Социализм

Социализм (латын.

socialis - қоғамдық) - әлеуметтік әділеттілік пен теңдікке негізделген, мақсаттары мен мұраттары социалистік қоғам орнатумен байланысты ілім. Коммунистік құрылыстың бірінші сатысы.

Социализм

Қазіргі кезде социализм теорияларын бірнеше топтарға бөлуге болады:

    а) ортодокстік марксизм, ол 20-ғасырда буржуазиялық қоғамды революциялық жолмен өзгерту және таптық күрес арқылы коммунизмді және оның төменгі сатысы болып табылатын социализмді орнатудың лениндік теориясына ұласты;
    ә) марксизммен генетикалық тұрғыдан байланысты әлеуметтік-демократиялық ілімдер;
    б) ұлт-азаттық қозғалыстар негізінде туындаған түрлі социалистік түсініктер, т.с.с. Социализмнің түрлі ілімдері негізінде қоғамның социалистік құрылысының үлгілері жасалды.

Мәселен, ортодокстік марксизм (ленинизм) Ресейде және Шығыс Еуропа елдерінде практикалық қолданыс тапты. Бұл үлгілерге мынадай белгілер тән:

    а) мемлекеттік меншіктің басымдықта болуы, жеке меншіктің тек халық шаруашылығының жекелеген салаларындағы (ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету аясы) түрі ретінде ғана болуы;
    ә) экономиканың нарықтық негіздерін теріске шығару жоне шаруашылықты жоспарлы жүргізу, мемлекеттік реттеу;
    б) қоғамдық тұтыну қорлары арқылы медицина қызметін көрсету және білім беру тетігі, тегін білім беру, денсаулық сақтау;
    в) қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың негізі ретіндегі ұжымшылдық;
    г) бір партиялық құрылыс және мемлекеттік құрылымдардың басты қағидаты болып табылатын тоталитаризм.

Жалпы алғанда мұндай Социализмді мемлекеттік немесе номенклатуралық Социализм ретінде сипаттауға болады. Сайып келгенде, "мамыражай революциялар" мен қайта құру реформалары салдарынан социализм нарықтық шаруашылықтарға өзгертілді. Батыс Еуропада Социализмнің әлеуметтік-демократиялық (скандинавиялық) үлгісі дамыды. Қозғалыстағы бұл үлгіге сәйкес Социализмге бүкіл қоғам қатысуға тиіс, оның үстіне большевиктік үлгіден өзгеше түрде бұл қозғалыс әлеуметтік келісім жағдайында эволюциялық сипатта болуға тиіс. Жалпы алғанда осы үлгіні іске асыру практикасы ойдағыдай болды. Үшінші бағыт — антиимпериалистік ұлтшылдық шегінде әлеуметтік идеяларды іске асыру (мұның өзі нашар дамыған елдерге - бұрынғы отарларға тән) Мұндай жағдайда Социализм үлттық қайта өрлеуді, өндірістің өсуін және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ететін қоғамдық құрылыс болып табылады. Социализмнің бұл үлгісінің ерекшеліктері: Социализм мен ұлттық қайта өрлеу идеяларының дінмен және тиісінше ұлттық дәстүрлермен, әдет-ғұрыптармен ұштасуы жоне олардың Социализмнің осы тұрпатының табиғи негізіне айналуы. Ақыр соңында, Социализм нышандарының ұжымшылдық пен өзін-өзі басқаруға негізделген жекелеген әлеуметтік нысандарда дамып келе жатқанын айтуға болады. Олар: халықтық кәсіпорындар да (АҚШ-та, Еуропада), Израильдағы кибуцтер де, түрлі тұрпаттағы кооперативтер де. Жалпы алғанда әзірге әлеуметтік теңсіздіктер мен әлеуметтік-экономикалық айырмашылықтар орын алып отырғанда социализм идеялары мен оларды іске асыру әрекеттері дами береді.

Дереккөздер

Tags:

Латын тілі

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

МайданЭволюциялық ілімҚара металлургияБауыржан МомышұлыЖеті жарғыКөксерек (әңгіме)Менің атым Қожа (повесть)АустралияҚан мен терОғыз мемлекетіЖүрек ауруларыСолтүстік ҚазақстанОтырарЖылқы малының атауларыСөйлемнің бірыңғай мүшелеріҚазақстанның Қызыл кітабыЭкологиялық жүйеҚазақстан мәдениетіӘлеуметтік инфрақұрылымҚазақстан Республикасы Қарулы КүштеріҚаныққан көмірсутектерГүлТоғыз-құмалақРақымжан ҚошқарбаевСаңырауқұлақтарСелекцияЖайылма сөйлемСолтүстік АмерикаАлматыБұланты шайқасыҚазақ хандарыНанотехнологияҚазақстан мемлекеттік рәміздеріҚазақ әліпбиіАдам эволюциясының негізгі кезеңдеріАлкендерСудың ластануыҚоғамҚазақстанның жеті кереметіОңтүстік-шығыс Азия елдерінің ассоциациясыҚазақша жыл санауҚұстарЖыныс мүшелері ауруларыҚазақстан әкімшілік бірліктеріҚазақтың салт-дәстүрлері (тізім)Қазақ хандығының құрылуыПлагиатҒылыми-техникалық революция және дүниежүзілік шаруашылықтың дамуыАйдын Ақанұлы АйымбетовФотосинтездің жарық және қараңғы фазаларыЖоңғар хандығыЕуразиялық Экономикалық ОдақЕртісҚазақстан халқы ассамблеясы1920-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиеті мен өнеріДінмұхамед Ахметұлы ҚонаевОрталық АзияМәдениетТүркістан автономиясыЖан басына шаққандағы ЖІӨ (АҚТ) бойынша елдер тізіміҚанайналым жүйесіҚазақстан 2030Жер аумағы бойынша мемлекеттер және тәуелді аймақтар тізіміҚазақстан туыЭлектромагниттік толқындарҚазақтың музыкалық аспаптары тарихыБәйтерек (монумент)Дүниежүзінің табиғат ресурстарыМемлекеттік басқару формасыАлкандарАллитерацияСәулетЭлектрокардиографияЗиготаШанхай Ынтымақтастық ҰйымыҚозыке Бишімбайұлы БишімбаевҚыстырма сөзБүйрек🡆 More