Сан-Марино

Сан-Марино (итал.

12°27′39″ ш. б. / 43.93556° с. е. 12.46083° ш. б. / 43.93556; 12.46083 (G) (O) (Я)
Сан-Марино Мәртебелі Республикасы
итал. Serenissima Repubblica di San Marino
Сан-Марино Сан-Марино
Байрақ Елтаңба
Ұран: «Libertas»
Әнұран: «Inno Nazionale» (тыңдау )
Сан-Марино
Тарихы
Құрылды 3 қыркүйек 301 жыл
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілі Италиян тілі
Елорда Сан-Марино
Ірі қаласы Серравалле
Үкімет түрі Парламенттік республика
Капитан-регенттер Лука Боски
Мариэлла Муларони
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 192-ші орын
61,2 км²
0
Жұрты
• Сарап (2018)
Тығыздығы

33 344 адам (215-ші)
520 адам/км² (23-ші)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2017)
 • Жан басына шаққанда

2,09 млрд. $ (175-ші)
60,651 $ (11-ші)
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2017)
 • Жан басына шаққанда

1,55 млрд. $ (174-ші)
44,947 $ (13-ші)
АДИ (2013) 0,875  (өте жоғары) (26-шы)
Валютасы Еуро
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі .sm
ISO коды SM
ХОК коды SMR
Телефон коды +378 0549
Уақыт белдеулері +1, +2

Италия аумағымен қоршалған. Жер аумағы 61 км². Халқы 519,9 мың адам (2018). Тұрғындары: сан-маринолықтар (80%) мен италиялықтар (18%). Басым көпшілігі католик дінін ұстанады. Астанасы — Сан-Марино қ. Әкімш. жағынан 6 округке бөлінеді. Ресми тілі — италия тілі. Мемлекет билігі әрбір 6 айда капитан-регенттері тағайындалатын 2 депутатқа жүктеледі. Мемл. жоғ. атқарушы органы — бір палаталы Үлкен бас кеңес. Ақша бірлігі — италия лирі. Сан-Марино Титано тауында орналасқан (ең биік нүктесі 749). Климаты субтропиктік жерортатеңіздік. Қаңтардағы орташа температурасы 0 — 12°С, шілдеде 20 — 28°С. Жылдық жауын-шашын мөлш. 800 — 900 мм. Сан-Мариноның негізі 301 ж. қаланды деп саналады. Аңыз бойынша Сан-Мариноны далмац. тас қалаушы Марино қалаған, кейіннен ол “қасиеттілер” қатарына жатқызылған (“сан” деген қосымша осыдан шыққан). 11 — 13 ғ-ларда Сан-Марино аумағы сатып алынған көрші жерлер есебінен кеңейтілді. 1600 ж. конституциясы қабылданды. 1631 ж. Рим папасы ресми түрде мемлекет ретінде мойындады. Біртұтас Италия мемлекеті құрылғаннан (1861) кейін, Сан-Марино онымен достық, көршілік қатынас туралы шарт (1872, 1897 және 1953 ж.) жасасты. Шарт бойынша Сан-Марино Италия протекторатын мойындады. Италияда фашистердің өкімет басына келуіне байланысты (1922) республикада фаш. элементтер жандана бастады. 2-дүниежүз. соғыс кезінде Сан-Марино бейтараптық жариялады. 1944 ж. 4 қыркүйекте Сан-Марино аумағын фаш. неміс әскерлерлері басып алды. 1944 ж. қыркүйектің аяғында оларды ағылшын-америка әскері қуып шықты. 1966 жылдың аяғында елдегі демокр. күштердің қысымымен қазіргі сайлау жүйесі қалыптасты. Сан-Марино экономикасының негізгі саласы туризм ұлттық табыстың 60%-ын береді. Мата тоқу, цемент, қағаз, былғары, металл өңдеу, химия, мебель, керамика кәсіпорындары бар. Экспортқа — вино, сувенир, машина бұйымдарын шығарып, сырттан өндіріс шикізатын, отын ресурстарын алады. Негізгі сауда серіктесі: Италия.

Суреттер

Сан-Марино 
Сан-Марино 
Сан-Марино 

Дереккөздер

Tags:

ИталияИталиян тілі

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

КүнбағысЕскендір (поэма)Оқшау сөздерШоқан Шыңғысұлы УәлихановКонсументтерЖайықӨлсем, орным қара жер, сыз болмай ма?..ШыршаРеформацияЖалғауҚазақстан теңгесіЖер сілкінуФранция Ұлттық кітапханасыЖыныссыз көбеюҰйқы безіТеріЖай механизмКөмір өнеркәсібіКүнделік.кзҒұндарЖалпы ішкі өнімҚазақстан қорықтарының тізіміАлкандарАқмола облысыҚояндарӨмірзая (роман)Ғылыми-техникалық революцияИсламМагниттік материалдарЖапонияБейімбет Жармағамбетұлы МайлинVII — IX ғасырдағы сәулет өнері ескерткіштеріФотоэлектрлік құбылыстарЭкологиялық апатҒаламдық мәселелерҚұрмалас сөйлемХиуаз Қайырқызы ДоспановаЖайылма сөйлемОперациялық жүйелерАстана мектеп оқушыларының сарайыЖоңғар хандығыАзотӘлемдегі ең танымал кітапханаларСаяси мәдениетАдам ағзасындағы химиялық элементтерАлгоритмАшық тұқымдыларМитозХалықаралық еңбектiк миграцияНүкте (тыныс белгісі)Саяси идеологияТеатрШолпан (ғаламшар)ЭкологияСарыарқа (Солтүстік Қазақ жазығы)Ауа ластануыҚазақ батырлар тізіміКөп жасушалы ағзаларҰлы Жібек жолыОғыз мемлекетіМемлекет астаналары тізіміҚазақстандағы көмірТуризмҚазақтарҚазақстан мемлекеттік рәміздеріҚорықтарҚазан төңкерісіӘлеуметтік инфрақұрылымПлагиатСарқылмайтын ресурстарҚозы Көрпеш – Баян СұлуДауысты дыбыстарӘлем елдерінің тізіміТәттімбет ҚазанғапұлыМартин ЛютерТалғат Жақыпбекұлы БигелдиновХалықаралық еңбек бөлінісіРесурстар🡆 More