдениеті Жайық пен Ертіс өзендерінің аралығын қоныстанған тайпалар мәдениетіне жатады.

Ботай Мәдениеті
Тастан жасалынған құралдар

Сілтемелер

1. «Ботай мәдениеті» Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы.

Дереккөздер



Tags:

ЖылқыҚазақстан

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ГенетикаҚазақстандағы минералды ресурстарБотай мәдениетіПедагогикаҚарахан мемлекетіАтом ядросыЖарықтың шағылуыКүнбағысҚазақстан соғыстан кейінгі кезеңдеГаметаЖаңа экономикалық саясатШерхан Мұртазаұлы МұртазаҚазақтың XX ғасырдағы мәдениетіАдам өмірінің негізгі кезеңдеріИслам ынтымақтастық ұйымыМетафораЖануарларБәйтерек (мифология)Қазақстан және БҰҰИталияҒылыми-техникалық революцияЕменТырнақшаАрыстанЭкономикалық қатынасҚазақстан азамат соғысы жылдарындаЕсімдікЭкстремизмСөйлемҚұқықТемірЖыныс мүшелерінің құрылысыСемей полигоныТың игеруТүркістан (қала)Бауыр (орган)Тел өскен ұлҚазақтың атақты әнші-күйшілеріКөне түркі жазбаларыТірі ағзалардың негізгі қасиеттеріҰйғыр халқының материалдық және рухани мәдениетіӘлеуметтік инфрақұрылымНұркен ӘбдіровТемірқазықСілтілік металдарЕліктеу сөзТүймедағыКөлденең жолақты ет ұлпасыСаяси режимТұрар РысқұловБатыс Түрік қағанатыАвтокөлік шығаратын елдер тізіміИсламСаркомерлерАктинНарықтық экономикаҚытайҒаламдық экологиялық проблемаларДауыссыз дыбыстарДінмұхамед Ахметұлы ҚонаевЖамбыл ЖабайұлыОттегіСөз табыТемекі шегуҚоректік тізбекЖасушаСептік жалғауЖұрнақҚазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніАрхеологиялық ескерткіштерГуманоид роботтарҚазақстан жоғарғы оқу орындарының тізіміӨнеркәсіптің дамуы және оның шикізаттық бағыт-бағдарыӨзбектерДәруменҚажымұқан МұңайтпасұлыАққуларҚазақ тіліндегі өсімдік атауларының тізіміДін🡆 More