Саяси Идеология

Саяси идеология - саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі.

Саяси Идеология
Кейбір идеологиялардың жалаулары

"Идеология" деген ұғым гректің идея - бейне және логос - білім деген сөздерінен шыққан. Ғылыми айналымға француз ғалымы А.Дестют де Траси (1754-1836) енгізген. Ол идеологияны идеялар, олардың қалай пайда болатындығы және әрекет ететіндігі жөнінде ғылым деп түсіндірді. Қазір идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады.

Саяси идеология деңгейлері

Саяси идеология деңгейлері - қызмет істеу деңгейлері: теориялық-тұжырымдық, бағдарламалық-саяси және өзектілік.

    Теориялық-тұжырымдық деңгейде нақты тап (ұлт, мемлекет) идеалы мен құндылықтарын немесе саяси даму мақсаттарын ашатын негізгі қағидалар қалыптасады.
    Бағдарламалық-саяси деңгейде әлеуметтік-философиялық принциптер мен идеалдар бағдарламаларға, саяси элитаның нақты ұрандары мен талаптарына айналады. Яғни, басқару шешімдерін қабылдаудың нормативтік негіздерін қалыптастырады.
    Өзектілік деңгей идеология мақсаттары мен принциптерінің азаматтармен игерілуін, оларды өз істерін- де қолдану деңгейін сипаттайды.

Саяси идеология қызметі

Саяси идеология қызметі - қоғам өмірінде идеология маңызды рөл атқарады. Ол ең алдымен оның төмендегідей қызметтерінен білінеді:

    1) идеологияның танымдық рөлі. Ол саяси жүйені, саяси өмірді суреттеп, түсіндіреді;
    2) бағдарламалық қызметі. Ол қоғам, әлеуметтік прогресс, тұлға және билік және т.с.с негізгі түсініктер туралы мағлұматтар беріп, адамның іс- әрекетіне бағыт-бағдар көрсетеді;
    3) жұмылдыру, іске тарту. Қоғамның жоғары, құнды идеяларын алға тартып, мақсат-мүдделерді айқындап, саяси идеология саяси іс-әрекетке тікелей түрткі болып, қоғамды, әлеуметтік топтарды оларды іске асыруға жұмылдырады, рухтандырады, шабыттандырады;
    4) амортизациялық қызметі. Саяси іс-әрекетті түсіндіру тәсілі болып, идеология әлеуметтік шиеленістерді бәсеңдетеді. Ұсынылған мұраттар сәтсіздіктен кейін күш жинап қайта серпілуге шақырады;
    5) бағалау қызметі. Идеология халық санасына қоғамның қазіргі және болашақтағы дамуына өлшемдік баға берерлік жағдай жасайды, үстемдік етіп отырған қоғамдық тәртіпке белгілі бір көзқарас тудырады.

Дереккөздер

Tags:

Саяси сана

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

ПневмонияҚыпшақтарАлтынемел ұлттық паркіРеформацияӨздігінен тозаңдануКөнерген сөздерАсқорыту мүшелеріМезозойII ЕкатеринаШыршаАлматы қорығыҚазақстанның мұнай өнеркәсібіЖІӨ (номинал) бойынша елдер тізіміВаршава келісімі ұйымыБатыс Қазақстан облысыКүш моментіТарих философиясыӨнеркәсіпОрбұлақ шайқасыЭндемикБірінші дүниежүзілік соғысБастауышСарматтарҚазақтардың Дүниежүзілік құрылтайыВолейболАңырақай шайқасыҚазақстан мәдениетіТеатрФариза ОңғарсыноваКүнделік.кзӘлихан Нұрмұхамедұлы БөкейхановМұнайВегетативтік көбеюАбай ҚұнанбайұлыБауыржан МомышұлыЖүйке жүйесіЭлектромагниттік толқындарЖаһандануАсық ойыныБұқар жырау ҚалқаманұлыДін философиясыТерминАқ Орда (мемлекет)Эволюциялық ілімМәшһүр Жүсіп КөпейұлыМинералЭкономикалық қатынасҚозы Көрпеш – Баян СұлуТегеран конференциясыҒылыми-техникалық революцияҚазақ Кеңестік Социалистік РеспубликасыОперациялық жүйелерҚызмет көрсетуҚазақстан қалаларыФотосинтезМақалаЖүктілікАксонҚұрманғазы СағырбайұлыАхмет БайтұрсынұлыӘлия Нұрмұхамедқызы МолдағұловаРайымбек батырТіршілік үшін күресҚожа Ахмет Ясауи кесенесіТыныс алуЯдролық қаруДүниежүзілік сауда ұйымыҚазақстан мемлекеттік рәміздеріСалалас құрмалас сөйлемӨсімдік шаруашылығыҚазақтың ұлттық ою-өрнегіМәтінЗәр шығару жүйесіҚазақстан астанасыАналық жыныс безіМағжан Бекенұлы ЖұмабаевИнтеграция🡆 More