Экономикалық Қатынас

Экономикалық Қатынас, Халықаралық экономикалық қатынастар – әлем елдерінің арасындағы шаруашылық байланыстар жүйесі.

Э. қ-дың аса маңызды нысандары – халықар. сауда, жұмыс күшінің көші-қоны, капитал әкетілімі мен халықар. несие, халықар. валюталық (есеп айырысу) қатынастары, халықар. ғыл.-тех. және өндірістік ынтымақтастық. Бұл нысандар бір-бірімен тығыз байланысты және өзар іс-қимылда болады. Халықар. сауда Э. қ-дың жетекші нысаны болып табылады.

Дүниежүзілік шаруашылықтың негізі халықаралық сауда - дүниежүзіндегі елдердің барлығының сыртқы саудасында қалыптасатын халықаралық тауарлы-қаржылық қатынастар жүйесі. Ол дүниежүзі елдер арасында алғаш XVI - XVIII ғасырларда әлемдік нарықтың пайла болу үдерісінде дами бастады. Халықаралық сауданың дамуы жаңа уақыттағы әлемдік экономикадағы маңызды факторлардың бірі ретінде саналады. Халықаралық сауда термині ХІІ ғасырда қолданылған болатын. Халықаралық экономикалық байланыстар көлемінің 80%-ы сауданың үлесіне келеді. Халықаралық сауданың географиялық таралуы әркелкі. Жалпы айналымның 70%-дан астамы батыстың экономикасы дамыған елдеріне, оның ішінде 50%-ға жуығы Батыс Еуропаның үлесіне тиесілі . Бұл елдер сыртқа бағалы өнімдер шығарады.

Халықаралық сауданы ұйымдастыру үшін Халықаралық сауда ұйымы (ХСҰ) құрылған, оған 140-қа жуық мемлекет кіреді, әлемдік тауар айналымының 9/10-ын қамтамасыз етеді. Қазақстан ХСҰ-ға 2015 жылы мүше болды.

Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердегі өндіруші және өңдеуші өнімдер арасындағы салааралық халықаралық айырбастауды анықтап береді.

Халықаралық экономикалық қатынастың көш бастап тұрған формасы несие-қаржы қатынастары болып табылады. Қазіргі дүниеде халықаралық экономикалық қатынастардың жаһандануы мен аймақтануы өзекті болып тұр. Әлемдік экономикалық тәртіп орнатуда Халықаралық банк және Халықаралық Валюта қоры үлкен рөл атқарады.

Оның негізгі түрлері:

  • Сыртқы сауда;
  • Капитал(.Негізгі капиталдың бір елден екінші елге аусуы);
  • Ғылыми-техникалық байланыс.(ҒТР шарты жаңа техникалық жетістіктерді енгізу,табиғат ресурстарын үнемді пайдалану және т.б);
  • Орнына келтіру жұмыстары(Мемлекеттің соңғы жылдарындағы жасаған маңызды экономикалық байланыстары)
  • Нисие-қаржы қатынастары(Несие мен займ беру арқылы және тура инвестиция негізінде ірі кәсіпорындар мен қызмет көрсету салаларының салынуы);
  • Қызмет көрсету салалары'
  • Халықаралық туризм.'

Tags:

ЖүйеЭкономика

🔥 Trending searches on Wiki Қазақша:

Қазақша жыл санауЖаңа заманКомпьютерлік желіКіші жүзҚан жасушаларыСөйлем мүшелеріНақыл сөздерҚазақстан көлдеріТеріҚазақстан Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы революция кезіндеМұнайҚазақтарСемей полигоныОрталық АзияРевматизмЖарапазанЖасыл балдырларҚазақтың ұлттық тағамдарыЖабайы алма (повесть)Қазыбек биСырым ДатұлыКөзМахатма ГандиАмерикадағы азамат соғысыМонархияКүйікҚыз ЖібекГаметогенезТыныс алу ауруларыАдам өмірінің негізгі кезеңдеріҰлы жүз1920-30 жылдарындағы Қазақстан әдебиеті мен өнеріМахаббат, қызық мол жылдарМемлекеттік шекараОсман империясыСан есімТыныс алу жүйесіЖапонияТәуелсіз Мемлекеттер ДостастығыПайдалы қазбаларҚорықтарҚазақстан экономикасының тарихыШизофренияЖүрекГепатитБала құқықтары туралы конвенцияТемірҚымызТамыр (өсімдік органы)Қасым АманжоловАсық ойыныГормондарМәңгілік бала бейнеӨсімдіктер1930—1933 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылықЖем (өзен)ТұншығуҚан топтарыМақал-мәтелдерКСРО ыдырауыМобильді қосымшаларМодификациялық өзгергіштікАлаш ОрдаТүркілерӘйтеке биМәдени мұраТұмар ханшаТыныс алуМерезАуызашарКәлимәБүйрекЖіктік жалғауҚарағандыЖетіген (аспап)СоқырішекМақалаҚан қысымы🡆 More