Орал (орыс.
Уральск; 1774 жылға шейін - Яицкий қалашығы) — Батыс Қазақстан облысының орталығы (1932 жылдан), ірі темір жол станциясы, Жайық бойындағы өзен порты, әуе жолдарының торабы. Қала Жайық өзенінің жағасында, Шағанның Жайыққа құяр тұсында орналасқан.
Қала | |||
Орал | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Ел | |||
Статусы | Облыс орталығы | ||
Облысы | Батыс Қазақстан облысы | ||
Әкімі | Миржан Мұнайдарұлы Сатқанов | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары | 51°14′ с. е. 51°22′ ш. б. / 51.233° с. е. 51.367° ш. б. (G) (O) (Я) 51°22′ ш. б. / 51.233° с. е. 51.367° ш. б. (G) (O) (Я) | ||
Құрылған уақыты | 1584 жыл | ||
Қала статусы | 1613 жыл | ||
Жер аумағы | 700 км² | ||
Климаты | қатаң-континенталды | ||
Уақыт белдеуі | UTC+5:00 | ||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны | 253 757 адам (2023) | ||
Ұлттық құрамы | қазақтар 70,57 % | ||
Этнохороним | оралдық оралдықтар | ||
Ресми тілі | қазақ тілі | ||
Сандық идентификаторлары | |||
Телефон коды | +7 7112 | ||
Пошта индекстері | 090000—090013 | ||
Автомобиль коды | L,07 | ||
Орал қаласының әкімдігі (қаз.) | |||
Орал шекарасы | |||
Ортаққордағы санаты: Орал |
Орал қаласының орнында бұдан бірнеше мың жыл бұрын скиф, ғұн, авар, печенег және қыпшақ тайпаларының мекен-тұрақтары болған. Бұл тайпалардың көсемдері мен жауынгерлері жерленген шағын қорымдар мен қорғандар қазір де кездеседі. Орал қаласының жергілікті қазақтар арасында ерте заманнан қазірге дейін “Теке” аталуының себебі, Алтын Орда хандары жанында уағыз тарататын Алшын Хасан сопы (Асан қайғы болуы да мүмкін) Әбдірахман, Әбдіразақ шайқылардың ұйымдық сипат белгісі – тәкие немесе мүридтер және ел кезген дәруіштер аялдайтын кәделі орын (резиденция) тәкие үйлерінің болуына байланысты. Орыстар Жайық бойына 15 ғасырдың аяғы 16 ғасырдың бас кезінде келе бастады. 17 ғасырдың 1-ширегінде Ноғай хандығымен шекарада шағын әскери бекініс-тірек ретінде Жайық қалашығы салынды. Ол 1613 ж. қазіргі Орал қаласының орнына көшірілді. 18 ғасырдың бас кезінде Жайық қалашығында 3 мыңға жуық үй болды. Олар негізінен Старица (Жайықтың бұрынғы арнасы) және Шаған өзендерінің бойына орналасты. Қаланың негізгі тұрғындары – казак-орыстар болған. Олар әлеуметтік жіктелудің нәтижесінде кедейлер (голытба) мен байлар (домовитые) болып бөлінді. Жайық казак-орыстары Е.И. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне (1773 – 1775) қатысты. Жайық қалашығы ІІ Екатеринаның 1775 жылы 15 қаңтардағы жарлығымен «Орал қаласы», ал оның тұрғындары «Орал казактары» болып аталды. Орал қаласының неғұрлым ежелгі бөлігі Михайло-Аргангельск ғибадатханасының оңтүстігінде орналасты. Ғибадатхана – Орал қаласының тарихи ескерткіші (1741 – 51 ж. салынған). Қала бірнеше рет (1739, 1751, 1821, 1879) өртке ұшырады. Сырым Датұлы бастаған (1783 – 1797) халық көтерілісі,Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстары Орал қаласы мен Жайық өңіріне ерекше із қалдырды. 1846 ж. қалаға айрықша құқықтар беріліп, үлкен қалалар санатына қосылды. 1869 ж. Орал облысы құрылып, қала облыс орталығына айналды. Қала тарихында социалды-демократиялық үйірменің құрылуы (1902), 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс (С.Меңдешев, Ә.Әйтиев, т.б.), Кеңес өкіметінің орнауы (1918 ж. 3 қаңтарда), ақ казактарға қарсы Орал қорғанысы (1919 ж., сәуір – шілде, М.Фрунзе), т.б. елеулі оқиғалар болып өтті. 1919 ж. 1-сәуірде Оралда Жұмысшы, шаруа және солдат депутаттары кеңестерінің 1-сайлауы өтті. 1920 ж. Орал губерниясы қалаға айналды. Кеңес өкіметі жылдарында Оралдың экономикасы жедел қарқынмен дамып, республикадағы ірі өнеркәсіп орталықтарының біріне айналды. 1925 ж. Жайық өзені мен Орал – Атырау арасында тұрақты кеме қатынасы және 1923 ж. Орал – Елек темір жолының ашылуы қаланың экономикалық жағдайын жақсартты. Одан кейінгі жылдары (1950 – 1990) Орал қаласында ірі машина жасау және металл өңдеу, құрылыс материалдарын өңдеу, жеңіл және тамақ өндірістері, медициналық препарат зауыттары, т.б. 200-ден астам нысан салынды, көлік жүйелері дамыды.
Қала климаты өткір континенталды: құрғақ әрі ыстық жаз және аз қарлы, желді суық қыс
Орал ауа райы | |||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Көрсеткіш | Қаң | Ақп | Нау | Сәу | Мам | Мау | Шіл | Там | Қыр | Қаз | Қар | Жел | |
Абсолюттық максимум, °C | 6,6 | 5,6 | 21,6 | 30,6 | 37,0 | 40,5 | 41,6 | 40,8 | 38,8 | 28,0 | 17,9 | 8,2 | |
Орташа максимум, °C | −6,8 | −6,5 | 0,2 | 14,3 | 23,0 | 28,1 | 30,0 | 28,2 | 21,4 | 11,8 | 1,5 | −4,5 | |
Орташа температура, °C | −10,6 | −10,8 | −4,3 | 8,4 | 15,9 | 21,0 | 23,0 | 21,1 | 14,8 | 6,9 | −1,9 | −8 | |
Орташа минимум, °C | −14,3 | −15,1 | −8,7 | 2,5 | 8,7 | 13,9 | 15,9 | 13,9 | 8,1 | 2,0 | −5,2 | −11,5 | |
Абсолюттық минимум, °C | −35,9 | −36,6 | −30,3 | −14,3 | −5,9 | 0,6 | 6,5 | 2,3 | −5,3 | −11,4 | −29,2 | −36,7 | |
Жауын-шашын нормасы, мм | 27,1 | 19,5 | 22,9 | 20,5 | 28,2 | 33,5 | 43,6 | 29,5 | 28,6 | 40,3 | 28,7 | 31,0 | |
Дерекнама: Орал ауа райы мен климаты |
Қаланың (қалалық әкімшіліктін аумағы) 2022 жылғы ұлттық құрамы:
Орал қаласы халқының саны
1897 | 1959 | 1970 | 1979 | 1989 | 1991 | 1999 |
---|---|---|---|---|---|---|
36 466 | 103 914 | 134 162 | 167 352 | 199 835 | 214 000 | 195 459 |
2004 | 2005 | 2006 | 2007 | 2008 | 2009 | 2010 | 2011 | 2012 | 2013 | 2014 | 2015 |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
195 811 | 198 137 | 201 970 | 205 277 | 208 814 | 202 161 | 207 109 | 213 107 | 218 136 | 222 808 | 227 368 | 230 775 |
2016 | 2017 | 2018 | 2019 | 2020 | 2021 |
---|---|---|---|---|---|
230775 | 300 128 | 306 549 | 235806 | 234184 | 234155 |
Алғаш рет Орал теміржолмен 1894 жылғы бірікті. Бұл Рязано-Орал темір жолы еді. Орта Азиялық минареттер стильінде жасалған мұнаралар орналасқан вокзал басында қаладан алыс болғаны сонша, Алексей Николаевич Толстой вокзалдан қалаға барар жолды «Телеграф өскен дала» деп атаған. Ұзақ уақыт бойы Орал жолдың соңғы станциясы болып, ортаны сібірмен біріктіріп тұратын, сосын темір жол Соль-Илецкқа шейін созылып, ол Ресейді Сібір және Қазақстан мен біріктіретін болды.
Кеңес одағы кезінде қала әбден өсті. Сонын арқасында станция орталықта тұр десе де болады.
Серіктес қалалар
Бұл қалада әр кездері орыстың белгілі ақын-жазушылары
А.С. Пушкин,
В.А. Жуковский,
В.И. Даль,
В.Г. Короленко,
М.А. Шолохов, т.б. болды.
Сондай-ақ, көрнекті қазақ қаламгерлері
С.Сейфуллин,
Х.Есенжанов,
Т.Жароков,
І.Аманжолов, т.б.
өмірінің біраз кезеңдерін Орал қаласында өткізген.
This article uses material from the Wikipedia Қазақша article Орал, which is released under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 3.0 license ("CC BY-SA 3.0"); additional terms may apply (view authors). Мәлімет CC BY-SA 4.0 лицензиясы аясында қолжетімді (басқа шарттар көрсетілмеген жағдайда). Images, videos and audio are available under their respective licenses.
®Wikipedia is a registered trademark of the Wiki Foundation, Inc. Wiki Қазақша (DUHOCTRUNGQUOC.VN) is an independent company and has no affiliation with Wiki Foundation.