Еуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы

Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ) (ағылш.

Негізгі мақсаты – жетілдірілген басқару мен демократиялық үрдіс негізіндегі аймақтық тыныштық пен қауіпсіздік. 3500 астам қызметкерлерінің басым бөлігі жерлердегі істермен айналысып, ал оның 10%-ға жуығы бас пәтерде отырады.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы
(ЕҚЫҰ)
ағылш. Organization for Security and Co-operation in Europe;
OSCE

Еуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы

    ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер

Мүшелік:

57 қатысушы мемлекет,
ынтымақтастық үшін 11 серіктес

Штаб-пәтер:

Еуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы Аустрия, Вена

Ұйым түрі:

Халықаралық үкіметаралық ұйым

Ресми тілдері:

Ағылшын тілі
Француз тілі
Италиян тілі
Испан тілі
Неміс тілі
Орыс тілі

Басшылары
Қазіргі төраға

Буяр Османи

Демократиялық институттар және адам құқықтары басқармасы

Маттео Мекаччи

БАҚ бостандығы жөніндегі өкіл

Тереза Рибейро

Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссар

Қайрат Абдрахманов

Бас хатшысы

Хельга Шмид

Құрылуы
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі кеңес ретінде

1973 жылдың шілдесі

Хельсинки келісімдері

30 шілде – 1 тамыз 1975 ж

Париж хартиясы

21 қараша 1990 ж

ЕҚЫҰ атауы өзгертілді

1 қаңтар 1995 ж

osce.org
Ортаққор логотипі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Ортаққорда

ЕҚЫҰ, Біріккен Ұлттар Ұйымы астындағы ад хок (Ad hoc) ұйым (VIII тарау), алдын ала ескерту, шиеленістерді тоқтату, тоқырау-менеджментіне және пост-конфликттік реабилитация істеріне аса назар аударады. Ұйым Еуропа, Кавказ, Орталық Азия, Солтүстік Американың 56 мемлекеттерін, яғни солтүстік жарты шардың көп елін қамтиды. Ұйым қырғи-қабақ соғыс кезінде Батыс – Шығыс форумы ретінде құрылған.

Қазақстан бұл ұйымға 1992 ж. 30 қаңтар мүше болып Хелсинкидегі Соңғы Актіне 8 шілде қол қойды. 2009 жылы осы ұйымды басқару үшін ниет еткен Қазақстан негізінен тек екі ел – АҚШ пен Құрама Патшалық қарсылығына тап болды. Осы елдердің ойынша Қазақстан адам құқығын, демократиялық құндылықтарды қорғау жөнінде әлі де көп еңбек ету керектігі айтылған. Қазақстан кандидатурысын ТМД елдерімен қатар Батыс Еуропа елдерінің көбісі (Германия, Италия, Нидерланд және Франция) қолдауда. 2930 қарашаның Мадридте ЕҚЫҰ мүше-елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) 15-ші отырысында компромисс ретінде Қазақстан ТМД елдерінің ішінде алғашқысы болып ЕҚЫҰ төрағалығына 2009-да емес, 2010 жылы ие болатындығы хақында шешім қабылданды.

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ұйымның төрағасы – Буяр Османи

Тарихы

20 ғасырдың 70-жылдары Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңес негізінде құрылды. 1994 жылы Будапештте өткен мемлекеттер мен үкіметтер басшыларының кездесуінде аталған кеңесті Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым деп атау жөнінде шешім қабылданды.

Бұл — Еуропа, Азия және Солтүстік Америка құрлығының 55 мемлекетімен консенсус (бір ауыздылық) негізінде келіссөздер, кеңесулер өткізіп, саяси шешімдер қабылдауға арналған көп тарапты құрылым. Мүше мемлекеттер басшыларының кездесулерінде ұйым қызметінің басты бағыттарын айқындайтын негізгі құжаттар қабылдайды. Мұндай кездесу 2 жылда 1 рет өткізіледі. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның Министрлер кеңесі мән-маңызы жағынан екінші басшылық органы болып саналады. Оның мәжілісі мемлекеттер басшылары кездесуінің аралық кезеңінде жылына 1 рет өтеді.

Басшылық кеңесі саяси және жалпы бюджеттік сипаттағы мәселелерді талқылап, нақтылайды, оның мәжілісі Прага қаласында өтеді. Сондай-ақ, ол Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның экономикалық форумы ретінде де шақырылады.

Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның Тұрақты кеңесі – ағымдағы саяси шешімдерді қабылдайтын негізгі жұмысшы орган. Мүше мемлекеттердің тұрақты өкілдерінен құралады. Оның апталық мәжілістері Венада өтеді. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым органы – Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық форумы шеңберінде қарулану мен қарусыздануға бақылау орнату, өзара сенім мен қауіпсіздікті нығайту жөнінде келіссөздер жүргізеді. Ұйымның лауазымды басшысы – бас хатшы, оны Министрлер Кеңесі 3 жыл мерзімге тағайындайды. Сондай-ақ, ұйымның құрамында Аз ұлттардың ісі жөніндегі 9 жоғарғы комиссар, Демократиялық институттар мен адам құқылары жөніндегі бюро және Парламенттік ассамблея бар.

Мүше мемлекеттер

Еуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы 
ЕҚЫҰ қол қойғандар (2006 ж. дейін).      Хелсинкидегі Соңғы Актіне және Париж Хартиясына қол қойған     тек Хелсинкидегі Соңғы Актіне қол қойған     қол қоймаған     ынтымақтастық үшін серіктес
Мемлекет Ұйымға кіруі Хелсинкидегі Соңғы Актіне қол қойған Париж хартиясына қол қойған
Еуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы  Албания 19 маусым 1991 жыл 16 қыркүйек 1991 жыл 17 қыркүйек 1991 жыл
Еуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы  АҚШ 25 маусым 1973 жыл 1 тамыз 1975 жыл 21 қараша 1990 жыл
Еуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы  Андорра 25 сәуір 1996 жыл 10 қараша 1999 жыл 17 ақпан 1998 жыл
Еуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы  Армения 30 қаңтар 1992 жыл 8 шілде 1992 жыл 17 сәуір 1992 жыл
Еуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы  Аустрия 25 маусым 1973 жыл 1 тамыз 1975 жыл 21 қараша 1990 жыл
Еуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы  Әзербайжан 30 қаңтар 1992 жыл 8 шілде 1992 жыл 20 желтоқсан 1993 жыл
Еуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы  Беларусь 30 қаңтар 1992 жыл 26 ақпан 1992 жыл 8 сәуір 1993 жыл
Еуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы  Бельгия 25 маусым 1973 жыл 1 тамыз 1975 жыл 21 қараша 1990 жыл
Еуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы  Босния және Герцеговина 30 сәуір 1992 жыл 8 шілде 1992 жыл  
Еуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы  Болгария 25 маусым 1973 жыл 1 тамыз 1975 жыл 21 қараша 1990 жыл
Еуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы  Хорватия 24 наурыз 1992 жыл 8 шілде 1992 жыл  
Еуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы  Дания 25 маусым 1973 жыл 1 тамыз 1975 жыл 21 қараша 1990 жыл
Еуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы  Финляндия 25 маусым 1973 жыл 1 тамыз 1975 жыл 21 қараша 1990 жыл
Еуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы  Франция 25 маусым 1973 жыл 1 тамыз 1975 жыл 21 қараша 1990 жыл
Еуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы  Грузия 24 наурыз 1992 жыл 8 шілде 1992 жыл 21 қаңтар 1994 жыл
Еуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы  Германия 25 маусым 1973 жыл 1 тамыз 1975 жыл 21 қараша 1990 жыл
Еуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы  Грекия 25 маусым 1973 жыл 1 тамыз 1975 жыл 21 қараша 1990 жыл
Еуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы  Ватикан 25 маусым 1973 жыл 1 тамыз 1975 жыл 21 қараша 1990 жыл
Еуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы  Исландия 25 маусым 1973 жыл 1 тамыз 1975 жыл 21 қараша 1990 жыл
Еуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы  Испания 25 маусым 1973 жыл 1 тамыз 1975 жыл 21 қараша 1990 жыл
Еуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы  Ирландия 25 маусым 1973 жыл 1 тамыз 1975 жыл 21 қараша 1990 жыл
Еуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы  Италия 25 маусым 1973 жыл 1 тамыз 1975 жыл 21 қараша 1990 жыл
Еуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы  Канада 25 маусым 1973 жыл 1 тамыз 1975 жыл 21 қараша 1990 жыл
Еуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы  Кипр 25 маусым 1973 жыл 1 тамыз 1975 жыл 21 қараша 1990 жыл
Еуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы  Қазақстан 30 қаңтар 1992 жыл 8 шілде 1992 жыл 23 қыркүйек 1992 жыл
Еуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы  Қырғызстан 30 қаңтар 1992 жыл 8 шілде 1992 жыл 3 маусым 1994 жыл
Еуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы  Латвия 10 қыркүйек 1991 жыл 14 қазан 1991 жыл 6 желтоқсан 1991 жыл
Еуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы  Лихтенштейн 25 маусым 1973 жыл 1 тамыз 1975 жыл 21 қараша 1990 жыл
Еуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы  Литва 10 қыркүйек 1991 жыл 14 қазан 1991 жыл 6 желтоқсан 1991 жыл
Еуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы  Люксембург 25 маусым 1973 жыл 1 тамыз 1975 жыл 21 қараша 1990 жыл
Еуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы  Нидерланд 25 маусым 1973 жыл 1 тамыз 1975 жыл 21 қараша 1990 жыл
Еуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы  Норвегия 25 маусым 1973 жыл 1 тамыз 1975 жыл 21 қараша 1990 жыл
Еуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы  Мальта 25 маусым 1973 жыл 1 тамыз 1975 жыл 21 қараша 1990 жыл
Еуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы  Мажарстан 25 маусым 1973 жыл 1 тамыз 1975 жыл 21 қараша 1990 жыл
Еуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы  Молдова 30 қаңтар 1992 жыл 26 ақпан 1992 жыл 29 қаңтар 1993 жыл
Еуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы  Монако 25 маусым 1973 жыл 1 тамыз 1975 жыл 21 қараша 1990 жыл
Еуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы  Өзбекстан 30 қаңтар 1992 жыл 26 ақпан 1992 жыл 27 қазан 1993 жыл
Еуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы  Польша 25 маусым 1973 жыл 1 тамыз 1975 жыл 21 қараша 1990 жыл
Еуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы  Португалия 25 маусым 1973 жыл 1 тамыз 1975 жыл 21 қараша 1990 жыл
Еуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы  Румыния 25 маусым 1973 жыл 1 тамыз 1975 жыл 21 қараша 1990 жыл
Еуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы  Ресей 25 маусым 1973 жыл 1 тамыз 1975 жыл 21 қараша 1990 жыл
Еуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы  Сан-Марино 25 маусым 1973 жыл 1 тамыз 1975 жыл 21 қараша 1990 жыл
Еуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы  Сербия 25 маусым 1973 жыл    
Еуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы  Словакия 1 қаңтар 1993 жыл    
Еуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы  Словения 24 наурыз 1992 жыл 8 шілде 1992 жыл 8 наурыз 1993 жыл
Еуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы  Солтүстік Македония 12 қазан 1995 жыл    
Еуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы  Швеция 25 маусым 1973 жыл 1 тамыз 1975 жыл 21 қараша 1990 жыл
Еуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы  Швейцария 25 маусым 1973 жыл 1 тамыз 1975 жыл 21 қараша 1990 жыл
Еуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы  Тәжікстан 30 қаңтар 1992 жыл 26 ақпан 1992 жыл  
Еуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы  Түркия 25 маусым 1973 жыл 1 тамыз 1975 жыл 21 қараша 1990 жыл
Еуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы  Түрікменстан 30 қаңтар 1992 жыл 8 шілде 1992 жыл  
Еуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы  Украина 30 қаңтар 1992 жыл 26 ақпан 1992 жыл 16 маусым 1992 жыл
Еуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы  Ұлыбритания 25 маусым 1973 жыл 1 тамыз 1975 жыл 21 қараша 1990 жыл
Еуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы  Эстония 10 қыркүйек 1991 жыл 14 қазан 1992 жыл 6 желтоқсан 1991 жыл
Еуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы  Черногория 25 маусым 2006 жыл 1 қыркүйек 2006 жыл  
Еуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы  Чехия 1 қаңтар 1993 жыл    

ЕҚЫҰ және Қазақстан

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңестің тәжірибелерін бөлісу мақсатымен, оның негізгі принциптерін басшылыққа алуға міндеттеме қабылдап, екі жақты тығыз байланыс орнатты.

Хельсинкиде өткен Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымға қатысушы елдердің жоғары дәрежедегі кездесуінде бұл ұйымға жаңадан қосылған елдерге жан-жақты көмек көрсетуге арналған бағдарлама қабылданды. Бағдарламада Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымына қатысушы елдердің бай тәжірибесін жаңадан қосылған елдерге тарату жоспарланған. Осы бағдарлама аясында Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым басшылығының өкілдері Қазақстанға бірнеше рет (1992 – 99) іссапармен келді. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым басшыларының Қазақстанға алғашқы ресми сапары 1993 жылы болды. Делегацияны ұйымның сол кездегі төрағасы, Швеция сыртқы істер министрі Маргарет Аф Углас бастап келді.

Сапар нәтижесінде ұйымның Орталық Азиядағы ықпалы кеңейе түсті. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымына қатысушы елдер мемлекет және үкімет басшыларының жоғары дәрежедегі басқосуларына (1994 жылы Будапештте, 1996 жылы Лиссабонда өткен) Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, Лиссабон саммитінің пленарлық мәжілісіне төрағалық етті. Қазақстан сыртқы істер министрі Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым сыртқы істер министрлер Кеңесінің мәжілісіне (1995 жылы Будапештте, 1997 жылы Копенгагенде, 1998 жылы Ослода) қатысып, онда Еуропадағы қауіпсіздік мәселелері мен Қазақстан ішкі саясатындағы реформалар барысы туралы сөз етілді.

Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымының Венада өткен (1999) Тұрақты кеңесінің мәжілісінде Қазақстан Сыртқы істер министрі баяндама жасады. Қазақстанның Венадағы тұрақты өкілдігі (1995) Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымының түрлі құрылымдарымен тығыз байланыс орнатқан. Алматыда Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымының өкілдігі ашылған. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым Аз ұлттар жөніндегі бас комиссары Макс Ван Дер Стул Қазақстанға өзінің алғашқы сапарын 1994 жылы бастады.

1995 жылы екі рет болып, Қазақстанның барлық аймақтарын аралады. Іс жүзінде елдегі этносаралық қатынастардың қандай дәрежеде екенін көрді. Соның нәтижесінде, Локарнода (Швейцария, 1996) Макс Ван Дер Стулдың ұйымдастыруымен “Қазақстан: ХХI ғасыр табалдырығында біртұтас көпэтносты қоғам орнату” деген тақырыпта дөңгелек үстел; Алматыда “Жаңа тәуелсіздік алған мемлекеттерде этникалық қатынастарды жан-жақты жетілдіру” деген тақырыпта конференция өтті.

Мәжілістің аяқталуына арналған сөзінде Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым Бас комиссары Қазақстан басшылығының елдегі этносаралық келісімді сақтау мен нығайтудағы табыстарын жоғары бағалады. Орталық Азиядағы адам құқығының қорғалуы жөнінде Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым Демократилық институттар мен адам құқығы жөніндегі бюросының (Алматыда, 1994) семинары өтті. 1997 жылдың соңы, 1998 жылдың бас кезінде Алматыға Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым Бас хатшысы Джонкарло Арагон, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның қазіргі төрағасы, Польшаның сыртқы істер министрі Б.Горемек келді. Сапар барысында олар Қазақстан Президентімен, Премьер-Министрмен, Парламенттің палата Төрағаларымен, Қорғаныс және Сыртқы істер министрімен кездесулер өткізді.

Әскери қауіпсіздік — Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның қызметіндегі маңызды сала. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым шеңберінде Еуропадағы әскери күштер туралы келісім 1990 жылы жасалған. Оған Қазақстан 1992 жылы қосылды. Бұл Келісім Атлантикадан Оралға дейінгі ядролық емес құрлықтағы әскер және әуе күштерін халықаралық заңдармен шектеп отыруға арналған. Қазақстан Парламенті мүшелері 1996 жылдан бастап Стокгольмдегі Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым Парламенттік ассамблеясының жұмыстарына араласып, ұйымға қатысушы елдер парламенттерімен тұрақты байланыс орнатқан.

Дереккөздер

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Organization for Security and Co-operation in Europe

Сыртқы сілтемелер

Сурет

Tags:

Еуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы ТарихыЕуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы Мүше мемлекеттерЕуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы ЕҚЫҰ және ҚазақстанЕуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы ДереккөздерЕуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы Сыртқы сілтемелерЕуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық Ұйымы СуретЕуропадағы Қауіпсіздік Және Ынтымақтастық ҰйымыАғылшын тілі

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі оқу-ағарту ісіМәдени өсімдіктерЭлектр тогыСөйлемнің бірыңғай мүшелеріҰйғырларСұлтанәлі Базарбайұлы БалғабайГемоглобинКөмір өнеркәсібіМерезЕуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымыАдам даму индексіКорея РеспубликасыШарын шатқалыПайдалы қазбаларАтаулы сөйлемАвтокөлік шығаратын елдер тізіміБалғынбек ИмашевТатарларРинат Рифхатұлы ЗайытовГүлШерхан Мұртазаұлы МұртазаИзомерияТерроризмШоқан Шыңғысұлы УәлихановШахмет Құсайынұлы ҚұсайыновТұздар (химия)1917 жылғы екі революция кезеңіндегі ҚазақстанФариза ОңғарсыноваКүкірт қышқылыҚазақстанның жеті кереметіТұсаукесерШеңберҚазақстан тарихыБұрыш (геометрия)ГенетикаМитозҚайта құру кезеңіАлгоритмҚазақстан азамат соғысы жылдарындаБәйтерек (мифология)БразилияЭндемикКүнбағысТүркістан облысыЖер сілкіну38-атқыштар дивизиясыОрта ғасырлардағы мәдениет1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілісҚазақстандағы су тасқыны (2024)ЕсімшеКапитализмҚорықтарАцетиленКайнозойБарсакелмес қорығыТірі ағзалардың негізгі қасиеттеріТоғыз-құмалақҚасым-Жомарт Кемелұлы ТоқаевОксидтерФантастикаТеріГалогендерАлматыӨкпеҚазақстандық Кеңес Одағының Батырлары (тізім)ГерманияҚазақтың XX ғасырдағы мәдениетіТабиғатты қорғауҚазақстан индустрияландыру кезеңіндеСаяси партияРеформацияҚояндарИсламдағы жыныстық өмір әдебіКонституцияҚоғамАксонАлғашқы көмекҚаратпа сөз🡆 More