Университет (лат.
unіversіtas – жиынтық, жинақ) – жаратылыстану, қоғамдық, техникалық, әлеуметтік ғылымдар саласынан кең көлемде жоғары білімді мамандар даярлайтын, көп салалы жоғары оқу орны. Университетте студенттер жан-жақты терең теориялық даярлықтан өтеді. Университетке тән ерекшелік – оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарының үйлестіріле жүргізілуі. Алғашқы Университет XII ғ-да Батыс Еуропада пайда болды. Ресейдегі тұңғыш Университет – Мәскеу университеті (1755), байырғы Университеттерге Львов (1661, алғашында поляк королі академия ретінде құрған), Тарту (1802), Вильнюс (1803), Қазан (1804), Харьков (1805), Санкт-Петербург (1819), Киев (1834) университеттері жатады. Орталық Азияда 1920 ж. Түркістан мемлекеттік университеті (кейін Орта Азия университеті), ҚазМУ (1934, қазіргі ҚазҰУ), Қарағанды мемлекеттік университеті (1972) ашылды. Қазір Қазақстанда 7 ұлттық, 35 мемлекеттік және жекеменшік Университеттер бар.
«Quacquarelli Symonds (QS)» британдық компаниясының әлемдік рейтингі 350-ден астам университеттің жұмысын ескерді. Осы рейтингке Қазақстан Республикасының 24 университеті кірді, олар келесі орындарды иеленді:
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Университет, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.