Іш қату — сирек шығатын, құрғақ, ауыр немесе қиын дәрет (үлкен дәрет), ол сирек кездеседі.
Үлкен дәретке бара алмай, үш күндей, одан көбірек мерзім тік ішек бойымен ештеңе түспеген жағдайды адамның іш қатуы дейді. Іш қатуы көбіне тамақтану рационының бұзылуы салдарынан (әсіресе жеміс-жидек, көкөністің не ірі ұнтақты ұннан пісірілген нанның жетіспеушілігінен болады) және дене шынықтыру жаттығуларымен жеткілікті айналыспаушылықтан болады. Мұндай жағдайда суды көп ішіп және жеміс-жидекті, ірі ұнтақты ұннан пісірілген нанды, бидай талқанын, арпа, сәбіз, қызылша, мейіз, жаңғақты, асқабақ және күнбағыс шемішкелерін кебірек жеу қажет, бұл тағамдардың әсері іш жүргізетін дәрі-дәрмектен артық болмаса, кем емес. Сондай-ақ тамаққа үнемі аз мөлшерде май қосып отырған да пайдалы. Егде, қарт адамдарға үнемі таза ауада қыдырыстап, дене шынықтыру жаттығуларын жасаумен айналысу керек, бұл тек ішек қызметін жақсартуға қажет. Егер 4 күн, одан да кеп мерзім үлкен дәретіңіз жүрмесе, осындай жағдайда және асқазанның қатты ауырғаны байқалмаса, онда сүт немесе магнезин сияқты іш жүргізетін әлсіз сұйық ішкеніңіз дұрыс. Бірақ іш жүргізетін дәрі-дәрмекке кеп әуестенуші болмаңыз.
Іш жүргізетін дәрі-дәрмекті нәрестеге және кішкентай балаларга бермеңіз. Егер бала қаталап, үлкен дәретке отыра алмай жүрсе, құйрығынан аздап қана өсімдік майын жіберіңіз. Әйтпесе қажет болса сұқ саусақты майлап, жәйлап қана тығыздалып қалған қатты нәжісті алып тастауға болады.
Егер асқазан қатты ауырып түрса, ешқашан да іш жүргізетін немесе іш тазалайтын күшті дәрі-дәрмек пен суйықты қолданушы болмаңыз.
Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет!
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Іштің қатуы, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.